Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» баұо ақ филиалы оқо бойынша педагогикалық Қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты диктант мәтіндерінің жинағЫ


Қазақ отбасындағы дәстүрлік тәрбие



бет21/49
Дата17.10.2023
өлшемі263,9 Kb.
#117424
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   49
Байланысты:
Диктанттар жинағы

Қазақ отбасындағы дәстүрлік тәрбие

Адамгершілік – адамның рухани арқауы. Ал моральдік жағынан кіршіксіз таза болу дегеніміз – адамгершіліктің асқар шыңы. Адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиеттерімен ардақталады. Адамгершілік негізі – имандылық пен ізеттілікте. Ол әрбір отбасынан басталады. Осыны жадында тұтқан қазақ халқы жастарды кішіпейілділікке, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет деп санаған. Ер балаларға үлкендерге қос қолдап сәлем беруді, қыз балаларға ибалық жасап жол беруді, жасы үлкендердің алдын кесіп өтпеуді уағыздаған. Жастардың жанына сыпайылық, кішіпейілділік қағидаларын үнемі сіңіруменболған. Жастарды саналы тәртіпке тәрбиелеу мәселесі ерекше маңызға ие. Халық «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер» дейді . Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да, жаманға да бейім болатыны баршамызға аян. Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы мен жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор.
(120 сөз)

8 – СЫНЫП


Ана

...Ананың тілі, ананың махаббаты,ананың тілегі – тіл жетпес бір жатқан теңіз емес пе? Па, шіркін, ананың айналып-толғағаны кімнің есінен кетеді!


Шырылдап жерге түскеннен-ақ, сенің ең бір жақының, ең бір досың, ең бір ұстазың бар. Ол – ана. Қара жерді баспай жатып, есіңді білмей жатып, тырмысып, бауырына жабысатының, шырылдап, уанбай жылап, сенің іздейтінің – ана. Сен жан болып дүниеге келдің. Сенің іздейтінің бірақ жан. Ол – ана. Ол саған бәрінен қымбат. Сен үшін ол жалпақ дүниеден де үлкен. Сондықтан да сен бір-ақ жанды білесің. Ол- ана.
Міне, анаға деген махаббат сенің құндақта жатқан күніңнен басталады. Ананың жолы басқа. Ана деген сөздің өзі ыстық. Ана десе, толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болуға мүмкін емес!
Мен білетін қазақ әйелі, қазақпын дейтін қара көз, қара баланың анасы, сенің жүрегің нәзік, сенің махаббатың балаға тіл жеткісіз биік!
(124 сөз)


Қараша күз белгісі

Қараша күз келді. Солтүстіктен ызғырық жел соғып тұр. Айдын беті қиқулаған құс. Көпті көрген сары тіс аңшы айдындағы құстар тобына аңыра қарап, дүниенің басқа бір қызығын тамашалап кетіп еді. Өзі құс ату саятына көп шықпаса да, қаз үйрекке қаршыға, ителгі салғанды, бөдене мен шүрегейге қырғи салғанды талай тамашалаған.


Міне, бүгін де күн шықпай, шығыстан сәуле көтерілген сайын құстардан тыныштық кете бастады. Олар тағы да ұзақ сапарға тартпақ. Ең алдымен көл бетіндегі аққулар тобы, сапарға шыққан ұшақтардың моторын қыздырғаны сияқты, қанаттарымен көл толқындарын сабалап, бірін-бірі қуып, қанат-топшысын қыздыра бастады. Аққулардың ұшуға әзірлігін сезгендей, қаздар мен үйректер де қиқу сап, ұрандасып, өз тобын жинап жатты. Әсіресе, күздің ең суығын ала келетін қараша қаздар да сапарға әзірленіп, қым-қиғаш қиқу мен қаңқылға басты.
(125 сөз)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет