Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» баұо ақ филиалы оқо бойынша педагогикалық Қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты диктант мәтіндерінің жинағЫ



бет30/49
Дата09.04.2023
өлшемі303,15 Kb.
#80738
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   49
Байланысты:
ДИКТАНТ МӘТІНДЕРІ

Күреңтөбел мен Көкдауыл

Қайсар өзінен басқа туыстары жоқ жалқы жігіт болатын. Жалғыз Күреңтөбел аты бар. Көкдауыл атанған тайыншадай ірі, сұрғылт көк иті бар. Желкесінен басталып иығына дейін созылған сирек қара қылшық Көкдауылдың атақты бір тұқымнан екенін көрсетеді. Қайсарға осы екеуінен басқа анау бір қоңыр сиыры, азғантай қой-ешкілері жараспай тұратын сияқты еді. Күреңтөбел мен Көкдауыл— ауылымыздың аруағы. Кейде біздің ауыл Күреңтөбелдің ауылы деп те атала бастаған. Ауыл әйелдері Күреңтөбелдің алдынан өткен емес.Жаз күндерінде Көкдауыл ыстықтап келіп төрдің алдына сұлай кетсе, оны орнынан ешкім қозғамайтын.


Қыс бойы Көкдауыл жылы үйге тұмсығын сұқпайды. Ауыз қораның бір түкпірінде талдан тоқып, астын тақтайлап, қалың шөп тастаған үйшігі бар, сонда жатады. Таң ала көлеңкеде ауылды айнала шауып жүріп қасқырдың ізін көрсе, иісін сезінсе,Көкдауыл қораға кіре бере бір «ауп!»- деп қалады. Қайсар Күреңтөбелді ерттей бастайды. Ол күні Күреңтөбелдің беліне көлденең түсіп, азу тістері ырсиып, мұрнына жұдырықтай болып қанды көбік қатқан бір қасқыр келе жатады.
Күреңтөбел мен Көкдауылдан қасқыр құтылған емес!
(155сөз)


Кітап

Кітабымен жүрегіңді жылытқан жазушының бәрін де жақсы көресің. Бірақ солардың ішінде өз көңіліңе өте ұнап, өзгелерден ыстық болып танылғандары болады. Оны көрмесең де білетін, танымасаң да танитын сияқтысың. Айта берсе, ол сенің жақын адамың, тіпті туысың тәрізді болып тұрады. Алыстағы ағайынның анда-санда жазар сәлем хатын сағына күтетіндей. Жақсы көретін жазушыңның шығармасын аңсай тосасың. Оның не жазып жатқаны жөнінде газет бетінен екі-үш жол ғана хабар оқысаң, көңіліңе медеу болып қалады.Ал енді ол кітап дүкеніне келіп түскенде, сенің қуанышыңда шек болмайды. Баспахана бояуының исі аңқыған ол кітаптың сыртын үйіңе жеткенше әлденеше рет сипап та қоясың, тезірек отырып оқуға асығасың. Ал оны оқи отырып, жаның рахаттанады,жүрегің оттай лауланады. Өкпеңді толтыра терең-терең тыныс алып, аса бір ләззатты ыстық күй кешесің. Сен ол кезде жазушыңның кім екенін ұмытасың. Сенің көз алдыңда сол кітаптағы оқиға ғана, соның кейіпкерлері ғана тұрады. Жақсы кейіпкер жаныңа қанат бітіріп, сені жақсылыққа, адалдыққа, әділдікке, адамгершілікке талпынтады. Сүйген асыңның бойға қан боп тарап, тіршілігіңе қуат берері тәрізді, сүйікті кітап кейіпкерлері де өмір бойы сенің жадыңда жүреді, жүрегіңе лүпіл, жаныңа жылу береді.


(157 сөз)






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет