Ganglion pterygopalatinum, қанат - таңдай түйіні, пішіні үшбұрышты, вегетативті жүйке жүйесіне жатады. Қанат - таңдай шұңқырында, n.maxillaris - тен төменірек және медиальды орналасқан. Қанат - таңдай түйінінде n.intermedius - тің вегетативті ядросынан сілекей безіне және мұрын мен таңдайдың сілемейлі қабығына дейін жалғасатын парасимпатикалық талшықтар аяқталады.
Қанат - таңдай түйінінің түбіршіктері
Сезімтал түбіршік - жоғарғы жақсүйек жүйкесінің түйінді тармақтары, rr. ganglionares;
Парасимпатикалық түбіршік - үлкен тасты жүйке, n. petrosus major (беттік түбіршік), - бет жүйкесінің тармағы;
Симпатикалық түбіршік - терең тасты жүйек, n. petrosus profundus, - ішкі ұйқы өрімінің тармағы.
N. petrosus major және n. petrosus profundus қанат - таңдай түйініне артқы жағынан келеді. Бұл жүйкелер қанат - таңдай шұңқырына қанат тәрізді өзек арқылы кіреді және мұнда бірігіп, қанат тәрізді өзектің жүйкесін - n. canalis pterygoidei - түзеді.
Қанат-таңдай түйінінің сызбасы
Қызыл жолақ -парасимпатикалық түйін;
Көк жолақ - сезімтал түйін.
1 — gangl trigeminale; 2— n. petrosus major; 3 — petrosus profundus; 4 — gangl. pterygopalatinum; 5 — nn. palatini minores; 6 — rr. nasales; 7 — nn. pterygopalatini; 8 — n. zygomaticus.
Көзұялық тармақтар, rr. оrbitales, барлығы2 - 4 дана, төменгі көзұялық саңылау арқылы көзұяға кіреді, жоғары және артқа қарай бағытталып, сына тәрізді қуыстың және торлы сүйектің артқы торшаларының сілемейлі қабықтарын жүйкелендіруге қатысады.
Жоғарғы артқы мұрын тармақтары, rr. nasales posteriores superiores, барлығы 10 - 15 дана, қанат таңдай шұңқырынан сына тәрізді таңдайлық саңылау арқылы шығады, мұрын қуысына өтіп, топографияға сәйкес атауларға ие болады:
Латеральды жоғарғы артқы мұрын тармақтары, rr. nasales posteriores superiores laterales, жоғарғы және ортаңғы мұрын қалқандарының және аттас мұрын жолдарының артқы бөлімдерінің сілемейлі қабығын жүйкелендіреді.