Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі оңТҮстік қазақстан облысы білім басқармасы



бет2/3
Дата07.01.2022
өлшемі183,5 Kb.
#17709
түріБағдарламасы
1   2   3
Байланысты:
Электртехникалық материалдар

Келісілді:

Әдіскер:
Ибрагимова М. ____________

(аты-жөні) (қолы)


Ф-ПК-03/ 1.3


Жұмыс оқу бағдарламасы

1. Алғы сөз
Осы жұмыс оқу бағдарламасы 0911000 - «Кәсіпорындар мен азаматтық ғимараттардың электрлік және электр механикалық жабдығын техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндеттіорта кәсіптік білім стандартына сәйкес әзірленген.

Осы жұмыс оқу бағдарламасы «Электртехникалық материалдар» пән мазмұнының міндетті минимумына және даярлау деңгейіне қойылатын мемлекеттік талаптарды іске асыруға арналған және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарының жұмыс оқу бағдарламаларын әзірлеуге негіз болып табылады.

Жалпы көлемі – 80 сағат, соның ішінде:


  • теориялық оқу – 64 сағат

  • зертханалық-тәжірибелік оқу – 16 сағат

Осы жұмыс оқу бағдарламасын іске асыру барысында 0911000 «Кәсіпорындар мен азаматтық ғимараттардың электрлік және электр жабдығын техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті орта кәсіптік білім стандартына сәйкесөткізілуі қаралған:

  • сынақ – 1

Сынақ пәнді оқуға бөлінген жалпы бюджеттік уақыт көлемінде, емтихан емтихан уақыт аралық аттестацияға бөлінген мерзімде өткізіледі.

Бөлімдер мен тақырыптар тізімі оқыту үшін міндетті болып табылады және қысқартылып, өзгертілмейді.

Бөлімдер мен тақырыптар тізімін, тақырыпты (бөлімді) меңгеру барысында тереңдету және (немесе) кеңейту өлкелік компоненттерді енгізу есебінде өзгертіледі.

Танымдылық іс-әрекеттерді ұйымдастыру түрлері ұсынушы сипатта болады. Бөлімді меңгеруге бөлінген сағат саны ұсынушы сипатта болып, пән бойынша білім мазмұнының минимумын сақтай отырып өзгертілуі мүмкін.

Осы жұмыс оқу бағдарламасы электртехникалық материалдардың структурасын диэлектриктердің физика-механикалық, химиялық қасиетін және оларды пайдаланудағы беріктілігін, өткізгіштерді, шалаөткізгіштермен магнитті материалдардың құрылымын оқытуды қарастырады. Сонымен қатар кейбір материалдардың теориялық бөлігін толық қамту үшін өздігінше оқып білу керек.

Осы жұмыс оқу бағдарламасы «Электр машиналары мен трансформаторлар», «Кәсіпорындар мен азаматтық ғимараттарды электрмен қамтамасыздандыру», «Электр қондырғыларын монтаждау», «Электр қондырғыларын пайдалану және жөндеу» пәндері бойынша оқушылардың білімділігі, іскерлігін және дағдыларына негізделеді.

«Электртехникалық материалдар» пәнін оқу барысында «Электржабдықтарын пайдалану және жөндеу», «Кәсіпорындар мен азаматтық ғимараттарды электрмен қамтамасыздандыру», «Электр машиналары мен трнасформаторлар», «Электр қондырғыларын монтаждау» пәндерімен байланысын ескеру керек.

Материалды игеру барысында ескеру керек:



  • оқу материалын баяндау кезінде негізігі плакаттар, диапозитивтер, бейнефильмдер және басқа да көрнекі құралдар көрсете және қоса берілуі керек;

  • тәжірибелік-зертханалық сабақтарда басты назарды тәжірибелік дағды алуға аудару керек;

Осы жұмыс оқу бағдарламасын іске асыру барысында дидактикалық және көрнекі құралдарды қолдану ұсынылады: энергетика саласын мамандыру бойынша оқу-әдістемелік бірлестік даярлаған және келісілген плакаттар, ұсыныстар, үлгілер, диапозитивтер, электронды оқулықтар, оқу бейнефильмдер, оқу және оқу-әдістемелік құралдарды.

Осы жұмыс оқу бағдарламасын теориялық, тәжірибелік және зертханалық сабақтар өткізуді, электр оқшауларды қолдануды, өткізгіш материалдарды және олардың диэлектрлік беріктігін таңдап және қолданудың әдістерін қарастырады.

Ф-ПК-03/ 1.4



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет