Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі оңТҮстік қазақстан облысы білім басқармасы



бет3/3
Дата07.01.2022
өлшемі183,5 Kb.
#17709
түріБағдарламасы
1   2   3
Байланысты:
Электртехникалық материалдар

2. Тақырыптық жоспар


Р/с

Тараулар мен тақырыптардың атауы

Барлық сағат саны

Оның ішінде

Теориялық

сабақтар


Практикалық сабақтар

1

Металдардың құрылымы мен қасиеті










1.1

Кіріспе. Электртехникалық материалдар, жіктелуі, қолданылуы

2

2




1.2

Қара және түсті металдар және олардың ішкі құрылымы

2

2




1.3

Металл байланыстарының түрлері

2

2




1.4

Кристалды бұйымдар және кристалды материалдар

2

2




1.5

Металдардың қасиеттерімен танысу

2




2




Бөлім бойынша барлығы:

10

8

2

2

Өткізгіш материалдар










2.1

Өткізгіштердің сипаттамасы. Газ, сұйық, қатты өткізгіштер

2

2




2.2

Өткізгіштердің қасиеттері

2

2




2.3

Жоғарғы өткізгіш материалдар. Мыс және алюмин, оның қорытпалары

2

2




2.4

Темір, болат және оның қорытпалары

2

2




2.5

Криоөткізгіштер. Резистивтік материалдар

2

2




2.6

Жоғарғы кедергілі материалдар

2

2




2.7

Жылжымалы түйіспелерге арналған, баяу балқитын материалдар

2

2




2.8

Қымбат бағалы металдар, қасиеті мен қолданылуы

2

2




2.9

Өткізгіш материалдардың түрлерімен танысу

2




2

2.10

Припойлар, контактолдар, флюстер, пасталар маркалануы мен қолданылуы

2

2




2.11

Сымдар және кабельдер, құрылымы мен қолданылуы

2

2




2.12

Сымдар мен кабелдердің түрлерімен танысу

2




2




Бөлім бойынша барлығы:

24

20

4

3

Диэлектрлік материалдар










3.1

Диэлектриктердегі физикалық құбылыстар және олардың сипаттамалары

2

2




3.2

Диэлектриктердің қасиеті

2

2




3.3

Электр оқшауламалық пластмассалар

2

2




3.4

Эмальдар, лактар және компаундар

2

2




3.5

Талшықты және пленкалы материалдар

2

2




3.6

Лакты маталар, таспалар және лактанған түтікшелер

2

2




3.7

Каучук негізіндегі электрлік оқшаулау материалдары

2

2




3.8

Электрлік оқшаулау заттардың түрлерімен танысу

2




2

3.9

Органикалық емес диэлектриктер

2

2




3.10

Электрорадиокерамикалық материалдар

2

2




3.11

Электрокерамикалық материалдар

2

2




3.12

Минералды диэлектриктер. Электрлік өткізгіштік және қатты диэлектриктердің тесігі

2

2




3.13

Қыздыруға төзімді жоғары полимерлі диэлектриктермен танысу

2




2




Бөлім бойынша барлығы:

26

22

4

4

Шала өткізгіш материалдар










4.1

Шала өткізгішті материалдарға қысқаша түсінік

2

2




4.2

Шала өткізгіштердің классификация және белгілену жүйесі

2




2

4.3

Шалаөткізгіштердің негізгі қасиеттері мен жіктелуі

2

2




4.4

Қарапайым шала өткізгіштер. Кремний , германий

2

2




4.5

Күрделі және жай шала өткізгішті материалдар

2

2




4.6

Шала өткізгіш материалдар мен радиоэлементтерді зерттеу

2




2




Бөлім бойынша барлығы:

12

8

4

5

Магнитті материалдар










5.1

Магнитті материалдар туралы жалпы мәлімет

2

2




5.2

Магнитті жұмсақ материалдар

2

2




5.3

Магнитті материалдардың қасиетін зерттеу

2




2

5.4

Магнитті қатты және арнайы магнитті заттар

2

2







Бөлім бойынша барлығы:

8

6

2




Жалпы сағат саны:

80

64

16

Ф-ПК-ОЗ/1.5



3. Мазмұны
I-Бөлім. Металдардың құрылымы мен қасиеті
Тақырып 1.1 Кіріспе. Электртехникалық материалдар, жіктелуі,

қолданылуы


Электртехникалық материалдар пәнінің негізгі мақсаты, міндеттері, құрылымы. Материалдарды өңдеудің даму болашағы. Электртехникалық материалдардың жіктелуі, қолданылуы. Электртехникалық материалдардың жаңа түрлерінің өндірілуі және олардың қолданылымы.
Тақырып 1.2 Қара және түсті металдар және олардың ішкі құрылымы
Металдардың түрлері. Қара металдар. Түсті металдар. Қара және түсті металдардың түрлері, олардың ішкі құрылымы. Қара және түсті металдардың табиғатта таралуы мен қолданылуы. Даму бағыттары. Металдардың негізгі тұтынушылары. Қара және түсті металдардың маңыздылығы, қасиеттері, құрылысы, оларды сынау әдістері. Металдардың қорытпалары.

Тақырып 1.3 Металл байланыстарының түрлері
Металл байланыстарының түрлері. Ковалентті байланыс. Ионды байланыс. Металды байланыс. Молекулярлы байланыс. Металл қорытпалары. Қорытпа компаненті. Кристалды тор туралы жалпы мәлімет.
Тақырып 1.4 Кристалды бұйымдар және кристалды материалдар
Кристалды бұйымдар. Кристалды материалдар. Монокристалды және поликристалды материалдар. Аморфты және аморфты-кристалды бұйымдар. Кристалдардың құрылымы. Металдардың және қорытпалардың кристалдануы. Түйіршіктер туралы түсінік. Модификаторлар түсінігі.

Тақырып 1.5 Тәжірибелік сабақ
Металдардың қасиеттерімен танысу


ІІ-Бөлім. Өткізгіш материалдар


Тақырып 2.1 Өткізгіштердің сипаттамасы. Газ, сұйық, қатты

өткізгіштер

Өткізгіш материалдар туралы жалпы мәлімет. Өткізгіштердің сипаттамасы мен жіктелуі. Өткізгіш материалдардың түрлері. Газ түріндегі, сұйық және қатты өткізгіштер. Өткізгіш материалдардың қолданылу саласы. Өткізгіштердегі физикалық процестер.

Тақырып 2.2 Өткізгіштердің қасиеттері
Өткізгіштердің қасиеттері. Жылу өткізгіштігі. Өткізгіштердің механикалық қасиеті. Өткізгіштердің серпінділігі, тұтқырлығы, иімділігі. Температуралық коэффициенті, морттылығы, мықтылығы, физика-химиялық қасиеті.

Тақырып 2.3 Жоғарғы өткізгіш материалдар. Мыс және алюмин, оның

қорытпалары


Жоғарғы өткізгіштігі бар материалдар. Жоғарғы өткізгіш материалдарға қойылатын жалпы талаптар. Жоғарғы өткізгіш материалдардың түрлері. Мыс және оның қорытпалары, қасиеті, қолданылуы. Алюминий және оның қорытпалары, қасиеті, қолданылу аясы. Табиғатта таралуы. Өткізгіш мыс. Қола және оның қасиеті, қолданылуы. Алюминийді алу, деформацияланған алюминий қорытпалары.

Тақырып 2.4 Темір, болат және оның қорытпалары
Темір және оның қорытпалары. Қасиеттері мен қолданылуы. Табиғатта таралуы. Қолданысқа енуі. Қорытпалар теориясының қысқаша мәліметтері. Темір көміртекті қорытпалар. Темір қорытпаларының түрлері. Болаттар және оның қорытпалары. Көміртекті болаттар. Қоспалы болаттар. Құралдық болаттар. Арнайы құрылымдық, ерекше физикалық қасиеттері бар қорытпалар және болаттар. Шойындар. Болат және шойын өндірісі туралы мәліметтер. Арнайы қасиеттері бар шойындар. Шойынның түрлері.

Тақырып 2.5 Криоөткізгіштер. Резистивтік материалдар
Өте жоғары өткізгіштер туралы жалпы мәлімет. Криоөткізгіштерге жалпы сипаттама. Өткізгіштер және олардың өткізгіштігі. Жұмсақ және қатты өткізгіштер, олардың технологиялық қасиеттері, қолданылуы. Криоөткізгіштер және олардың қолданылуы.
Тақырып 2.6 Жоғарғы кедергілі материалдар
Жоғары электр кедергісі бар материалдар. Резистивтік материалдар. Манганин және оның қасиеті, қолданылуы. Константан және оның қасиеті, қолданылу аясы. Техникада қолданылуы. Табиғатта таралуы. Жалпы құрылымдары.

Тақырып 2.7 Жылжымалы түйіспелерге арналған, баяу балқитын

материалдар


Жылжымалы түйіспелерге арналған материалдар туралы жалпы мәлімет және олардың түрлері мен қолданылуы. Серіппелі, электртехникалық көмірлі материалдар. Ажыратқыш түйіспелерге арналған материалдар: әлсіз токтар, күшті токтар түйіспелері. Ыстыққа төзімді, баяу балқитын материалдар. Жылжымалы түйіспелерге, ыстыққа төзімді, баяу балқитын материалдардың түрлері. Нихром, фехраль, хромаль, термопараларға арналған материалдар. Олардың таралуы, қолданылуы. Пленкалы резистивтік, металпленкалы және металоксидті материалдар, қасиеттері және оларға қойылатын талаптар.

Тақырып 2.8 Қымбат бағалы металдар, қасиеті мен қолданылуы
Қымбат бағылы металдар. Қасиеттері мен қолданылуы. Табиғатта кездесуі, таралуы. Вольфрам және оның қасиеті мен қолданылуы. Молибден және оның қасиеті мен қолданылуы. Тантан, титан, платина, полладий, олардың қасиеті және қолдану аймағы. Алтын, күміс және олардың қасиеті, қолданылуы, табиғатта таралуы.
Тақырып 2.9 Тәжірибелік сабақ

Өткізгіш материалдардың түрлерімен танысу


Тақырып 2.10 Припойлар, контактолдар, флюстер, пасталар

маркалануы мен қолданылуы


Припойлар, контактолдар. Жұмсақ және қатты припойлар, контактолдар, флюстер, пасталар, желімдер, олардың маркалануы мен қолданылуы. Дәнекерлеу және олардың түрлері. Дәнекерлеудің белгіленуі. Желімдер және желімдеуші құрамдар, қасиеттері, сипаттамалары.
Тақырып 2.11 Сымдар және кабельдер, құрылымы мен қолданылуы

Сымдар мен кабель өткізгіш желілері. Өткізгіш бұйымдар. Орамды сымдар. Монтажды сымдар және кабельдер. Бекітіп тұруға арналған сымдар. Құрастырымдық, қондырғылық сымдар мен баулар. Кабельдер құрылымы, маркалары, қолданылуы.



Тақырып 2.12 Тәжірибелік сабақ
Сымдар мен кабелдердің түрлерімен танысу

ІІІ-Бөлім. Диэлектрлік материалдар
Тақырып 3.1 Диэлектриктердегі физикалық құбылыстар және олардың

сипаттамалары


Диэлектрик туралы жалпы мәлімет. Диэлектрлерге жататын материалдар. Диэлектрлік материалдардың түрлері, қолданылуы мен жасалуы. Диэлектриктердегі болатын әртүрлі құбылыстар, физикалық құбылыстар және олардың сипаттамаларымен классификациясы.
Тақырып 3.2 Диэлектриктердің қасиеті
Диэлектрлік материалдарға жалпы сипаттама. Диэлектрлік материалдарда болатын процестер. Диэлектриктердің қасиеттері. Механикалық қасиеттері. Электрлік қасиеттері. Жылулық қасиеттері. Физика-химиялық қасиеттері. Сұйық, қатты және газ түріндегі диэлектриктер және олардың қасиеттері.
Тақырып 3.3 Электр оқшауламалық пластмассалар
Пластмассалар туралы жалпы мағлұмат. Пластмассалар түрлері. Электр оқшауламалық пластмассалар. Қолданылуы мен қасиеттері. Ішкі құрылыстары. Пластмассалар және қатпарлы пластиктер, полимерлер мен реактивтің негізінде жасалған пластмассалар, фольгаланған материалдар. Қолданылу аймақтары.
Тақырып 3.4 Эмальдар, лактар және компаундтар
Эмальдар туралы түсінік және оның түрлері мен қолданылуы. Эмальдардың таңбалануы. Лактар және оның түрлері мен қолданылуы. Салқын және ыстық кептірілгіш лактар, сіңдіріп кептіруші лактар, жапқыш лактар, майлы лактар. Лакты сырлар. Компаундтар және олардың қолданылу аясы мен қасиеттері. Компаундтардың түрлері. Сұйық, қатты, термопластикалық және термореактивтік компаундтар.
Тақырып 3.5 Талшықты және пленкалы материалдар
Талшықты материалдарға жалпы түсініктеме. Талшықты материалдардың таралуы. Қолданысқа енуі. Талшықты материалдарға жататын заттар. Пленкалы материалдар және олардың түрлері мен қолданылу аясы, қасиеттері. Полярлы және полярлы емес пленкалар.
Тақырып 3.6 Лакты маталар, таспалар және лактанған түтікшелер

Синтетикалық талшықтар. Диэлектрик негізінде қолданылатын лакты маталар. Таспалар және олардың түрлері, қолданылу орны. Таспалардың жасалуы. Лактанған түтікшелер және олардың қолданылуы.


Тақырып 3.7 Каучук негізіндегі электрлік оқшаулау материалдары
Каучуктер туралы жалпы түсінік. Каучуктің түрлері мен қолданылуы. Каучуктердің таралуы. Диэлектрик ретінде қолданылуы. Каучук негізіндегі электрлік оқшаулау материалдары. Табиғи және жасанды каучуктер. Бутадиенді каучуктер. Диэлектрлік резеңкелер. Каучук негізіндегі пластмассалар. Эбонит, эскапон, асбодин.
Тақырып 3.8 Тәжірибелік сабақ
Электрлік оқшаулау заттардың түрлерімен танысу
Тақырып 3.9 Органикалық емес диэлектриктер
Органикалық емес диэлектрлік материалдар туралы жалпы мәлімет. Қатты органикалық емес диэлектриктер. Шыны және олардың қолданылуы. Ситталдар және олардың қасиеттері мен қолданылуы. Шынылардың түрлері. Электровакумдық, оқшауламалық, шынылық эмаль. Шыныталшықтық және олардың қасиеттері мен қолданылуы.
Тақырып 3.10 Электрорадиокерамикалық материалдар
Электрорадиокерамикалық материалдар туралы жалпы түсінік. Электрорадиокерамикалық материалдардың сипаттамасы, негізгі қасиеттері мен қолданылыс аясы. Керамикалық материалдардың таралуы. Материалдардың түрлері. Электрорадиокерамикалық материалдардың жасалуы. Қолданылу аймақтары. Электрорадиокерамикалық материалдармен жұмыс жасағандағы қауіпсіздік ережелері.
Тақырып 3.11 Электрокерамикалық материалдар
Электрокерамикалық материалдар туралы жалпы жалпы мағлұмат. Сипаттамасы және олардың негізгі қасиеттері мен қолданылуы, таралуы, негізгі түрлері. Керамикалық заттардың жасалуы. Электркерамикалық материалдардың түрлері. Активті керамика және олардың сипаттамасы мен қасиеті. Конденсаторлы-сегнетті керамика және олардың қолданылуы. Сызықтық емес керамика. Терморезистивті, бекітпелі төменгі жиілікті және жоғары жиілікті керамика.
Тақырып 3.12 Минералды диэлектриктер. Электрлік өткізгіштік және

қатты диэлектриктердің тесігі

Минералды диэлектриктер туралы негізгі түсінік. Минералды диэлектриктерге жататын заттар. Минералды диэлектриктердің негізгі түрлері. Электрлік өткізгіштік туралы жалпы мәлімет. Қатты диэлектриктер. Қатты диэлектриктерде болатын процестер. Қатты диэлектриктердің қоспасы мен басқа заттармен араласуы. Минералды, электрлік, қатты диэлектриктердің қасиеттері. Қатты диэлектриктердің тесігі. Электронды көшкін. Жылулық процесс туралы мәлімет.
Тақырып 3.13 Тәжірибелік сабақ
Қыздыруға төзімді жоғары полимерлі диэлектриктермен танысу


IV-Бөлім Шала өткізгіш материалдар



Тақырып 4.1 Шала өткізгішті материалдарға қысқаша түсінік
Шала өткізгіш материалдар туралы жалпы мағлұмат. Шала өткізгіш материалдардың негізгі қасиеттері мен қолданылуы. Жай және күрделі шала өткізгіштер. Шала өткізгіштердің қоспалары. Акцепторлық және донорлық шала өткізгіштер туралы мәлімет. Қоспалық электр өткізгіштік. Тесіктік шала өткізгіш. Электрондық тесіктік өту. Тензодатчиктер және олардың қолданылуы.
Тақырып 4.2 Тәжірибелік сабақ
Шала өткізгіштердің классификация және белгілену жүйесі
Тақырып 4.3 Шалаөткізгіштердің негізгі қасиеттері мен жіктелуі
Шала өткізгіштердің қасиеттеріне жалпы мәлімет. Негізгі қасиеттері. Шала өткізігіштерді түрлерге бөлу және олардың қасиеттері. Жылыулық қасиеттері. Абсалютті нөлдік температурасы. Симметриялық вольт-амперлік қасиеттері. Шала өткізгіштердің жіктелуі. p-n өту қабаты.

Тақырып 4.4 Қарапайым шала өткізгіштер. Кремний , германий
Шала өткізгіш материалдарды түрлерге жіктеу. Қарапайым шала өткізгіш материалдар туралы жалпы мәлімет. Қарапайым шала өткізгіш материалдардың негізгі сипаттамасы. Және олардың негізгі қасиеттері мен қолданылуы. Негізгі қарапайым шала өткізгіш материалдардың құрылымдары. Германий, кремний шала өткізгіштері. Селен және кремний карбиді және олардың құрылымы мен қолданылуы.
Тақырып 4.5 Күрделі және жай шала өткізгішті материалдар
Жалпы мәлімет. Шала өткізгіштердің негізгі түрлері. Жай және күрделі шала өткізгіш материалдар және олардың сипаттамасы. Меншікті және қоспалы шала өткізгіштердің электрлік өткізгіштігі. Қоспалы шала өткізгіштердің түрлері. Күрделі және жай шала өткізгіштерге сыртқы факторлардың әсері. Күрделі шала өткізгіштер: кремний карбиді, галий арсиді және т.б. Құрылымы мен қасиеттері.
Тақырып 4.6 Зертханалық сабақ
Шала өткізгіш материалдар мен радиоэлементтерді зерттеу


V-Бөлім. Магнитті материалдар


Тақырып 5.1 Магнитті материалдар туралы жалпы мәлімет
Магнитке жалпы түсініктеме. Магнитті материалдар жөнінде жалпы мәлімет. Магнитті материалдардың жіктелуі мен негізгі түрлері. Магнитті материалдардың қолданысқа енуі, таралуы. Магнитті материалдардың электр өткізгіштігі. Негізгі қасиеттері. Әлсіз магнитті бұйымдар. Магниттелу процесі. Магниттің құрылымы. Магниттің қасиеттері.
Тақырып 5.2 Магнитті жұмсақ материалдар
Жұмсақ магнитті материалдар. Қолданылатын саласы. Жұмсақ магнитті материалдардың сипаттамасы және құрылымы, қасиеті. Жұмсақ магнитті материалдарға қойылатын негізгі талаптар. Төменгі жиілікті магниттік өріс және жоғарғы жиілікті өріске айналған жұмсақ магнитті материалдар. Электротехникалық болаттар және олардың магнит ретінде қолданылуы. Темір және олардың қорытпалары.
Тақырып 5.3 Зертханалық сабақ
Магнитті материалдардың қасиетін зерттеу
Тақырып 5.4 Магнитті қатты және арнайы магнитті заттар
Магнитті материалдардың түрлері: қатты материалдар. Магнитті қатты және арнайы магнитті материалдар және олардың сипаттамасы. Негізгі қасиеттері, құрылымы, қолданылуы. Магнитті қатты диэлектриктер. Негізгі талаптары. Ұнтақты магнитті қатты материалдар. Ферриттер және олардың қолданылуы. Жоғары жиілікті ферриттер. Магнитті қатты және арнайы магнитті материалдарға қойылатын негізгі талаптар.
Ф-ПК-ОЗ/1.6
4. Оқу-әдістемелік кешенімен қамтамасыз ету
4.1 Рефераттар, баяндамалар

1. Электртехникалық материалдарға жалпы мәлімет.

2. Өткізгіштер және олардың түрлері.

3. Қымбат бағалы металдар: алтын, күміс.

4. Қорытпалардың негізгі түрлері.

5. Түсті металдар.

6. Диэлектрлік материалдар.
4.2 Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

А) Негізгі әдебиеттер:

1. Ю.Клюжев, С.Әубәкірова. «Материалтану». Фолиант. Астана. 2010

2. Ю.Козлов. «Материалтану». Жоғарғы мектеп. М. 1983

3. Н.Никулин. «Электртехникалық материалтану». Жоғарғы мектеп. М. 1984
Б) Қосымша әдебиеттер:

1. Б.Тареева, В.Посынкова. «Электртехникалық материалдардың көмекші

құралы». Энерготолиздит. Л. 1988

2. Н.Васильев. «Электртехникалық материалдардың тәжірибелік

жұмыстары». Жоғарғы мектеп. М. 1981
4.3. Көрнекі құралдар және ОТҚ (оқытудың техникалық қуралдары)

1. Бақылау тест сұрақтары

2. Жеке тапсырма карточкалары

3. Компьютер слайдтары

4. Оқу плакаттары, суреттер
4.4 Емтихан сұрактарының тізімі (мемлекеттік емтихан)

1.


2.

3.
4.5 Тест тапсырмалары

1.

2.


3.

Ф-ПК-03/1.7


5. 2012 - 2013 оқу жылы бағдарламасына толықтырылуы мен өзгерістері
Жұмыс оқу бағдарламасына өзгерістер енгізілген жоқ
Хаттама №1 "5" қыркүйек 2012 ж
Пәндік комиссия төрағасы Асқарова Ш.Ж. ______________

(аты-жөні) (қолы)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет