Қозғалыс кезінде бөлу және қосу арқылы бір колоннадан
2-4-8 колоннаға тұрғызу (7 сур.).
Командалар:
1)
«Ортадан – бас!».
2)
Залдың қарсы шетіне жақындағанда «Сол жаққа, оң жаққа бір
колоннамен – бас!» (7 а сур.). Осы сап құру әрекеті бөлшектеу деп аталады.
3)
Келесі команда(қосу үшін) «Ортадан екі колоннамен - бас!» (7 б сур.)
4)
«Бөлшектеу» - «Сол жаққа, оң жаққа екі колоннамен - бас!» (7 в сур.)
5)
«Қосу» - «Ортадан төрт колоннамен – бас!» (7 г сур.).
Кері сап құру – ажырату және жинақтау (8 сур.)
Мысалы, төрт колоннадан бір колоннаға тұрғызу келесі командалар
бойынша орындалады:
1) «Сол жаққа, оң жаққа екі колоннамен – бас!» - «ажырату»
(8 а сур.).
2) Залдың арғы беттегі ортасында, колонналар кездесу кезінде –
«Ортадан екі колоннамен – бас!» - «жинақтау» (8 б сур.).
3) Келесі «ажырату» (8 в сур.) «Сол жаққа, оң жаққа бір колоннамен –
бас!» команда бойынша орындалады.
4) Колонналар кездесу кезінде – «жинақтау» (8 г сур.) – «Ортадан бір
колоннамен – бас!».
31
3.2.3 Жылжулар
Осы топқа саптың әр түрлі жылжулармен байланысты жаттығулар
жатады. Барлық саптық қимыл қозғалыстар сол аяқтан, ал би қозғалыстар
оң аяқтан басталады.Саптағы жылжулар қадам басып немесе жүгіріп
орындалу мүмкін. Ол үшін «Қадам – бас!» немесе «Жү – гір!»деген
командалар беріледі. Орындау командасы сол аяққа беріледі. Қозғалыс
жылдамдығын өзгерту үшін «Қысқа – қадам!», «Кең – қадам!», «Сирек –
қадам!», «Жиі – қадам!» деген командалар беріледі. Қозғалысты тоқтату
үшін «Сынып – тоқта!» деген команда беріледі. Жүру кезінде саптық
қадам және жорық қадам қолданылады.
1)
Саптық қадам – аяқты 15-20 см. биіктікке көтеріп, табанды
көлденен ұстап және қадам басу кезінде аяқты нық, барлық табанды басып
қоюды керек қылатын қадам; қолдың қозғалыстары алдына (шынтақта
бүгіп алақанды кеуде деңгейіне көтеру) және артқа (тік қолды иық
буынның шегіне дейін апару) орындалады; саусақтар сәл қысып ұстау.
Команда: «Саптық қадаммен – бас!».
Саптық қадамды бөлек элементтерге бөлшектеп үйрету орынды.
Жаттығулардың келесі жүйелілігі ұсынылады:
1) Бір орында тұрып қолдың қозғалыстарын орындау.
2) Орында қадам басып, қолдың қозғалыстарын меңгеріп алу.
3) Баяу қарғындықпен жүру барысында саптық қадамды меңгеріп алу.
2)
Жорық (кәдімгі) қадам саптық қадамға қарағанда қозғалыстың
үлкенірек еркіндікпен айырылады. Сабақ барысында мұғалім жорық
қадаммен жүрістің әртүрлі тәсілдерін қолдануға мүмкін – аяқ үшінде,
өкшеде, жүрелеп отырып, ұмтылып, аяқты артқа бүгіп және т.б.
Жүрістің тәсілін өзгерту немесе жаттығуды орындау үшін келесі
командалар беріледі:
1) «Аяқ үшінде - бас!».
2) «Тапсырмамен – бас!».
Орындау командасы сол аяққа беріледі, содан кейін оң аяқпен қадам
басып, келесі қадамнан (сол аяқтан) жана жаттығудың орындалуы
32
басталады. Жаттығудың орындауын тоқтату үшін келесі командалар
беріледі:
1) «Тапсырмасыз – бас!»
2) «Жаттығуды аяқта!»
Сонымен қатар, жылжу кезінде келесі командалар пайдаланады:
Бір орында тұрып қозғалу кезінде «Орында қадам – бас!» деген
команда беріледі.
Қозғалысты тоқтату. Командалар:
«Топ(сынып) – тоқта!», «Бір, екі!». Команда сол аяқты басып қоюмен
беріледі, содан кейін оң аяқты басып, сол аяқты қосып қояды. Осы
команда бойынша қандай болса да жылжуды тоқтатуға мүмкін.
Сапты белгіленген арақашықтыққа (әдеттегі – бір қадам, екі және
т.б.) жинақтау(жылжытуды тоқтату) үшін келесі командалар беріледі:
1) «Бастаушы (бағыттаушы), орында!». Осы команда бойынша
бастаушы бір орында қадам басып тұрады және де қалған шұғылданушылар
белгіленген арақашықтыққа жақындап бір орында қадам басып тұрады.
2) «Сынып(топ) – тоқта!», «Бір, екі!»
Бір орындағы қадамдаудан қозғалысқа көшу.Командалар:
1)
«Тұра!»(сол аяққа беріледі) – оң аяқпен орында тұрып қадам басу,
ал сол аяқтан қозғалысты бастау.
2)
«Екі(үш, төрт, бес және т.б.) қадам алға(оңға, солға, артқа) – бас!»
Қозғалыстың қарқындығын және қадам ұзындығын өзгерту үшін
келесі командалар беріледі:
«ҚЫСҚА – ҚАДАМ!»;
«КЕҢ – ҚАДАМ!»;
«ЖИІ – ҚАДАМ!»;
«СИРЕК – ҚАДАМ!» (команда сол аяққа бір есептен кейін беріледі).
Жүгіріп жылжу. Команда: «Жү - гір!». Музыкамен қоса жүрістен
жүгіріске көшу кезінде орындау команда сол аяққа берледі, содан кейін
шұғылданушылар оң аяқпен қадам басып, сол аяқтан жүгірісті бастайды.
Жылжу кезіндегі бұрылыстар бір жерде тұрып орындалатын
бұрылыстар кезінде берілетін ұқсас командалар бойынша орындалады.
Мысалы, жылжуы кезінде сол жаққа бұрылу үшін «Сол..» деген
алғашқы команда беріледі, ал сосын залдың керек жерінде сол аяққа «..ға!»
деген команда. Шұғылданушылар қозғалысты жалғастыра оң аяқпен бір
қадам басады, осы аяқта(үшінде) сол жаққа бұрылып сол аяқтан осы
бағытта жүре бастайды. Кері бұрылу үшін алғашқы команда «Кері..»
еркінше беріледі, ал орындау команда «...бұрыл!» оң аяққа беріледі.
Жылжу бағытын өзгерту
Айналым жолмен жылжу (9 а сур.). Команда «Сол(оң) жаққа
айналым жолмен қадам - бас!». Команда жылжу кезінде берілсе, оңда
«қадам» деген сөз айтылмайды, ал орындау командасы «бас!» залдың
бұрышында беріледі.
33
Қиғаш бойынша жылжу (9 б сур.). Команда «Қиғаш (диагональ)
бойынша – бас!». Орындау команда залдың бір бұрышында беріледі.
Қарама қарсы жүріс (9 в сур.) – бастаушысының артынан қарсы
бағытпен жылжу. Қиғаш және тік бағдар бойынша орындалуы мүмкін.
Команда «Қарама қарсы солға(оңға) – бас!».
Жылан түрінде жүріс (9 г сур.).Осы команда беру алдында қарама
қарсы жүріске көшіру керек. Командалар:
1)
«Қарама қарсы солға(оңға) – бас!». 2) «Жылан түрінде – бас!»
«Жыланнан» шығуы мұғалімнің «Сол(оң) жаққа айналым жолмен
қадам - бас!» командасы бойынша орындалады.
Ирек (зигзаг) (10 а, б сур.). Саптың сынық сызық бойынша жүрісі.
Бұрылыс жасау нысаны мұғалімнің орналасу орынмен және оның
командалармен белгіленеді. Ирек көлденен және бойлық бағыттар
бойынша, үлкен, орташа және кіші мөлшерінде орындалу мүмкін.
Шеңбер бойынша жүріс (10 в сур.). Команда: «Шеңбер бойынша –
бас!», Шеңбер үлкен, орташа және кіші болуы мүмкін. Үлкен (залдың
кесе-көлденең ені), орташа (оның жартысы), кіші (оның төртін бірі).
Ілмек. Қандай болса да бағыт бойынша қарама қарсы саптан кете
(ашық) немесе сап арқылы өтумен(жабық) аяқталатын қозғалыс. Команда -
«Солға ашық ілмекпен – бас!». Ілмек көлденең және бойлық бағыттар
бойынша, үлкен, орташа және кіші мөлшерде орындалуы мүмкін.
34
3.2.4 Сапты жинақтау және жазу
Жазылу – ол саптың аралығын немесе арақашықтығын үлкейту
әдістері.
Жинақталу – ол алшақ тұрған(жазылған) сапты тығыздау әдістері.
Жарлық бойынша жазылу. Мысалы:
1) «Бір-бірнен екі қадам аралығында тұрыңдар»;
2) «Қолды көтеріп жазыл»;
3) «Оң жаққа екі қадамға жазыл»;
4) «Шахматтық ретінде бір бірнен екі қадамда тұр».
Жеңілдетілген жазылу.
Мысалы, «Ортадан (солға, оңға және т.б.) жан жаққа созылған
қолдың ұзындығына жа – зыл!»
Қатарлық саптағы жазылу. Команда – « Оңға (солға, ортадан)
екі(үш, және т.б.) қадамға жа – зыл!».
Командада қадам саны белгіленбесе, онда жазылу бір қадамға
орындалады. Шұғылданушылардың әрекеттері: жазылу басталатын адамнан
басқа, қалғандары оңға(солға) бұрылып белгіленген қадамға жылжып
алғашқы қалыпта тұра қалады. Команда берген соң мұғалім барлығы өз
орындарына тұрғанша екі-екіден санап тұрады. Жазылу кезінде әр
шұғылданушы басты сол жаққа бұрып, арт жағында келе жатқанға қарау
керек, ол тоқтағасың командада белгіленген қадам басып өзі да тоқтайды.
Жинақталу үшін келесі команда беріледі – «Солға (оңға, ортаға
қарай) жи – нал!». Барлық әрекеттер кері ретімен орындалады: барлығы
жиналу жағына бұрылып белгіленген аралыққа жақындайды және алғашқы
қалпына тұра қалады.
Тіркеме қадаммен жазылу майданпеш бойынша орындалады
(қатарда) Команда – «Ортадан(солға, оңға) тіркеме қадаммен жа – зыл!».
Жазылу әрекеттерін шеткі тұрған бастайды, ал әр екі есептен кейін
келесілері бір бірден қосылады. Мұғалім команда берген соң екі-екіден
санап тұрады.
Жинақталу үшін келесі команда беріледі «Ортаға (солға, оңға)
тіркеме қадаммен жи - нал!». Жинақтауды барлығы бірге бастайды.
Доғамен жазылу. (11 сур.) Осындай жазылу төрт колонналық сапта
тұрғанда алға немесе артқа шығып орындалады.
Команда – «Доғамен алдына(артқа), екі қадамға жа – зыл!».
Шұғылданушылардың әрекеттері:
Ортасында тұрған колонналар доғамен алдына - сыртқа шығып екі
қадам арақашықтықта тұра қалады, ал содан кейін кері бұрылады. Мұғалім
осы кезінде 8-ге дейін санау керек. Жинақталу кері ретімен келесі команда
бойынша орындалады: «Доғамен алдына(артқа) жи – нал!».
35
1 2 3 4
11 сур.
Доғамен артқа жазылу және жинақталу ұқсас орындалады, тек қана
жазылу немесе жинақталу орындайтын шұғылданушылар ең бірінші кері
бұрылыс орындайды.
3.3 Саптық жаттығуларды өткізу әдістемесі
1.
Өткізуші команда беру кезінде саптық тұрыс қалпын ұстау керек.
Саптық жаттығулар дұрыс өткізу үшін ең оңай орынды табу керек.
Мысалы, шұғылданушылар залдың периметр бойынша жүрген кезінде ең
оңай залдың бір шетінде тұру.
2.
Дағдыдағыдай, командалар алғашқы және орындау командаларға
бөлінеді («Алға - бас!», «Сол - ға!»). Кейбір командалар орындау бөлігінен
ғана тұрады(«Түзел!»), бірақ керек болса оңда мұғалім «топ», «сынып»
және т.б. сөздерді қосуы мүмкін. Мысалы, «Топ - түзел!» Алғашқы команда
анық, қатты және созып беріледі. Ол шұғылданушыларға қандай әрекет
жасау керек туралы хабарлау мақсатымен берілетін команда.
3.
Орындау команда үзілістен кейін қатты, үздік-создық және
белсенді берледі. Ол бойынша әрекет (жаттығу) дереу орындалады.
Мысалы, «Оң» - алғашқы, «Ға!» - орындау команда.
Команда беру кезінде дауыс және алғашқы мен орындау
командалардың арасындағы үзіліс саптың көлімне байланысты болу керек:
неғұрлым сап үлкен, соғұрлым алғашқы команда созылыңқы және
үлкенірек алғашқы мен орындау командалардың арасындағы үзіліс және
де орындау командасы қатты беріледі.
Орындау командасы, жұмыс бастауына ескерту болғасын, ол кейінгі
орындалатын әрекеттердің өзгешеліктеріне сәйкес келуі қажет. Сөздерге
дұрыс көңіл аударуды және дауысының күші мен үннің (сарынмен) түрлі
өзгертуді білуі керек. Команда берудің дауыс қаттылығы оның
керектігімен сәйкес келуі қажет.
4.
Алғашқы команда бойынша шұғылданушылар «тік тұр» тұрыс
қалпын ұстау керек, сондықтан осы команда беруді теріс пайдаланбау
керек (әсіресе, ЖДЖ өткізу кезінде).
5.
Кей кезде командаларды жарлықтармен алмастыруға болады.
Егерде, команда бойынша қозғалыс әрекет белгілінген қалыптан
белгілінген әдіспен орындалу керек, онда жарлық бойынша оны басқаша
орындауға болады.
36
Мысалы: еденде отырған топқа «Сол - ға!» деген команда берудің
орнына, жай ғана «Оң жаққа бұрылыңдар» деп жарлық беруге болады.
6.
Сапты қайта құру үшін команда бергенде, оның бөлімдердің
бірізділігін сақтау керек: 1) саптың (қозғалыстың) атауын; 2) қозғалыс
бағытын; 3) орындау тәсілін. Мысалы, бір колоннадан төрт колоннаға
тұрғызу кезінде команда былай берілуі керек: «Төрт колоннамен сол жаққа
қадам – бас!» Жылжу барысында жылжудың тәсілі өзгермесе, онда оны
айтпайды. Көрсетілген мысалда, жүріп келе жатқан топ болса, онда
«қадам» деген сөз айтылмайды.
7.
Жазылу кезінде команда бөлімдерінің бірізділігі мұндай: 1) бағыты;
2) аралық мөлшері; 3) орындау тәсілі. Мысалы: «Сол жаққа екі қадамға
тіркеме қадаммен жа - зыл!».
8.
Саптық жаттығуларды орындау үшін берілетін командалар
көбінесе сол аяққа беріледі. Шұғылданушылар жүру кезінде өткізуші
олардың қозғалыстарын үйлестіру үшін санап тұру керек. Тыныс алуды
бұзбау үшін үшке дейін санап, ал төртінші есептің орнына дем алуға
болады.
9.
Өткізуші командалардың дұрыс орындауын бақылау керек, ал
шұғылданушылар қателессе, ол оларды түзету керек. Саптық жаттығулар
үйрету кезінде өткізуші сайып келгенде (негізінде) көрсету, түсіндіру және
бөлшектеп үйрету әдістерін пайдалану керек.
10.
Саптық жаттығулар келесі кезекпен оқытылу керек: басында
сабақ өткізуге ең керекті жаттығулар (сапқа тұрғызу, саптық тәсілдер),
содан кейін жылжулар, ал аяғында жазылу мен жинақтау әдістері. Саптық
жаттығуларды табысты меңгеру үшін әр сабақта оларды бөлек топтар
құрамында оқу практика ретінде өткізу керек(1 қосымша).
Бақылау сұрақтары:
1.
Саптық жаттығулардың анықтамасы.
2.
Саптық жаттығулардың негізгі терминдері.
3.
Сап құру және қайта құру тәсілдері.
4.
Саптағы жылжулар түрлері.
5.
Сапты жинақтау және жазу тәсілдері
37
4 ТАРАУ.
ДЕНЕНІҢ, ҚОЛДАРДЫҢ ЖӘНЕ АЯҚТАРДЫҢ НЕГІЗГІ
ҚАЛЫПТАРЫ МЕН ҚОЗҒАЛЫСТАРЫ
Гимнастика сабақтарында дене мүшелерінің әртүрлі қозғалыстары
пайдаланады. Олар бұлшық еттердің әртүрлі ширағуымен(күш салумен),
түрлі-түрлі жылдамдықпен және амплитудамен орындалады. Дененің және
оның бөлек мүшелерінің негізгі қалыптары, қарапайым қозғалыстары және
олардың үйлесуі бастаушы сыныптардан бастап оқытылады.
Дененің, аяқ-қол және бастың қимыл-қозғалыстар үш негізгі
жазықтықта орындалады:
-
оң(алдынғы), дененің алдынғы немесе артқы жағынан өтетін
жазықтық;
-
бүйір жақ, дене туралы алдынғы - артқы бағытпен өтетін жазықтық;
-
көлденең, денеге (оның қалпына тәуелсіз) көлденен өтетін
жазықтық;
Дене мүшелерінің қозғалыстары аралық жазықтықта орындалу
мүмкін:
-
көлбеген(еңкіш), негізгі жазықтықтарға 45°бұрышпен орналасқан
жазықтық;
-
қиғаш, көлбеген жазықтықтарға 45°бұрышпен орналасқан жазықтық;
Қолдар мен аяқтардың бір-бірі туралы қозғалыстар болу мүмкін:
-
аттас, қозғалыстың бағытты аяқ-қол жағына сай болатын. Мысалы,
сол қолмен сол жаққа;
-
әртүрлі аталатың, оның бағыты аяқ-қол жағына сай келмейтін.
Мысалы, оң қолмен сол жаққа;
-
бір мезгілдік, аяқ пен қолдың бір уақыттағы қозғалысы;
-
кезектесіп, бірінші қолмен (аяқпен), сосың екінші қолмен (аяқпен);
-
бір ізді, бір-бірінің жарты амплитудасына қалып қалатын кезекпен;
Екі қолмен (аяқпен) бір уақытта орындалатын қозғалыстар, бір
бағытты және әртүрлі бағытты болу мүмкін.
Ең оңай қозғалыстар бір мезгілде бір бағытты қозғалыстар болып
саналады. Соңдықтан, оқытуды солардан бастау керек. Қиыншылық
дәреже бойынша содан кейін, бір мезгілдік әртүрлі бағытты қозғалыстар,
ал ақырғы, кезектес және бір ізділік қозғалыстар оқытылады.
Қозғалыстардың әр түрлі үйлесулерін оқыту кезінде оны біртіндеп
қиындату керек. Дене, қол, аяқ және бас қозғалыстарынан тұратын
жаттығуларды оқыту кезінде, басында қолдың және аяқтың бөлек
қозғалыстары үйретіледі, содан кейін осы қозғалыстарды біріктіріп бастың
және дененің қозғалыстары қосылады.
Жаттығулардың қиыншылығын(күрделілігін) қозғалыс шапшаңдығың
көтеру, бастапқы қалыптарын өзгерту және ырғағын қиындату арқылы
арттыру мүмкін.
38
Қол-аяқ және дене қозғалыстары әртүрлі қалыптардан орындалады.
Осы қалыптар бастапқы, аралық және ақырғы болу мүмкін. Негізгі
гимнастика сабақтарында ең жиі пайдаланатын қалыптар келесі:
Негізгі тұрыс (қысқаша - н.т.) – саптық тұрысқа сәйкес келетін қалып.
Аяқтың арасын ашып тұру – аяқты иықтың еніне тең қойып тұру.
Сол(оң) аяқты алдына – аяқты бір қадамға қойып тұру.
Сол(оң) ақты айқастырып тұру – бір аяқты алдынан айқастырып тұру.
Тізерлеп тұру – аяқты тізеде бүгіп шеттеп отыру (12 а сур.). Осы
қалпының бірнеше түрлері болу мүмкін және келесі түрлері жиі кездеседі:
Жартылай тізерлеп отыру – жарты амплитудада орындалған тізе
бүгу (12 б, в сур.); Бүкірейіп отыру – аяқ ұшына отырып, арқаны бүкірейіп,
қол алдына (12 г сур.).
Ұмтылу (13 а сур). – бүгіліп тұрған аяқты, қандай - болса да бағытқа
шығарып қою. Ұмтылудың бірнеше түрлерін ажыратады: солға және оңға
ұмтылу, артқа ұмтылу (13 б сур.), еңкіш ұмтылу (13 в сур.), еңкейіп
ұмтылу (13 г сур.), терең ұмтылу (13 д сур.).
Еңкею – денені жамбас буынын бүгіп тұру. Түрлері:майысып еңкею
(14 а сур.), аяқтан ұстап еңкею (14 б сур.), аяқтың арасын ашып тұру
қалпыңда еңкею (14 в сур.).
39
Отыру (15 а сур.) – аяқты тік ұстап еденде немесе
құралда отыру
қалпы. Түрлері: аяқтың арасын ашып отыру (15 б сур.), бұрыш ұстап
отыру (15 в сур.) санда отыру (15 г, д сур.), өкшеде отыру (15 е сур.),
аяқты ұстап отыру (15 ж сур.).
Жату қалыптардың ең жиі кездесетін қалыптары, келесі: етбетінен
және шалқасынан жату, денені және аяқты көтеріп,
кеудеде тізеге тіреніп,
шеңбер жасап (16 сур.).
Гимнастика сабақтарында кең пайдаланады: аралас таянулардың
түрлері: Тұрып таяну – дене, тірек жазықтыққа 45°кем емес бұрышпен
орналасады.
(17 а сур.); Таянып жату(17б сур.) – дене мен тірек
жазықтықтың арасында 45°- тан кем бұрыш болғандағы қалып. Сонымен
қатар, келесі қалыптар болады: санда жатып таяну (17 в сур.), артқа
таянып жату (17 г, д сур.), қырындап жатып таяну (17 е сур.), тізеде
тұрып таяну (17 ж сур.), жүрелеп отырып таяну (17 з сур.), дене бүгіп
таяну (17 и сур.).
4.1 Қолдың қалыптары және қозғалыстары
Қолдың негізгі және аралық қалыптарың ажыратады. Негізгі
қалыптарына жатады:
Қол алдында – тік тұрған қолдарды иық деңгейіне көтеріп (алақан
ішіне), ұстап тұру.
Қол жан-жаққа – тік тұрған қолдарды иық деңгейіне көтеріп және
жан-жаққа жазып(алақан төмен), ұстап тұру.
40
Қол артына – тік тұрған қолдарды арт жағына (шегіне дейін) апарып
(алақан ішіне),ұстап тұру.
Аралық қалыптарда, қолдар негізгі қалыптарына қарағанда,
45°бұрышпен орналасады.
Оң(алдынғы) жазықтықта қолдардың қалыптары, осындай болуы
мүмкін (18 сур.): а) қол төмен, б) қол жанына − төмен, в) қол жан-жаққа,
г) қол жоғары - сыртқа, д) қол жоғарыда.
Көлденең жазықтықта қолдардың қалыптары (19 сур.): а) қол төмен,
б) қол алдына − төмен, в) қол алдында, г) қол алдында − жоғары, д) қол
жоғарыда, е) қол артында.
Гимнастикада өте кең таралған қолды бүгіп ұстау қалыптар.
Қол белде – қол белде, шынтақ және иық артқа жіберіп тұру (20 а сур.).
Қол кеуденің алдында – қолды шынтақ буындарында бүгіп, шынтақ иық
деңгейінде,алақан төмен (20 б сур.).
Қол иықта – қолды шынтақ буындарында бүгіп, саусақтарды иыққа
тигізіп, шынтақ дененің жанында (20 в сур.).
Қол желкеде (20 г сур.) – қолды шынтақ буындарында бүгіп,
саусақтарды желкеге тигізіп тұру. Сонымен қатар, келесі қалыптар бар: қол
өзінің алдында (20 д сур.), қол арқаның артында (20е сур.), қол иыққа (20 ж
сур.), қолды артқа бүгіп (20 з сур.), қолды жан − жаққа бүгіп (20 и сур.).
|