Жұмысшы спорттық-гимнастикалық қозғалыстары туралы



бет1/4
Дата15.11.2023
өлшемі23,53 Kb.
#123772
түріРеферат
  1   2   3   4
Байланысты:
РЕФЕРАТ


РЕФЕРАТ


Тақырыбы: Шет елдерде жаппай дене шынықтыру мен денсаулық сақтаудың қазіргі заманғы нысандары


Жұмысшы спорттық-гимнастикалық қозғалыстары туралы.
І-дүниежүзілік соғыс капиталистік жүйенің жайлап тозуына алып келді. Себебі, Ұлы Қазан социалистік төңкерісінің әсері дүниежүзілік жүйені екі топқа бөлді - социалистік және капиталистік. Жалпы дағдарыс жағдайында буржуаздық елдерде еңбек пен капиталдың, жұмысшы тап пен капиталистер арасындағы қарама-қайшылықтар одан әрі ұшыға түсті. Капиталистік жүйеде спорттық-гимнастикалық қозғалыс екі бағытта болды - жұмысшы және буржуазиялық.
Шетелдердегі жұмысшы спорттық-гимнастикалық қозғалыс КСРО-ның социалистік жүйесінің әсерінен болды. Көптеген елдерде коммунистік-жұмысшы партияларын құра бастады. Әсіресе, Чехословакияда жұмысшы спорты жақсы дамыды. Чех жұмысшы-спорттық қозғалысы ХІХ ғасырдың аяғында пайда болды. Олар біртіндеп өз қатарын кеңейте түсті. 1921 ж. Чехо-словакия жұмысшы-спорттық қоғамының федерациясы құрылды. Олар коммунистік партияның қолдауымен сол жылы-ақ Спартакиада өткізді. Оған 20 мыңнан астам еркектер мен әйелдер қатысты. Спартакиада елдегі жұмысшы-спорттық қозғалыстың өсуін көрсетті. Чехтың алдыңғы қатарлы ойшыл-ұйымдастырушылары, белсенді адамдары Клемент Готвальд, Александр Запотоцкий болды.
Болгарияда І-дүниежүзілік соғыстан кейін «Спартак» атты жұмысшы-спорттық қоғамы пайда болды. Оның жасақтары София, Плевна және басқа да қалаларда құрылды. Жұмысшы спортшылардың бұл ұйымдары Қызыл спорттық интернационал құрамына енген. 1923 ж. Болгария коммунистік партиясының жұмысына тиым салынғаннан кейін, жұмысшы спортына да үлкен зиян келді. Тек 1930 ж. жұмысшы спорты Болгария компартиясының және жастар ұйымының қолдауымен қайтадан дүниеге келіп, ІІ дүние жүзілік соғыс басталғанға дейін өз жұмысын істеді.
Венгрияда жастар арасында «Мункаш» атты спорттық ұйым үлкен жұмыстар атқарды. 1919 ж. бұл клубтың жұмысшы жастары өз елінде халық өкіметі жағында күресті. Венгрияның жұмысшы спорттық ұйымдарында футбол, жеңіл атлетика, күрес және спорттың басқа да түрлері кең етек алды.
Финляндияда осындай жұмысшы-спорттық ұйымы болды. Ол ұйымның (ТУЛ) негізі 1919 ж. қаланды. ТУЛ финн жұмысшыларын спортпен айналысуына жағдайлар жасады. Бұл ұйымның спортшылары Кеңес Одағына спорт түрлерінен жарыстарға келіп тұрды. Олар жеңіл атлетика, футбол, гимнастика, шаңғы және коньки спорты бойынша жарыстар өткізіп, бірі-бірімен тығыз байланыс жасауға ұмтылды. Финн спортшылары КСРО-ның 1928 ж. өткен І бүкілодақтық спартакиадасына қатысып, бірқатар спорт түрлерінен жүлделі орындарды жеңіп алды. Жұмысшы спорттық ұйымның кейбір өкілдері финн ұлттық олимпиадалық құрама командасының мүшесі болды.
Сондай-ақ, Францияда жұмысшы спорты ХХ ғасырдың бірінші онжыл-дығында пайда болды. 1934 ж. барлық жұмысшы-спорттық ұйымдар Францияның спорттық-гимнастикалық федерациясына біріктірілді. Ол ұйым Франция еңбекші бұқарасының арасында спортты дамыту үшін үлкен жұмыстар атқарды, спорттағы милитаризм мен фашизмге қарсы шықты. Бұл ұйым жергілікті және ұлттық жарыстардан басқа, ірі халықаралық кездесулерге ұйтқы болды. Соның бірі - «Юманите» газетінің жүлдесі үшін өткізілген жарыстарға кеңес спортшылары да қатысты. Қазіргі кезде атал-мыш қашықтықтың этаптарының біріне кезінде осы жарыстардың жеңімпаз-дары аталған ағайынды С. және Г. Знаменскийлердің атындағы жүлде тігілді.
Неғұрлым көп мүшесі бар жұмысшы спорттық ұйымдарының біріне Неміс жұмысшы спорттық-гимнастикалық одағы болды. Бұл ұйымның мүшелерінің саны әсіресе Германияның фашистік басқару кезеңіне дейінгі уақытта көбейді. 1919 ж. болған 100 мың адамнан 1932 ж. 1 миллионнан астамға дейін өсті. Неміс жұмысшы-спорттық қозғалысында басқа елдерге қарағанда жұмысшы-спорттық ұйымдары арасындағы қайшылықтар көбірек болды. Бір жұмысшы-спорттық ұйым Германия компартиясының ықпалында болса, екінші жұмысшы спорттық одақтар Германияның социал-демократтық партиясы мен байланыста болды. Германияның жұмысшы-спорттық ұйымдарында Э.Тельман, В.Пик, В.Ульбрихт, Э.Хонеккер секілді халықаралық коммунистік қозғалыстың қайраткерлері белсенді қатысты. Германияда фашистік диктатура орнатылғаннан соң, барлық жұмысшы- спорттық ұйымдар жабылды.
Австрия, Бельгия, Англия, Швейцария, Швеция, Норвегия т.б. елдерде де жұмысшы спорты өзіндік дамыды. Тек жұмысшы-спорттық қозғалыстың дамуына сол елдердегі социал-демократтық топ басшыларының капитализм-ге деген оң көзқарастары, жұмысшы-спорттық қозғалысты майда топтарға бөлуі кедергі болды. Жұмысшы табынан шыққан белді азаматтар оңшыл-оппортунистік саясатқа қарсы шығып, дүние жүзінің пролетарларының бірігуіне спорт арқылы жеткізіп отырды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет