Солтүстік бұғысы (жұп тұяқты жануар). Бұл ірі денелі, сымбатты жануар, оның тармақталған үлкен мүйізі, қалың жүні, мойнында жалы (жазда қоңырқай, қыста ашық түсті) бар, солтүст.ік бұғысы қысқы суықтан жүнімен қорғанады. Оның аяқтары ұзын, тұяқтары жалпақ. Жүрген кезде тұяғы жайылып кететіндіктен, тұяғы қалың қарға батпай еркін жүреді. Ол алдыңғы аяғының тұяғымен тарпып, қар астынан бұғы мүгін тауып жейді, бұғы мүгі қыста жейтін негізгі азығы болып саналады. Бұғы жазда шөп және ағаш пен бұталардың жапырақтарын жейді.
Солтүстік бұғысын Солтүстіктегі тұрғындар қолға үйретіп алған, олар асыранды бұғыларды үлкен табында ұстайды. Бұғыны олар жылқы, сиыр және қой орнына пайдаланады. Бұғыларға жеңіл шана жегеді, онымен салт жүріп, ауыр жүк тасиды. Бұғының сүті мен етін тағамға пайдаланады. Үлпілдек жүні мен терісінен киім және аяқ киім жасайды.
Түйе — көн табанды, күйіс қайыратын жануар (көн табандылар тұқымдасы). Бұл — шөлді және суы мен өсімдіктері аз даланы мекендеушілердің асыранды малы. Түйені «шөл даланын. кемесі», «шаршауды білмейтін көлігі» деп те атайды. Ол шөлдегі құмдарда жүзіп келе жатқандай жайлы жүреді. Ол үлкен, өте төзімді, күшті мал, сусыз, алыс жерлерге ауыр жүкті шаршамай сүйретеді. Ол трактор немесе жылқы жүре алмайтын жерлерден өтіп кетеді, бұған оның ,дене кұрылысы және корексіз, сусыз ұзаққа шыдамдылығы жәрдемдеседі. Түйенін, ұзын, көзге дөрекі көрінсе де күшті, жалпақ, көн табанды аяқтары болады, ол кұмға батпайды және алдыңғы аяғың тізелерін томпақ кұс басқан, ол кұс түйе құмға жатқанда денесін құмның ыстығына күюден сақтайды. Түйелер қос өркешті және дара өркешті болып бөлінеді. Өркешке май қоры жиналады, соның арқасында түйе ұзақ уақыт азықсыз, сусыз жүре береді.
Түйенің танауы қойға ұқсас, ұзын, иір мойыны тұмсығын жерге жеткізеді, қалың, собалақ кірпіктері көзіне құм түсуден қорғайды; жүні шөлдегі құмға ұқсас, түсі қоныр.
Түйе қорек талғамайды: жазда далаға жайылып, көзіне не түссе соны, тіпті тікенекті де жейді, қыста сабанды да қанағат тұтады.
Түйе ете пайдалы үй жануары: оны жүк тасуға пайдаланады. Түйе сүтінен емдік қасиеті бар дәмді сусын жасайды, ол сиыр сүтінен екі есе майлы, оның жүнінен ең жақсы көрпе жасайды."
Үйрек — (жалпақ тұмсықты құстар отряды). Денесі сопақтау келген, құйрығы жалпақ, басы үстіңгі жағынан батыңқы, тұмсығы жалпақ және тегіс, жиегі мүйізді пластиикалармен кенерленген. Иір мойын. Аяғы денесінің соңғы бөлігіне қарай орналасқан, қысқа, суда руль қызметін атқарады; арасында жарғақ керілген үш саусағы алға, бір саусағы артқа қарап орналаскан. Үйректер жарғақ табанымен суды ескекше еседі және жылдам жүзеді. Құрлықта маймаңдап, баяу жүреді. Оның ебедейсіз жүрісі аяқтарының орналасу ерекшелктеріне байланысты. Үйректер күні бойы суда болып, одан корек үшін су өсімдіктерін, ұсақ шаян тәрізділерді, насекомдар мен ұлуларды аулайды. Үйректің қүйымшақ безі жақсы жетілген, оның майымен канаттарын майлайды, сондықтан үйректердін. денесі суланбайды. Қауырсындарының астындағы төсі мен бауырында қалың мамық болады, ол үйректің денесін суда тоңдырмайды. Үйректер жағалаудан шөп жұлып жеп, насекомдарды жұтады.
Үйректің балапандары жұмыртқадан шыға салысымен аяғына тік тұрып, тез жүгіріп кетеді; енесі оларды суға апарады, сөйтіп олар суда дереу жүзе жөнеледі.
Үйректер түнде құс қораға түнейді, ол судан онша қашық емес, құрғақ жерге салынады. Үйрек қораның еденіне шымтезек, сабан немесе құрғақ жапырақ төсейді, жазда таза құм сеуіп тастайды; су ішетін науа мен жемшашарды күнде жуып тұрады, ұясын тазартады.
Үйректерді күніне 3 рет қоректендіреді: жемге дәннен немесе кебектен даярланған ылғалды қоспа, сүйек ұны мен картоп беріледі. Астауға ұнтақталған көмір, бор, қайыршақ себеді.
Үйректерді ет пен май, сондай-ақ мамық пен қауырсын алу үшін өсіреді. Оларды өсімдігі мен мал азығындық шөбі жеткілікті табиғи және жасанды су қоймаларында өсіреді, бұл құнарлы жемді үнемдеуге мүмкіндік береді. Үйректерді құрғақ жайылымдарда да өсіруге болады, ол үшін ішетін сумен, құнарлы азықтармен қамтамасыз ету керек, олардың құрамында диірменге тартылған дән, бидай жармасы,. ет-сүйек ұны және ұсақ етіп туралған балауса азықтар енеді.
Қаз. Бұл да үйрек тәрізді жалпақ тұмсықтылар отрядына жатады. Қаз — ең ірі құстардың бірі. Оның денесі қомақты, төсі кең және шығыңқы; мойыны ұзын әрі қимылдағыш; басы екі шекесінен қысыңқы.
Ұзын тұмсығының дәл түбінде дөңесі, ал тұмсығының астында-тері катпары болады. Тұмсығының орта бөлігінде танау тесіктері бар. Тұмсығының ұшы қатты және үшкір, жиегін мүйізді пластинкалар-көмкеріп жатады, қаз онымен қорегін ұстап, судан сүзіп алады.
Қаздардың аяғы қысқа, төрт саусағы бар, оның үшеуі алға бағытталған, аралары алшақ, жүзу жарғағымен қосылып тұрады, төртінші саусағы артка қарай бағытталған. Қаздар құрлықта баяу жүреді табандарымен ескекше есіп отырады. Қаздың қауырсындары тып-тығыз, су өткізбейді, үйрек сияқты ол да қауырсындарын құйымшақ майымен майлайды. Қаз судан шыққанда үстінен су сырғып ағады. Қауырсындарының астында жылуды өте суық судан да жақсы сақтай алатын жылы мамығы болады.
Қаздар тобын бір ата қаз үнемі қарауылдайды, сәл қауіп төнсе болды, ол сақтандыра дауыс береді. Жауы (ит, түлкі, жыртқыш құстар) шабуыл жасаған кезде қаздар алдымен қаңқылдап, соңынан ысылдайды, оны қанатымен соғып, тұмсығымен шоқиды.
Қаздар тобы көктемде және жазда күні бойы су қоймаларының маңында жайылып жүреді. Шалғыннан шөп жұлып жеп, дән тереді„ көп жылдық өсімдіктердің жер астындағы бөліктерін алып жейді. Қаз су қоймаларында тұмсығымен су түбіндегі тұнбаны қопарыстырады: шала шіріген өсімдіктерді, насекомдардың личинкаларын алып жейді. Қаздарды түнге қарай құрғақ жерге салынған қашаға қамайды.
Күзде және қыста қаздарды құс корада ұстайды, оның еденіне сабан, ағаш үгінділері, құрғақ жапырақтар төселеді. Қаз қораларда тазалық сақталынып, оның желдетілуі бақыланады. Қыста қаздарды күніне 3 рет жемдейді: ертеңгілікте және дәл түсте дән,. ұсақ етіп туралған тамыржеміс пен балауса, пісірілген картоп, кешке-қарай дән береді. Жемшашарда міндетті түрде құм, қайыршақ, ұн-тақталған бор болуы керек.
Аналық қаз көктемде сабаннан және шөптен жасалған ұяға жұмыртқалап, оны 4 апта бойы басады. Қаздар балапанын қорғап„ ысылдайды, мойнын созып, тақап келгендерді шоқып алады.