А қ қ о я н орманда тіршілік етеді. Қысқа қарай ол сұрғылт жүнін ақ жүнге ауыстырады, бірақ құлақтарының ұшы қара қалпында қала береді. Ақ қоян қарға малтықпай, тез жүгіреді; өйткені оның артқы аяғының табанында саусақтары алшақ орналасып, қыста оның арасына қалың жүн өсіп шығады.
О р қ о я н далада тіршілік етеді, ол ағаштар арасындағы ашық алаңда, егістікте, бақтарда жүреді. Қыста оның арқа жағы сұр қалпында қалады да, бүйірлері ағарады. Ор қояннын, табаны жіңішке, сондықтан ол тек қаттылау қарда ғана жақсы жүгіреді.
Қояндар түнде қоректенеді. Ағаштың бұтақтары мен қабығын, шөптесін өсімдіктердің шырынды жерін жейді, жақын огородтағы капуста, тарна, сәбіздерді кеміреді. Ор қоянның тісі кроликтердікіне ұқсас. Үстіңгі еріні жырық болады.
Жануар күндіз тайыз шұңқырда, қалың шөп арасында, бұта астындағы шөпшекке немесе ескі ағаштың жуан түбірінің түбінде ұйык,тайды. Қоян бұл шұңқырға секіріп түседі, сондықтан ол жатқан маңда ещқандай із болмайды. Сезікті дыбыс естіле қалса, қоян артқы аяқтарымен тұрып, айналаны қарап алады. Қауіп төнген кезде ол жер бауырлап жата қалып, сонан соң құлағын арқасына жымырып алып, жатқан ұясынан қаша жөнеледі, бұл кезде ол жиі бұрылыстар жасап, жан-жағына бұлтақтап, ізден шатастырады.
Аналық қоян бір жылда 3 рет көжектейді. Көжектерінің көзі ашық туады. Енесі оларды емізеді де жайына кетеді. Көжектер майлы сүтті ішіп алып, қозғалмай отырады. Оларды тауып алу қиын, өйткені олар шөп арасында байқалмайды, қыбыр етпей жатады. Олардын, иісі де жоқ. 3—4 күннен кейін көжектер ашығады да қорек іздеуге шығады. Оларды кез келген аналық қоян емізіп кетеді. 8—9 күннен соң көжектердің тістері өсіп шығып, олар өздігінен қоректене
бастайды.
Түлкі (жыртқыштар отряды). Дене құрылысы жағынан түлкі қасқыр мен итке ұқсас. Тұмсығы ұзын, сүйірленіп келеді, үстіңгі еріні сәл көтеріңкі. Көзінің қарашығы тік орналасқандықтан, қараңғыда да жақсы көреді. Құлағы тік, үнемі сақ жүреді. Түлкінің аяқтары күшті, табаны кішкене, қыста оған жүн өсіп шығады, Түлкі ұзақ және тез жүгіре алады. Алға сәл бүгіліп, жылмаңдап жүгіреді. Мамықтай ұзын құйрығын көтеріңкі ұстайды. Жүгірген кезде құйрығы руль қызметін атқарады.
Қызыл түлкінің жүні — қызыл сары; солтүстікте түлкінің басқа түрі — жылтыр қара түстісі бар. Қыста жүні ұзын, қалың, үлпілдек болады, көктемде — жаз басталысымен қысқа жүнге ауысады. Түлкінің тістері иттің тістеріне ұқсас. Түлкілер іңірде немесе түнде құс, қоян және кірпі аулайды. Жеміне көрінбей жасырынып барады да кенеттен секіріп түсіп, өткір тісімен тістеп алады. Ұстаған жемімен мысықша ойнағанды ұнатады. Түлкі қыста егістік пен шабындықта болып, қоян мен тышқан аулайды. Иісшілдігімен және сақ құлақтығымеи қар астында қыбырлап, шиқылдап жүрген тышқандарды тауып алып, қарды алдыңғы аяғымен тез-тез қазады да жемін тісімен ұстайды. Түлкі тышқандарды құртып, егіс зиянкестерімен күресте пайдасын тигізеді.
Түлкі қалың орман ішіндегі бірнеше аузы бар, терең және кең інде күшіктейді. Түлкінің күшіктері тез өседі, ін маңында бірнеше сағат бойы әуреленіп жүреді. Ата-енелері оларға жаралы құстар мен. кішкене аңдарды әкеп, күшіктеріне өлтіртіп үйретеді. Күшіктері күзде өз бетімен тіршілік ете бастайды.
Кішкене күнінде іннен алынған түлкі қолға жақсы үйренеді.