Тақырып атауы: Жер участкесі
Сабақтың мақсаты: Жер участкесінің бала бақша балаларын табиғатпен таныстырудағы маңызын анықтау
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:
Балалар бақшасында жер участкесінің қандай маңызы бар
Жер участкесін қалай ұйымдастыруға болады
Балаларға арналған ауыл шаруашылық құралдарына қандай талаптар қойылады
Тапсырма:
Бақшаның орын таңдау және жоспарлау
Көкеніс дақылдарды отырғызу
Әдістемелік ұсыныс:
Жер учаскесінің көлемі мен балалардың санына қарай бақшаның барлық топқа ортақ немесе олардын, әр тобына жеке болуы мүмкін. Оған арналған орынды жабдан әрі күн сәулесі түсіп тұратын, солтүстік жағынан құрылыстармен, дуалмен немесе өсімдік бұталарымен қоршалған жерден таңдайды. Бақша алаңы (жүйек, жол, қатар аралықтары, 3—4 жастағы әрбір бала үшін 0,5 шаршы метр және 5—6 жастағы бала үшін 1—-1,5 шаршы метрден бөлінуге тиіс.
Бақшаны жүйектердің ұзындығы 2,5—3 м болатындай етіп бөледі.
Ш а л қ а н п и я з д ы ң тұқымының пішіні үш қырлы қара түсті («чернушка») болып келеді. Жерден ілгек сияқтанып сурет) көктеп шығады. Алғашқы нағыз жапырақ тұқым жарнағы жапырақшасының тесігінен шығады, ал келесі жапырақтардың әрбіреуі бұрынғы жапырақтардың ішінен өсіп, өрбиді. Жапырақтары жасыл, шырынды, түтікшелі, сыртын балауыз өңез жауып тұрады. Жапырақтары түзілгеннен кейін баданасы—жер асты өркені қалыптасады, оның ішінде бір-біріне тығыз жабысқан еттей жұмсақ аппақ жапырақтар болады. Олар қоректік заттарға толы. Сыртқы жапырақтары пісіп жетілген кезде кеуіп, жарғақтай болады да, сары, қоңыр, қызыл немесе күлгін түстеніп қабыршаққа айналады. Пиязшықтың (бадананың) түбіртегі өңі өзгерген сабақ болып саналады: одан төмен қарай ұсақ та-мырлар, ал жоғары қарай етті жапырақтар өсіп шығады.
Пиязды көбінесе екі жылдық дақыл ретінде өсіреді. Алғашқы жылы тұқымнан майда пиязшықтар (екпе-пияз) алынады. Шалқан пиязды өсіру үшін көлемі 1,5—2 см екпе пияз алып, бороздаға «иығынан келтіре», яғни майда пиязшықтың жоғарғы ұшы топырақтан селтиіп көрініп тұратындай етіп отырғызады. Бороздалардың ара қашықтығы 15—20 см, ал өсімдіктердің арасы 6—10 см болуы керек. Пияз жиі суаруды қаламайды. Шалқан пияздың жапырақтарының жығылып қурауы — пісіп, жинап алуға дайын болғандығының белгісі.
Достарыңызбен бөлісу: |