СОӨЖ №4 .
Тақырып атауы: Жер участкесі
Сабақтың мақсаты: Балалар бақшасының жер учаскесі, әсіресе қалалық жағдайларда, бұл — ойындардың, серуендер мен сабақтардың орны. Күзде, қыста және көктемде балалар күннің көп уақытын учаскеде өткізеді, егер саяжайға (дачаға) кетпесе күні бойы болады. Осындай ойын кездерінде балалардың сезіну қабілеті арта түсетіндігін білу
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:
Балабақшадағы учаскеде кроликтер мен тауықтар асырауды қалай ұйымдастыруға болады?
Тапсырма
Оқу-тәрбие учаскесіндегі кроликтер мен тауықтарды қалай ұстауға болады. .
Әдістемелік ұсыныс:
Кроликтер. Жабайы кроликтер бізде Батыс Украинаның оңтүстігінде таралған. Олар табиғатта інде тіршілік етіп, түнде өмір сүреді. Табиғат мүйісінде асыранды кроликтер ұсталады.
Кролик түсі әр түрлі, майда жүні бар, шағын денелі жануар. Оның құлақтары ұзын, қозғалмалы, тыңдаған кезде құлағын тігіп, үріккенде жымқырып алады, тұмсығы доғал, дөңгелек, бадырақ көзді, мұрттары екі жағына едірейіп тұрады. Бұл жануардың артқы аяғы алдыңғы аяғынан ұзынырақ, сондықтан ол секіріп жүреді. Қүйрығы қысқа. Кроликтер — қоян тәрізділер, олардың кемірушілерден айырмашылығы — үстіңгі жақ сүйегіндегі күрек тісі екеу емес, төртеу болады. Сәбіз, қызылша, капуста, шөп жейді.
Кроликтердің тұқымы өте көп. Табиғат мүйісінде ұстауға тамақ пен күтімді талғамайтындарын алған дұрыс. Кроликтер суықтан қорықпайды, бірақ өтпе желге төзімсіз. Оларды ашық ауада жасалған арнайы торларда (сурет) ұстауға болады. Тордың биіктігі —60—70 см, еденінің ауданы — 125X70 см.
Тауықтар бұдан мыңдаған жыл бұрын, ежелден асыранды болған. Персияда, кейіннен Греция мен Римде киелі «күн» құсы деп есептеліп, өлтіруге рұқсат етілмеді. Тауықтар Европаға келгеннен кейін, оларды жұмыртқа және дәмді ет алу үшін өсіре бастады.
Тауықтардың қанаты қысқа және әлсіз, аяқтары күшті болады. Бұл құстар жерде жақсы жүгіреді, бірақ аспанда ұша алмайды. Аяқтарында 4 саусақтан болады: оның үшеуі алға, біреуі артқа бағытталған. Саусақтарында тырнақ болады; жем-дән, құрт, насеком личинкаларын іздеп, тырнақтарымен топырақты оңай тырмалайды.
Әтеш мекиенінен әдемірек болып келеді. Оның құйрығы үлкен, өрнекті, доғаша иіліп түрады. Басында — қызыл айдар, тұмсығының астында — тері сақал, кеудесі алға қарай шығыңқы болады. Аяқтарында өткір өсінділері- тепкісі болады, әтештер төбелескен кезде онымен бір-бірін қатты жарақаттайды.
Тауықтарды қонақтайтын таяқшасы бар құс қораларда ұстайды, олар сол ағашта қонақтап отырады. Жұмыртқа салуы үшін арнайы ұя жасайды. Первомайская (жылына 250-ге дейін жұмыртқа туады) және «Московская» белая (230-ға дейін жұмыртқа туады) деген тұқымдары өте жұмыртқалағыш тауықтар.
Мекиен жұмыртқаларын 21 күн басып, шығарған балапандарына қамқорлық жасайды. Ірі құс фабрикаларында балапанды инкубаторлардан жүз мыңдап шығарып, сонан соң өсіреді.
Балабақшада тауықтарға арнап жер учаскесінің ең құрғақ жеріне ауданы 1,5—2 шаршы метр, биіктігі 2 м құс қора салады. Оған терезе, есік және кіріп-шығатын төрт бұрышты тесік (көлемі 30X30 см) жасайды. Қоражай жылы (қыста 0 градустан төмен емес) және таза болуы керек.
Тауық қораға жуандығы 4 см қонақтайтын сырықты бір-бірінен қашықтығын 30 см етіп қояды. Құстарды еден ауданының 1 шаршы метріне 3—4 тауықтан келетіндей есеппен орналастырады.
Тауықтарды тәулігіне 3—4 рет бірдей уақыт аралығында, белгілі бір сағатта жемдейді. Ертеңгілікте дәнді азық (сұлы, жүгері, тары, арпа) береді, тауықтар қопарыстыра жүріп, қимыл жасау үшін жемді жазда астауларға, қыста төсенішке себеді, 10—11 сағатта құстарға -көктетілген сұлы немесе қалақай, ұсақ етіп туралған тамыржемістер беріледі; 13—14 сағатта дымқыл күйінде үн қоспасы түнге карай тағы да дәнді жем беріледі. Тауықтардың көбірек қимылдауы үшін жемдік-қызылшаны, көктетілген сұлыны қораның қабырғасына кұс секіріп ала алатындай биіктікке іліп қояды. Әр түрлі зиянкес жәндіктерді де (бізтұмсықтар, зауза қоңыздар, жұлдызқұрттар және басқалар) жемге беруге болады. Құс қораны таңертеңгі жемдеуден кейін бірден жинайды: қонақтайтын сырықты тазартады, онық астындағы төсенішті аустырады, астауларды жемнің қалдықтарынан тазартады, науаларды жуады.
Достарыңызбен бөлісу: |