Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей мемлекеттік педагогикалық институты



бет44/168
Дата06.01.2022
өлшемі0,98 Mb.
#15622
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   168
Еңбек дағдыларына тәрбиелеу - балабақшаның сәбилер тобындағы табиғат мүйісінде мөңке, тұқы немесе алтын балық салынған аквариум және тез өсіп, ұзак гүлдейтін, жапырағы қалың бөлме өсімдіктерінің (фикус, бальзамин, қазтамақ) бірнешеуі болуы керек.

Ауа райын бақылау - күнделікті серуен кездерінде балалардың назарын ауа райының қандай күйде екеніне (жылы ма, әлде суық па, желді ме, әлде тымық па, аспанның түсі қандай, жауын-шашынды ма, болса қандай жауын-шашын екеніне) аударып отыру керек.

Ағаштарды бақылау. Күзде ағаштардың әдемілігіне балалардың назарын аударып, өздері білетін ағашты (қайыңды, үйеңкіні немесс басқасын) қарап көру, бұл ағаштың жапырақтары жазда қандай түстес болғанын, қазір қандай түске өткенін сұрау керек. Жапырақтардың қайдан және қайда түсетінін, реңі қандай екенін балалардан сұрау керек

Гүлзарды аралап көру. Гүлдер өскен клумбалаларды аралау кезінде тәрбиеші олардың кейбіреулерін (георгина, қырмызы гүл, флокс) атап, қиып алады, балалармен бірге гүлдің пішінін (оның неге ұксайтынын), түсін қарап, балаларға гүлді иіскетеді. Осыдан кейін клумбадан қандай да бір гүлді іздеп табуды және гүл шоғын жасауды ұсынады. Балалар басқа өсімдіктердің ішінен осы өсімдіктерді айыра білуі тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет