Тақырыбы: Жергілікті өлкенің (қаланың, ауданның) табиғаты.Табиғатты қорғау.
Дәрістің мақсаты: Жергілікті өлкенің (қаланың, ауданның) табиғаты, табиғатты қорғау жолдарымен танысу
Негізгі қарастырылатын сұрақтар, олардың қысқаша мазмұны:
1.Табиғатты қорғау
2.Демалу және емдеу орындарын қорғау.
3.Табиғаттың әдетгегі көріністерін, сирек кездесетін және көрікті объектілерін қорғау.
Жерді және жер қойнауын қорғау. Жер — халықтың мол дәулеті. Барлық жер, әсіресе егістік жер, ауыл шаруашылығындағы негізгі өндіріс құралы есебінде қорғауға жатады.
Колхоздар, жерді басқа да пайдаланушылар сияқты, жерді тиімді пайдалануға, оған ұқыптылықпен қарауға, оның құнарлылығын арттыруға міндетті.
Колхоздарға, совхоздарға және басқа да ұйымдарға агротехникалық шараларды жақсы пайдалану, тыңайтқыштарды дұрыс салу мақсаттарында өздеріне бекітіліп берген жер топырағының ерекшеліктерін білулері қажет.
Жер қойнауы халық шаруашылығын минералдық шикізатпен және отынмен қамтамасыз етудің қайнар көзі болып табылады. Пайдалы қазбаларды тиімді пайдалану, оларды өндірудің ғылыми-техникалық ережелерін қатаң сақтау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |