Бақылағанды белгілеп қою.Балалар нені бақыласа, соны баянды етуге, белгілеп қоюға — объектілердің суретін салу және жабыстыру, көргендері, ойындары, ойыншықтары жөнінде әңгімелер айту жатады.
Көріп алған гүлдердің, жапырақтардың, ағаштардың, жемістердің, жануарлардың
с у р е т і н с а л у — олардың формаларын балалардың есінде мықтап қалдырады. Овощтарды, жемістерді жәңе жануарларды ж а б ы с т ы р у д ы ң да сондай маңызы бар. Олар жөнінде балалар кейбір нақтылы түсініктер алғаннан кейін-ақ солардың суретін салады және жабыстырады. Сурет салу мен жабыстыру балалар-дың бақылағыштығын жетілдіреді, олардың білімін молайтады. Затты қағазға немесе пластилинмен көз алдына елестете салу үшін, оны өте ұқыпты түрде қарап алу керек екендігі табиғи нәрсе.
«Балалар бақшасындағы тәрбие программасына» сәйкес мектепке даярлық тобындағы балалар ауа райына және өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіндегі маусымдық өзгерістерге жыл бойы бақылаулар жүргізеді де табиғат календарын жасайтын қағаздын, жеке беттеріне ( ¼ немесе 1/6 бетке) олардың суреттерін салып, белгілеп қояды.Тақырыптық суреттерді де пайдалануға болады. Сөйтіп, маусымдық өзгерістердің бірін бақылаған серуеннен немесе экскурсиядан кейін, тәрбиеші барлық балаға белгілі бір форматта қағаз береді де, олардың сол күнгі көргендері мен істегендерінің суретін салуды ұсынады. Содан кейін бақылағандарынан ең толық етіп салынды деген суреттерді іріктеп алады, нені салғаны жөнінде балалардың сөзінен жазып алады.
Мысалы.20 қараща. Ашық және жылы болды. Біз кұстарға жем бердік.
26 қараша. Жапалақтап қар жауды. Біз қармен лақтырысып ойнадық. Паркте көп құс пайда болды.
29 қараша. Аспан сұр болды, аздап қар жауды, біз шанамен сырғанақ тептік.
Осы суреттерден белгілі бір уақыт кезеңіне (ай, маусым) плакат-мәлімет немесе кітапша-қалқа түрінде табиғат календарын жасайды.
Табиғат календарын жүргізу — бақылағыштықты дамытады, айналадағы табиғатқа зейін қоя қарауды, жүйелілікті және құбылыста болатын байланысты, олардың себептерін анықтауды үйретеді. Көргендері ж ө н і н д е г і ә ң г і м е н і ң тіл дамыту мен түсініктерді бекіту үшін зор маңызы бар. Тәрбиеші бақылау үшін тапсырма бере отырып, балаларға барлық көргендері, жаңадан нені білгендері жөнінде оларға айтып берудің қажет болатынын ескертуге тиіс. Бұл әңгімелер балалардың нені меңгерді, оларға ненің түсініксіз, тағы да нені түсіндіру керек деген мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді.
Сюжетті-рольдік ойындарда балалар экскурсиялар мен серуендерде қабылдағанын естеріне жиі түсіреді. Оларда өсімдіктер, жануарлар және адамның еңбегі жөнінде алған түсініктердіц сәулесі елестейді. Мұндай ойындарда балалар нені бақылағанын қайталай отырып, өз білімдерін және алған дағдыларын бекітеді.
Бақылағанын белгілеп қою үшін ойыншықты пайдалануға болады, мысалы, «Бүгін ауа райы қандай». Бұл — көлемі 35X35 см тақтай, оның ортасында айналмалы стрелка бар, бұрыштарында әр түрлі ауа райын бейнелейтін картинкалар бекітілген. Естияр топтың балалары серуеннен қайтып оралғаннан кейін, стрелканы сол күнгі ауа райына сәйкес келетін картинкаға қарай кезекпен айналдырып кояды. Ересек топтың балалары мұны ертеңгісін, балалар бақшасына келісімен және серуеннен қайтқаннан кейін (егер ауа райы өзгерген болса) істейді.