Овощтардың өсіп-жетілуіне қажетті жағдайлар. Овощтардан жақсы түсім алу үшін, олардың қарқындырақ өсіп жетілуі кезінде жағдай жасау керек. Бұл жағдай — жарықтың, жылудың, судың, минералдық тұздар мен ауаның белгілі мөлшерінің болуы.
Ж а р ы қ — овощ өсімдіктерінің өсіп, жетілуіне қажетті негізгі жағдайлардың бірі. Олар қараңғылықта ашығып, өсе алмайды, жарықтың жетіспеушілігінен жасыл түсінен айрылып, семіп қалады, сарғаяды, тым созылып иіліп, жерге төселеді, мүшелері қиқы-жиқы болып, түсімі өте кемиді. О в о щ ө с і м д і к т е р і н і ң ж а р ық Сүйгіштіғі мынадай ретте болды: помидорлар — ең жарық сүйгіш, бұдан кейінгілері — шалғам, капуста, пияз, қызылша, үрмебұршақ, сәбіз, асбұршақ.
Ау а барлық өсімдікке де қажет. Олар тыныс алу кезінде ауадағы оттегін сіңіріп алады. Өсімдіктер (органикалық заттар түзуде) ауадағы көмір қышқыл газды да сіңіреді. Жер бетіндегі өсімдік мүшелеріне ауа қашанда еркін жетіп тұрады, ал тамырға және өніп келе жаткан тұқымға, ауа топырақ тығыз
болмаған және қабыршақпен жабылмаған жағдайда ғана жетеді,сондықтан топырақты үнемі қопсытып отыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |