Ауыспалы бақша егісі. Овощ дақылдарын учаскеге орналастыру кезінде ауыспалы егісті, яғни өсімдіктерді белгілі бір алаңда биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, кезегімен дұрыс отырғызылуын белгілеу қажет.
Қандай да болсын бір дақылды бір жерге қатарынан бірнеше жыл өсіре беруден топырақ тозып, өсімдіктің аурулармен және зиянкестермен зақымдануына әкеліп соғады; бір тұқымдас өсімдіктерді екі жыл қатарынан бір жүйекте өсіруге болмайды. Дақылдардың әрқайсысын бұрынғы егілген жеріне кемінде 4 жылдан кейін қайта егілетіндей етіп орналастыру керек. Мәселен, капуста, қияр, кәдіш пен асқабақтан кейін сол учаскеге помидор, ал үшінші жылы тамыржеміс пен пияз, төртінші жылы асбұршақ, үрмебұршақ отырғызуға болады.