Сабақтың мақсаты: Балаларды үй және жабайы аңдармен таныстыру
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:
Үй жануарлары
Тапсырма: Сәбилер тобын үй жануарларымен таныстырудың үлгі жоспарын құру
Әдістемелік ұсыныс: Сәбилер тобы (үй жануарлары
Тауықтарды бақылау (сәбилер тобындағы балалармен)
Балалар серуендеген кезде тауықтарды бірнеше рет көреді. Тәрбиеші олардың әтеш пен мекиенді ажырата алатынына көз жеткізген соң, серуендеулердің бірінде оларға әтештерге тән ерекшеліктерді көрсетеді.
— Қараңдар, әтештің басындағы не нәрсе,— дейді ол балаларға.— Қандай қып-қызыл, әдемі айдар. Ал, құйрығы ше, не деген үлкен!
Осындай сөздермен балалардың назарын әтештің сыртқы түріне аударады. Бұдан соң олар әтештің қалай шақыратынын тындайды.
Келесі күнгі серуендеуде тәрбиеші мекиендердің көзі бар екенін, онымен көретінін айтады.