Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей мемлекеттік педагогикалық институты



бет85/168
Дата06.01.2022
өлшемі0,98 Mb.
#15622
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   168
Байланысты:
97bb8a17-479c-11e4-973d-f6d299da70eeЭУМКД п-225 (1)

3.Экскурсиялардағы бақылау. Экскурсияларда балалар тәрбиешінің басқаруымен өсімдіктердің ерекшелігін, жануарлардың сыртқы түрі мен қылықтарын, табиғаттағы маусымдық өзгерістерді бақылап, олардың арасындағы кейбір байланыстарды анықтай алады. Осының бәрі мектеп жасына дейінгі балалардың нақтылы білімін кеңейтеді, «білуге құмарлығының артуына ықпал етеді, дүниені ғылыми тұрғыдан түсінуіне негіз болады.

Экскурсияда зерттелетін заттар мен құбылыстардың саны көп болмауға тиіс (сәбилер тобы үшін—1—2, естиярлар үшін — 2—3, ересектер үшін — 3—4). Экскурсияда балаларды бақылауға ұйымдастыру әрқашанда оңай емес. Олардың тек кейбіреулері ғана тәрбиешіні тыңдап, қалғандары жан-жаққа қарап тұрады.

Кішкене балалардың (2—4 жастағы) зейінін, жоғарыда көрсетіп өткеніміздей, оларға заттарды жақындату және олардың қабылдауын қуанышты сәттермен біріктіру арқылы аударуға болады. Сөйтіп, мысалы, тәрбиеші балаға қарап: «Тыңда, сен үшін құс қалай әндетіп тұр», дей алады. «Мен үшін ән салып тұр ма?»—деп, сол сәтте басқа балалар да сұрайды. «Жақсылап тыңдаңдар,— дейді тәрбиеші,— егер естісеңдер, демек, сендер үшін де ән салып тұр». Балалар құлақ қойып тыңдайды да, қуанышпен былай деп хабарлайды: «Мен үшін де ән салып тұр» (Тәрбиеші Е. П. Хромовских тәжірибесінен, Ленинград). «Бақаның қалай қарғып, шымшық торғайдың қалай секіретінін көрсетіңдерші»— деген секілді ойындық әдістерді де қолдануға болады. Бала қозғалысты көз алдына елестету үшін жануарларды бақылап қарауға тиіс.

Естияр және ересек топтарда балалардың зейінін аударудағы негізгі әдіс — тәрбиешінің бақыл а п ж ү р г е н о б ъ е к т і жөніндегі с ұ р а қ т а р ы. Балалардың жауаптарын тәрбиеші түсініктемелермен жалғастырып отырады. Сұрақтар мен түсініктемелерді жете ойланудың өте зор маңызы бар. Мектеп жасына дейінгі балалардың өте белсенділігін ескере отырып, көп сөзділіктен арылу керек. Балалардың тек тікелей қабылдайтындығы жөнінде ғана айтуға болады. Бақылауды ұйымдастыру кезінде тәрбиеші кейбір балалардың назарынын, тұрақсыздығын ескеруге тиіс және оларды өзіне жақын қойып, сұрақтарды соларға жиі қоюға тырысу керек.

Бақылау процесінде балаларда сұрақтар жиі болып отырады. Жауапты тек тікелей қабылдағандарға байланыстырып қана берген жөн. Мысалы, тәрбиеші тоқылдақты бақылау үшін, балаларды ағашқа алып барады. Олар бірден сұрақтар қояды: «Тоқылдақ не істеп жатыр? Ол ағашты бүлдіріп жатыр ма? Ол зиянды ма? Оның балалары кайда? Оның ұясы қайда?». Тәрбиеші: «Тоқылдақ өз тұмсығымен ағаштан қоңыздарды іздеп жүр және оларды жейді; қоңыздар ағаштың қабығын бүлдіреді, сондықтан тоқылдақ пайдалы құс»,— деп түсіндіреді. Содан кейін тоқылдақтың тұмсығы қандай, ағашты онымен қалай тоқылдатады, ағашқа құйрығын тіреп, құс қалай отырады, басының, кұйрығының және аркасының түсі қандатй екендігін көруді ұсынады. Тоқылдақтың ұясы және оның балапандары жөнінде келесіде айтып беруді міндетіне алады.

Экскурсия кезінде б а л а л а р қ ұ б ы л ы с т а р д ы б а қ ы л а й отырып, оларды салыстырып, өз беттерімен кейбір қорытындылар жасауы үшін, тәрбиеші сұрақтар қ о я д ы. Мысалы, күн шығып тұрған ашық күнгі өзен жағасына серуенге барған кезде тәрбиеші өзен суының түсі қандай, аспанның түсі қандай екенін сұрайды, судың түсі мен аспанның түсін салыстыруды және өзеннің суы неліктен ақшыл-көк екенін түсіндіруді ұсынады. Бұдан кейін жағасында ағаштар өсіп тұрған судың түсіне көңіл аударту және оның бұл жерде неге көкшіл екенін сурау керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет