Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Семей мемлекеттік педагогикалық институты



бет14/28
Дата06.01.2022
өлшемі134,12 Kb.
#16253
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28
Қорытынды сұрақтар:

  1. Жүсіпбек Аймауытұлының өмірі мен шығармашылығы туралы не айтасыздар?

  2. Жүсіпбек Аймауытұлының «Психология» еңбегінің қазақ халқының өмірінен алатын орны қандай?

  3. Баспасөз беттерінде жарық көрген мақалаларының маңызы

  4. Жүсіпбек Аймауытұлы ағартушы

Лекция № 7

Мақсаты: Міржақып Дулатұлы өмірі мен шығармашылығын таныстыру. Міржақыптың «Оян, қазақ» идеясының маңызын түсіндіру. Сонымен қоса мақалаларымен таныстыру.

Жоспар: 1. Міржақып Дулатовтың өмірі мен шығармашылығы.

2. Міжақып Дулатовтың мақалалаы.

3. «Оян, қазақ» идеясының маңызы



Адамзат тарихында қилы-қиямет оқиғалармен, дүбірлі даму үрдісімен ерекше орын алған ХХ ғасырдың басы қашаннан еңбегі еш, тұзы сор қазақ халқы үшін де сындарлы кезең болғаны белгілі. Осындай талма тұста, шешуші сәтте ұлт үшін қызмет көрсетудің үздік үлгісін көрсеткен алтын айдарлы арыстарымыздың қатарында Міржақып Дулатовтың есімі бұл күнде зор ілтипатпен аталады.

Сондай аумалы-төкпелі, аласапыран кезеңде халқының жоғын жоқтап, мұңын мұңдап, аузы алты қарыс патша өкіметіне қарсы бас көтерген қазақ азаматтарының іс-әрекеттерін ұлт азаттығы үшін күрес деп бағалаған жөн. Басым көпшілігі сауатсыз, қараңғыда бұйығып жатқан елді оятып, жаңаша өмірге, еркіндікке, елдікке тарту, әлбетте, оңай бола қойған жоқ. Соның үшін де А.Байтұрсынов ұйықтап жатқан елді оятар ма екен деп «Масасын» ұшырды. М.Дулатов «Оян, қазақ!» деп ұран салды. С.Торайғыров «Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам» деп жалын атты. Ә.Бөкейханов орыс газеттеріне қазақ жерін қалай болса солай тартып алып жатқан, қазақтарды шоқындыруды көздеген патша саясатына қарсы мақалалар жазды.

Осындай зорлық-зомбылықтардың кеңінен орын алғанын сол кездері қазақ даласын басқару орталықтары болған Омбы, Орынбор, Санкт-Петербург мемлекеттік мұрағаттарында күні бүгінге дейін сақталған құжат-қағаздар айғақтайды. ХХ ғасырдың оныншы жылдарында жарық көріп, қазақ даласына жаумай жасын түскендей әсер еткен Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ!» өлеңіне қатысты қозғалған өндірістік іс құжаттарын Омбы облыстық мемлекеттік мұрағатынан ұшырастырдық

Біз бүгін жоғарыда аталған "Оян, қазақ" өлеңіне қатысты құжаттар төңірегінде сөз өрбітпекпіз. Ол үшін М.Дулатов өміріне қысқаша шолу жасай кеткен орынды болмақ.

М.Дулатов 1985 жылы 25 қарашада бұрынғы Торғай облысы Торғай уезіне қарасты Сарықопа болысында, қазіргі Қостанай облысы, Жанкелдин ауданы, "Қызбел" колхозының жерінде туған.

Көзі ашық, көкірегі ояу, қабілеті кемел азаматтың кейінгі өмірінде кеңінен өріс алған белсенді, әлеуметтік, саяси шығармашылық қызметі, міне, осы кездерден басталады.

Бұл кезең XX ғасырдың басы. Талайдан бері өз ырқы өз қолынан шығып, телімге түсіп кеткен қазақ халқының томаға-тұйық қалыптан оянып, бас көтере бастаған шағы. Әлеуметтік-саяси жағынан алғанда, бұл кезең патша өкіметінің қазақ даласында отаршылықты күшейтіп, шаруашылық жағдайы онсыз да оңала алмай жүрген панасыз елге езгісін асыра түскен жылдар еді.

Мүндай жағдай сол кездері көздері ашылып, сана-сезімдері оянып, халқының қамын ойлай бастаған қазақтың алдыңғы қатарлы, озық ойлы азаматтарына қозғау салды. Олар адамзаттың тарихи көшінен қалтарыс қалып, тымырсық жатқан елдің тығырықтан шығар жолын іздестіріп шарқ ұрды. Бастапқыда таза ағартушылық сарында туындап, сонан соң барып саяси сипат алған бұл қозғалыс патшалық биліктің саяси дағдарысқа ұшырауы, елдің түрлі аймақтарында, әсіресе түркі тілдес халықтар арасында ұлт-азаттық, либералдық-демократиялық тұрғыдағы сана-сезімнің ояна бастауы жағдайында анық әлеуметтік құбылыс дәрежесінде бой көрсетті.

Бекіту сұрақтары: Шығармашылық ізденістері туралы не білесіңдер?

«Оян, қазақ» өлеңінің негізгі мазмұндық сипаты қандай?

Мақалаларының мазмұндарымен таныстындар ма?







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет