Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Семей мемлекеттік педагогикалық институты



бет23/28
Дата06.01.2022
өлшемі134,12 Kb.
#16253
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Дәріс №13

Тақырыбы: Құдайберген Жұбановтың өмірі мен шығармашылығы.

Жоспары :

  1. Құдайберген Жұбановтың әдебиеттану саласындағы мақалалары.

  2. Құдайберген Жұбановтың «Абайтануға» қосқан үлесі.

Құдай­бер­ген Жұбанов (19.12.1899, Ақтөбе об­лы­сы, Темір ауд. – 25.2. 1938) – тіл білімі са­ласын­дағы алғашқы қазақ про­фес­со­ры (1932), түркіта­нушы, пе­дагог.

Құдайберген Жұба­нов тіл білімі мәсе­лелерімен 1920 жыл­дан бас­тап шұғыл­да­на бас­та­ды. Ол қазақ мек­тептері мен жоғары оқу орын­да­ры үшін қазақ тілін оқыту бағдар­ла­мала­рын жа­сап, оқулықтар мен әдісте­мелік құрал­дар жаз­ды. «Ауыл мұғалімі» (қазіргі «Қазақстан мек­тебі») жур­на­лын­да мұғалімдер­ге ар­нап қазақ тілін оқыту әдісте­месі ту­ралы, кітап­ты қалай пай­да­лану, оқулықтағы ма­тери­ал­дарды оқушы­ларға қалай нәти­желі игер­ту мәсе­лелерін көтеріп отыр­ды. Осы жур­налда «Жаңа грам­ма­тика­ның жақсы­лықта­ры», «Шы­ла­улар», «Қос сөздер», «Біріккен сөздер», «Әдіс, бағдар­ла­ма мәсе­лелері», т. б. мақала­ларын жа­ри­яла­ды. Жұба­нов қазақ әде­би тілі мен му­зыка­лық өнері ту­ралы да ке­лелі пікірлер ай­тты.



Абайтану ілімінің қазақ әдебиетінің дамуында үлкен орны бар. Ал осы ілімнің негізгі басында Құдайберген Жұбанов тұр. Абайтану ілімі 30-жылдары қалыптаса бастады. Сол уақытта Мұхтар Әуезов Абайдың таңдамалы шығармаларын жарыққа шығарды. Ал оның алдында Абайдың ғылыми негіздегі өмірбаянын жазды. Сол кезде Абайға қатысты әр түрлі пікірлер айтылғаны мәлім. Осы бағыттағы жұмыста Құдайберген Жұбановтың еңбегі зор. Өйткені ол 1934 жылы «Абай — қазақ әдебиетінің классигі» деген көлемді мақала жариялады. Ал оған дейін Абай туралы ғылыми негізді мақала болған жоқ.  Әрине, әр түрлі пікірлер айтылып жүргенімен, шын мәнінде  мақала жоқ еді. Ол кісі негізі кітапша шығарам деген ойда болған секілді. Өйткені мақала 25 беттен тұрады, әрі жалғасы бар делінген. Бірақ, өкінішке орай, біздің қолымызда жалғасы жоқ. Мақаланың бағытына қарағанда Құдайберген Жұбановтың қазақ әдебиетіне қатысы қандай деген сұрақ ойландырады. Өйткені Құдайберген Жұбанов жас кезінен әдебиетке ықыласты болған әрі бүркеншік аттармен түрлі мақалалар жариялап, өлеңдер жазған. Бірақ ол тіл біліміне бейім болды да сол ғылымға ауысып кетті. Егер, шын мәнінде әдебиетті зерделесе де, мықты әдебиетші шығатыны анық еді. Себебі ғалымның әлгі мақаласында өз ойын жеткізу шеберлігі өте керемет, таң қалдырады. Бұл мақалада ол  екі мәселені қарастырады. Бірі — Абай шығармашылығында  Шығыс, шағатай әдебиетінің әсері болса, екіншісі — халық әдебиетіне қатысты. Өйткені ол уақыт Абайды Шығыс, шағатай әдебиетінен үлгі алды деген әңгімені көп айтуға болмайтын қиын заман болатын. Ал Құдайберген Жұбанов сол кезде-ақ Абайдың Шығысқа қатысы бар деген пікірін ашық білдірді. Ақынның алғашқы өлеңдерін айта келіп, Абайдың шағатай әдебиетімен байланысы оның шығармашылығының алғашқы кезеңінде бар екенін айтты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет