Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Семей мемлекеттік педагогикалық институты



бет24/28
Дата06.01.2022
өлшемі134,12 Kb.
#16253
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Қорытынды сұрақтары:

1. Құдайберген Жұбановтың қазақ әдебиеттану саласында алатын орны қандай?

2. Публицистика саласындағы еңбектері жайлы тоқта.

3. Құдайберген Жұбановтың Абайтануға қосқан үлесі қандай?
Дәріс №14. Тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығы

Дәріс жоспары:


  1. Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы

  2. Шәкәрім Құдайбердіұлы мақалалары

  3. Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларының көркемдігі

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858—1931) — ақын, жазушы, аудармашы, композитор, тарихшы және философ. Кейбір деректерде оның есімін «Шаһкәрім» деп те көрсетеді.

Туған жері қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде 1858 ж. шілденің 11де дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған, Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді.

«Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» атты тұңғыш кітабы 1911 ж. жарық көрген. Шәкәрімді философ, тарихшы, ойшыл ретінде де танытатын «Үш анық», «Мұсылсандық шарты» атты туындылары, әлеуметтікағартушылық арнадағы «Жолсыз жаза», «Қалқаман — Мамыр», «Ләйлі — Мәжнүн» т.б. жыр жинақтары мен поэмалары басылып шыққан. Оның сезімді жүрегінен «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», «Жастық туралы», «Анадан алғаш туғанымда» сияқты жиырмаға тарта әсем әуезді әндер туған.

Шәкәрім Құдайбердіұлының «Білімділерге бес сауал», «Би Һәм билік туралы», «Қазақша ай аты жоқ», «Семей облысына қараған барша қазақ ағайындарына ашық хат», «Сөз таласы», «Қазақтың ескі жолының бірі – енші», «Жазу мәселесі», «Земство туралы», «Қазақ балаларының оқу орыс тілінде қойылған мектептерге қашуы неліктен?», «Үш анық», «Екі жолдың түбі қайдан шыққан» және тағы басқа мақалалары бар.

Жаратушыны, алланы, тәңiрдi сүю арқылы рухани тазаруға жетуді уағыздау – Шәкәрiм поэзиясының негізгі өзегі. Осыны жеткізудегі ақын қаламынан туған тың сөз суреттері мен ой образдары оның поэтикалық ерекшелігін айқындайды.

Шәкәрім мұрасының құндылығы – оның рухани бастау көздерінің күрделілігінде. Ең алдымен ол өзі өсіп өнген қазақ жұртының халықтық мұрасын терең меңгеріп, асылын бойына жинақтаған. Сондықтан да рухани жетілу жолындағы алған өзге әсер ықпалдарының ізгі үрдісін халқының қажетіне жарата алған. Шәкәрім адамның ізгі қасиеттерін дамыту жолдарын айқындап, бұл тұрғыда адамзаттық игі дәстүрлерге сүйенеді. Мысалы, барлық діндердің мәнін дұрыс бағалай отырып, қазақ жұртшылығы үшін мұсылмандық жол құран ілімі дейтін тұжырымды ұстанған. Сол арқылы «Жар», «Жаратушы» ұғымдарын жаңғыртып, оны бүкіл дүние тіршіліктің түп негізі етіп көрсетуге дейін көркемдеген. Ақын поэтикасына әсер еткен орыс әдебиетінің игі әсері Пушкин шығармашылығын аударып жалпы адами құндылықтарды бағалаудағы ортақ ойларының үйлесім тапқандығынан көрінеді. Ақынның көлемді эпикалық туындыларындағы тың ізденістер мен өзгеше өрнектер көркемдік амал-тәсілдер ақынның әртүрлі поэзиялық жанрлардағы көркемдік ізденістерін айғақтайды. Шәкәрім поэтикасы – сан-алуан суретке толы, өмір құбылыстарын көркем айшықтаған күрделі сала. Оның сырларына үңіліп, философиялық, психологиялық, тарихи себептерін ашу әлі талайіргелі зерттеулерге негіз болары анық.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет