Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей мемлекеттік педагогикалық институты



бет42/168
Дата06.01.2022
өлшемі0,99 Mb.
#14486
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   168
Байланысты:
97bb8a17-479c-11e4-973d-f6d299da70eeЭУМКД п-225 (1)

Межелік бақылау: межелік бақылау қорытындысы студенттің сабаққа қатысуын, өздік жұмысты уақытында орындауын, сабақта ауызша және жазбаша түрде жауап беруін ескере отырып қойылады.

Емтихан: емтихан барлық студенттер үшін тестік жүйе негізінде жүргізіледі. Тестің әрбір нұсқасы 60 сұрақтан тұрады.



  1. Білімді бағалау критерий
Баға қою саясаты. Студенттердің білімін бағалау – тапсырмаларды орындау және есепке алу
арнайы шкала бойынша қойылады. Барлық тапсырмалар уақытында орындалуы тиіс. Берілген талаптарды орындаған студент сессияға жіберіледі.
Рейтинг шкала

№ р/н

Көрсеткіштер

Саны

Ұпай саны

Ұпайлар

1
Лекцияға қатысу










2

Зертханалық сабақтарға қатысу, тапсыру, орындау

7

4

28

3

Тапсымаларды орындау және тапсыру:

СОӨЖ


СӨЖ

4

5



4

4



16

20






Барлығы:

16




64


Білімді бағалау шкаласы.


Баға

Орташа ұпай

Проценті (%)

Баға мазмұны

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

Д+

1,33

55-59

Д

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

Аттестация 1-30 балл

} – 60 балл (60 %)

Аттестация 2-30 балл


АТТЕСТАЦИЯЛЫҚ БАҒАНЫҢ КӨРСЕТКІШІ (0-30 БАЛЛ)


Аттестация

0-14

15-22

23-26

27-30

Баға

қанағаттанарлықсыз

Қанағаттанарлық

жақсы

өте жақсы

ЕМТИХАН БАҒАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ (0-40 БАЛЛ) Емтихан – 40 балл (40 %)




Балл

0-19

20-29

30-36

37-40

Баға

қанағаттанарлықсыз

қанағаттанарлық

жақсы

өте жақсы


Студенттің білімінің емтихандық бағасын анықтау.

қорытынды бағаға кіреді:



  • қорытынды межелік бақылау – 60 %;

  • емтихан - 40 %.




  1. Студенттер білімін бақылау

Бақылау жұмысын студенттер 4ші аптада, жазба жұмыстарды апта сайын, аптаның кез-келген күні тапсыру керек.





  1. Оқу үрдісі графигі

Оқу үрдісі графигі институттың порталында көрсетіледі, дистанттық кеңестер оқу үрдісінің әр аптаның жұма күнінде жүргізіледі.


  1. Глоссарий


Табиғат — органикалық (тірі) және органикалық емес (өлі) дүниелері бар бүкіл әлем.

Ақыл-ой тәрбиесінің негізгі міндеті —балаларға өлі табиғат туралы, өсімдіктер, жануарлар және балалардың сезіммен қабылдай алатын объектілері мен құбылыстарының арасындағы қарапайым байланыстар жөнінде білім беру.

Ақыл-ой тәрбиесінің ажырамайтын бөлігі—сенсорлық мәдениет. Ол анализаторды (талдауларды) жетілдіруге, балаларда сезімдік тәжірибе жинақталуына бағытталған, ол келесі талдаулардың, табиғаттанудағы қарапайым ұғымдарды қалыптастырудың негізі болып саналады.

Балалардың білімді меңгеруі — олардың танымдық қабілеттерінің, сенсорлық аппаратының, логикалық ойлауының, зейінінің, тілінің, байқағыштығының, білуге құмарлығының дамуымен тығыз байланысты болуы тиіс.

Ландшафт — өзінің құрылымына қарай басқа учаскелерден айырмасы бар, табиғи шекарасы шектеулі, шамамен онша үлкен емес жер учаскесі.

Ауа райы — атмосфераның сол жердегі төменгі қабатының белгілі бір уакыт ішіндегі физикалық жағдайы

Сезімдік қабылдау —-табиғат жөніндегі бүкіл білімнің алғашқы көзі, ал санадағы шындықтың дұрыс сәулесі осы қабылдаумен байланысты сөздердің көмегімен ғана болатынын әр уақыт есте ұстау керек.

Түсінік — мидың анализдік-синтездік іс-әрекетінің нәтижесі. Олар табиғаттағы заттар мен құбылыстардың әр түрлі сапалары мен қасиеттерін бірнеше рет сезініп қабылдау, олардың ішінен айтарлықтай белгілерді және ол белгілердің сөзбен берілуін ажырата отырып, оларды басқалармен салыстыру нәтижесінде жасалады.

Сабақтар - балаларды табиғатпен таныстырудағы негізгі форма. Сабақтар программаға сәйкес, күні бұрын белгіленген жоспар бойынша белгілі бір сағатта өтіледі.

Экскурсия — балалар табиғи жағдайларда: орманда, көгалда, бақшада, су қоймасында т.б. табиғатпен танысатын сабақ.

Бақылау — мақсатқа бағытталған қабылдау, сезім мен тиімділіктің бірлігі көрінетін танымдық күрделі процесс

Эксперимент немесе тәжірибе — арнайы жасалған жағдайларда ұйымдастырылған бақылаудың ерекще түрі.

Еңбек — балалар бақшасында тәрбиелік-білімдік жұмыстың методы ретінде маңызды орын алады.

Ойын — тек көңіл көтеру ғана емес, сондай-ак оның көмегі арқылы жас балаларға қоршаған өмірді таныстыратын да тәсіл болып саналады.

Дидактикалық ойындар. Бұл ойындарда табиғаттың табиғи заттары (овощтар, жемістер, гүлдер, тастар, тұқымдар, кепкен ұрықтар), өсімдіктер мен хайуанаттардың суреттері бейнеленген картинкалар, үстелде ойналатын ойындар мен әр қилы ойыншықтар пайдаланылады.

Әңгіме тәрбиешінің сұрақтарынан және оған балалардың қайтарған жауаптарынан тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет