Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының



бет25/122
Дата07.01.2022
өлшемі0,53 Mb.
#17125
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   122
7-Дәріс. Мақсаты: Өндіріс орындарында болған оқыс оқиғалардын алдын алу жолдарын білу.
Кәсіпорындардағы оқыс жағдайларды есептеу, зерттеру және оны талдау

Алдын алу жазатайым

Өндірістегі жазатайым оқиғалардан сақтандыру немесе алдын алу әртүрлі әдістер мен құралдардың көмегімен жүзеге асырылады. Жазатайым оқиғалардың мән-жайларын зерттеу мен олардың себептерін айқындау төтенше жағдайлардың қайталануын болдырмайтын іс-шараларды әзірлеу үшін көптеген ақпарат береді. Заманауи жағдайларда қоғамға өнеркәсіптік технологиялар қажет, қоғам өркениеттің жетістіктерінсіз өмір сүре алмайды. Және де бұл технологиялар өндірістік тәуекелдерді жоққа шығара алмайды. Өндірістік жарақаттанушылық проблемасы әлі де болса сақталатын болады, бірақ оны шешу оның туындау себептерін бұрынғыдан да терең түсінуді және осыған орай, оның алдын алудың неғұрлым жетілдірілген әдістерін талап етеді. Қызметкерге еңбектің жаңа жағдайларына, қоғамдағы өзгерген әлеуметтік қатынастарға бейімделу қажет. Жұмыс істеушілерді жұмыс орнында қауіпті жағдаяттардың туындау мүмкіндігімен таныстыру, үгіттеу және түсіндіру жұмысы, кәсіпорынның барлық қызметкерлерін жұмыстың қауіпсіз әдістеріне оқыту, өндірістік жарақаттанудан өздігінен сақтану нақты кәсіпорында жарақаттанушылық деңгейін әлденеше есе төмендетуге мүмкіндік береді. Психологиялық және физиологиялық кернеу Талдау жасау соңғы жылдары бірінші қатарға қоршаған ортаның физикалық  факторларына (температура, ылғалдылық, жарық, шу, діріл және ластанған атмосфера) байланысты еңбектің дәстүрлі жағдайларын жетілдіруді ығыстыра отырып, қызметкердің психологиялық және физиологиялық ширығуы жиірек шығатынын көрсетеді. Бұл адамға психологиялық және физиологиялық жүктемелердің өсуімен бір мезгілде дене жүктемелерінің салыстырмалы түрде төмендеуімен байланысты. Қорытындысы белгілі: созылмалы шаршаушылық, ақыл-ойлық және рухани асқын ширығу, басқа қызметкерлермен және басшылармен қарым-қатынастардың шиеленісуі. Бұл ретте физиологиялық және психологиялық шаршап-шалдығу жұмыс сапасының нашарлауымен, аурулармен, назарды жинақтау мен қозғалыстардың үйлесімін жоғалтумен, абайлаушылық пен байқағыштықты жоғалтумен қатар жүреді. Мұның бәрі ұқсас жұмыс орындары мен осыған ұқсас еңбек жағдайларында еңбек ететін жұмысшылардың жарақаттану тәуекелін елеулі арттырады. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды жұмыс берушілер мен қызметкерлер көбінде таза кездейсоқтық, ал зардап шегушілерді құрбандар ретінде қабылдайды. Алайда жарақаттанушылық кенеттен, бірден туындамайды, біртіндеп дамиды. Бірінші сатыда жұмыстар жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін жүйелі бұзушылықтан, асығыстықтан және т. б. құралатын қарама-қайшылықтардың жинақталуы, екінші (қақтығыстық) сатыда адамның салыстырмалы қысқа уақыт ішінде жарақаттануы болып өтеді. Жарақаттанушылық кенеттікпен емес, кәдімгі күтілмегендікпен сипат- талады, сондықтан да оған бірінші сатыда жол бермеуге болады. Қауіпсіз еңбек қызметкерлердің белгілі бір ережелер шеңберінде жұмыс істеуге, кәсіптік сауаттылық пен саналы уәждеменің жеткілікті деңгейіне ие бола отырып, өз функцияларын еңбекті қорғау талаптарына сәйкес орындауға физикалық және психологиялық дайындығын көздейтінін ұмытуға болмайды. "Зияткерлік" және техникалық қателіктер Бұдан бөлек, «техникалық» қателіктерді – кездейсоқ мүлт кетулерді неме- се әдейі істелмеген әрекеттерді, олар әлденеше рет қайталанатын (әдеттегі, стандартты) өндірістік жағдаяттарда жиі кездеседі және көп дүркін машықтанған немесе табиғаты жағынан өздігінен болатын қимылдар (мысалы, назар аударудан айырылудан) кезінде «кездейсоқ» туындайды, «зияткерлік» қателіктерден – көбінесе стандартты емес (әдеттегіден тыс, өзгеше) жағдаяттарда, мысалы, жөндеу немесе баптау жұмыстары кезінде жиі кездесетін қате іс-әрекеттерден ажырата білу қажет. «Зияткерлік» қателіктер негізінен қызметкер білімінің жеткіліксіздігіне байланысты, ол өндірістік жағдаятты (қауіпсіздік тұрғысынан) қате бағалайды немесе бұл жағдаят үшін өзіне белгілі қауіпсіздік ережесін қате қолданады не шынайы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қауіпсіздік ережелерін нашар біледі немесе мүлдем білмейді. Бұған қоса, қолданыстағы ережелер (нұсқаулықтар) кенет қалыптасқан қауіпті жағдаятты қарастырмаған болып шығады, қызметкер «жалған қауіпсіздікпен» абдырап қалады. «Техникалық» қателіктер қызметкердің автоматтық дәрежеге дейін жеткізілген «шеберлігін», ал «зияткерлік» қателіктер қызметкердің теориялық дайындығын және «білімді» дұрыс пайдалану мен стандартты емес жағдайларда дұрыс мінезқұлықты таңдап алуды талап етеді. Егер «техникалық» қателіктер жазатайым оқиғаға әкелсе, онда олар әдетте, жазатайым оқиғаның алдындағы соңғы уақиғалар (әрекеттер) болып табылады. Олар кенет және күтпеген кезде туындап, түзету үшін уақыт қалдырмайды, сондықтан мұндай қателіктрдің салдарлары айтарлықтай болуы мүмкін. Өліммен аяқталған жазатайым оқиғаларға талдау жасау көп жағдайда жазатайым оқиғаға алып келген оқиғалардың кезектілігінде соңғы оқиғаның «техникалық» қателіктер болғандығын көрсетеді. Алайда бұл олардың қауіптілігін көрсетпейді, немесе бізде «техникалық» қателіктердің қандай санының жазатайым оқиғаға әкеп соғатыны туралы статистикалық мәліметтер жоқ болып шығады. «Зияткерлік» қателіктер жағдаяттың бірегейлігімен байланысты және «қасқағымда» жазалануы міндетті емес. «Техникалық» қателіктерден айырмашылығы, оларды жазатайым оқиғаның оқиғалар түйдегінен бөліп шығару анағұрлым қиын екендігін атап өтеміз. Алайда оларды қызметкерлердің сауаттылығын арттыру жолымен болдырмау оңайырақ. Күрес жарақаттар Жұмыстың шамадан тыс екпіні (асығыстық) қызметкердің қандай да бір нәрсеге, яғни орындалатын жұмысқа жұмылуға мәжбүрлейді, бұл оның төніп келе жатқан қауіптілікті сезінбеуіне себепші болады. Сондықтан асығыстыққа жол бермей, өндірістегі асығыс жұмыс жағдаяттарымен барынша күрес жүргізген жөн. Қызметкер төніп келе жатқан өндірістік қауіптілікті неғұрлым ертерек сезінсе және таныса, оның еңбек жағдайлары солғұрлым қауіпсіз бола түседі және нақ осы  жұмыс орындарындағы жарақаттанудың алдын алудың басты факторы болып табылады. Жарақаттанушылықпен күресті жұмыс беруші жүргізетін ұйымдастырушылық шаралардан бастау қажет. Тиімді іс-шаралардың бірі қызметкерлерді ЕҚжЕҚ мәселелері бойынша оқыту және нұсқамадан өткізу болып есептеледі. Тиімді шараларға қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі бойынша кіріспе, жұмыс орнындағы, кезеңдік (қайталау), жоспардан тыс және мақсатты нұсқамаларды біліктілікпен өткізу жатады. Бұған жұмыс уақытын жоғалту ретінде қараудың қажеті жоқ. Мысалы, бұл нүсқамаларды жұмыс уақыты басталардың алдында өткізу фактілері орын алады. Жұмыс күні 08.00-де басталады, ал қызметкерлер 07.45-те келуі керек, оларға 15 минуттың ішінде асығыс түрде нұсқама өткізуге тура келеді. Бұл 15 минут жұмыс уақытына кірмейді және тиісінше ақы төлеуге жатпайды. Бұл дұрыс емес. Өндірістік жарақаттанудың алдын  Өндірістік жарақаттанудың алдын алу мақсатында еңбек жағдайлары бойынша жоғары қауіптілікке ұшырайтын тұлғалар (от жағушылар, машинашылар, электр жөндеушілері және басқалар) үшін қауіпсіздік техникасы бойынша арнаулы курстық оқыту ұйымдастыру маңызды. Сондай-ақ курстық оқыту такелаждық, монтаж, жөндеу және тиеу-түсіру жұмыстарын орындауды ұйымдастыратын бригадирлер үшін де міндетті. Кәсіпорындардағы жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардан сақтандыру үшін қауіпсіздік техникасы жөніндегі кабинеттерді немесе бұрыштарды жабдықтауға болады, онда қауіпсіздік техникасы бойынша плакаттар, сұлбалар, нұсқаулық материалдар, ЖҚҚ, шу, жарық, дірілді және т. б. өлшеуге арналған аспаптар орналастырылатын болады. Көрнекті құралдарды, кинофильмдер мен теледидар хабарларын пайдаланумен семинарлар, лекциялар, әңгімелерді, нұсқамаларды жүйелі өткізу өндірісте қауіпсіздік техникасын насихаттаудың пәрменді тәсілі болып табылады. Мысалы, бірқатар кәсіпорындарда еңбекті қорғау мәселелері бойынша конкурстар, байқаулар, үздік кабинет, еңбекті қорғау жөніндегі үздік инженер, үздік құрылымдық бөлімше байқаулары өткізіледі, ЕҚжЕҚ бойынша жүйелер мен стандарттар енгізіледі, еңбекті қорғау күні (аптасына бір рет) белгіленеді, үшсатылы бақылау өткізіледі және т. б. Жер-жерде Бүкіл дүниежүзілік еңбекті қорғау күні – 28 сәуірге көңіл бөлу де жұмысшы ұжымдарға оңды әсер етеді, бұл жерде дүниежүзілік өндірістік жарақаттанушылықтың статистикалық мәліметтері келтіріледі. Сондай-ақ, қызметкерлер жұмыс орнындағы қауіптілік мәнін түсіну үшін әрбір жұмыс орны мен технологиялық операциялар бойынша мүмкін болатын қауіптіліктер тізбесін жасау қажет. Қауіпті жағдаяттардың туындау мүмкіндігінің болуы кәсіпорынның еңбекті қорғау қызметінің ақпарат жинау, жұмыс орындарын тексеру, жұмыс істеушілермен орын алған кемшіліктер туралы сауалдама жүргізу, өндірістегі жазатайым оқиғалар мен жұмыстар жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзушылықтарды тергеп-тексерудің бағыты мен әдістерін белгілейді. Өндірістік жарақаттанушылықтың алдын алу бойынша қызметтің басымдыққа ие бағыттарын: - өндірістегі қауіпті жағдаяттардың туындау мүмкіндіктерін айқындау, олардың алдын алу, жұмыс істеушілерді оларды жою мен болдырмау әдістерімен таныстыру. Өндірістік орта мен еңбек үдерісіндегі жағымсыз әсерлердің профилактикасы. Жұмыс орындары мен технологиялық үдерістерде кез келген тәуекелді алдын алу, өндірістік жабдықтар мен технологиялық үдерістерді неғұрлым қауіпсіздеріне алмастыру жо- лымен болғызбау жөнінде шаралар қабылдау. Жұмыс орындарын, демалыс орнын, қызметкерлерге тұрмыстық қызмет көрсетуді дұрыс ұйымдастыру. Алдыңғы қатарлы технологияны енгізу, еңбекті көп қажет ететін үдерістерді механикаландыру. Авариялық жағдаяттың дамуы мен жарақаттаушы факторлардың басқа тұлғаларға әсер етуін болғызбау. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды өткізу; - қызметкерлерге арнаулы киім мен аяқ киім беруді қамтамасыз ету, оларды қолданыстағы тиісті нормаларға сәйкес алдын алу өңдеу құралдарымен, жуушы және залалсыздандыру құралдармен, медициналық қобдишамен, сүтпен, емдеу-профилактикалық тағаммен, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен жабдықтау; - заңнамамен көзделген жағдайларда қызметкерлерді міндетті, мерзімдік (еңбек қызметі ішінде) медициналық тексерулерден және ауысым алдындағы медициналық куәлендіруден, сондай-ақ еңбек жағдайлары өзгеретін басқа жұмысқа ауыстыру немесе кәсіптік ауру белгілері пайда болған кезде медициналық тексеруден өткізу; - өндіріс мәдениетін арттыру, жұмыс істеушілердің өндірістегі қауіпті жағдаяттардың туындау жағдайлары мен себептерін, мәнін сезінуі бой- ынша үгіт және түсіндіру жұмысын жүргізу, жұмыстарды қауіпсіз жүргізу ережелерін бұзушыларға әкімшілік, тәртіптік және материалдық әсер ету шараларын, қызметкерлерді көтермелеу мен ынталандыру жүйесін қолдану; - жұмысшылар мен барлық деңгейлердегі басшыларды жұмыстарды қауіпсіз жүргізу ережелеріне, қауіпті жағдаят туындауының мүмкіндігін өз уақытында және айқын тани білуге үнемі оқыту. ЕҚжЕҚ мәселелері бойынша оқыту, нұсқамалар беру мен білімін тексеруді, ЕҚжЕҚ бойын- ша ұйымдастыру-техникалық шараларды өткізу. Өндірістік үдеріс пен жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі құжаттармен қамтамасыз ету; -  өндірістегі жазатайым оқиғаларды, кәсіптік аурулар мен аварияларды тергеп-тексеру, олардың қайталануына жол бермейтін шараларды әзірлеу және енгізу; - өндіріске жарақаттанушылық пен кәсіптік аурулардың алдын алудың алдыңғы қатарлы әдістерін енгізу деп есептеуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет