Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының
«Аягөз қаласының политехникалық колледжі»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
«Бекітемін»________________
Аягөз қаласының политехникалық
колледжінің директоры
____________ Дюсегулов Б. О.
__ ___________ 2018 ж
Еңбекті қорғау
пәнінің оқу-әдістемелік кешені
1414072 Ағаш және жиһаз өндірісінің шебері мамандығына арналған
Аягөз 2018 ж.
Алғы сөз
1. Құрастырған
КМҚК «Аягөз қаласының политехникалық» колледжінің арнайы пән оқытушысы Ислямова Ардақ Ерланқызы.
«……» ……………2018 жыл.
2. Талқыланды:
2.1. Оқу-әдістемелік кешен «Ақпараттық технологиялар және АЖШ» бірлестігінің отырысында қарастырылып бекітілді.
Хаттама «……» ……………2018 жыл, №
Пән бірлестігінің жетекшісі ……………. Ардашева Д.Е
3. БЕКІТЕМІН:
Колледждің оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде қаралды Хаттама «……» ……………2018жыл, №
ОӘК төрағасы, оқу ісінің меңгерушісі …………Дюсенбаева Г.А.
МАЗМҰНЫ
Түсініктеме хат
Нормативтік сілтемелер
I курс студенттеріне күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Дәрістер
Зертханалық жұмыстар
СӨЖ Студенттің өздік жұмысы
II курс студенттеріне күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Дәрістер
СӨЖ Студенттің өздік жұмысы
Студенттерге қосымша тапсырмалар
МБЖ Міндетті бақылау жұмыстары
Пайдаланылған әдебиеттер
Түсінік хат
Бұл Типтік оқу бағдарламасы «Еңбекті қорғау» пәні бойынша даярлау деңгейіне және мазмұнының міндетті минимумына қойылатын мемлекеттік талаптарды іске асыруға арналған.
Пәнге жалпы бөлінген сағат көлемі - 76 сағат,
соның ішінде: теориялық – 64 сағат,
практикалық – 12
Осы жұмыс оқу бағдарламасы студенттің технологиялық жəне еңбек мəдениетін, жеке тұлғаны еңбек етуге, азаматтық жəне патриоттық сезімге тəрбиелеуге, бұйымды жобалау, конструкциялау жəне дайындау негізінде, материалдарды, энергиялар мен ақпараттарды қайта өзгертуге байланысты,практикалық мəселелерді шығармашылықпен шешу үшін оқушылардың бастапқы түсініктері мен біліктіліктерін қалыптастыруға,нарықтық еңбек жағдайына байланысты кəсіби бейімделуіне бағытталған.
Танымдылық әрекетті ұйымдастыру түрі кепілдемелік сипат алады.
Тарауды игеруде сағат саны да кепілдемелік сипатқа ие болады және пән бойынша білім мазмұнын сақтауда өзгеруі мүмкін.
Еңбекті қорғау және өндірістік экология пәні бойынша жасалған типтік оқу бағдарламасы мыналарды оқытуды қарастырады:
қауіпсіздік шараларын
өндірістік санитарияны;
өрт қауіпсіздігін
электр қауіпсіздігін
Типтік оқу бағдарламасын жүзеге асыруда дидиктикалық және көрнекі құралдарлы: плакат, макет; оқулық және оқу әдістемелік нұсқаулар қолданылады.
Материалды меңгерту жаңа технологиялардың өркендеп дамуын ескере отырып, өз уақытында ақпараттарды толықтыру, жинақтау, өңдеу негізінде адам қызметінің кез келген саласын рационалды басқаруға мүмкіндік береді.
Осы Жұмыстық оқу бағдарламасымен пәннің теориялық материалдарын меңгерту, оларды тәжірибеде қолдана білу дағдыларымен қаруландыру, қолданбалы бағдарламалармен, деректер қорымен, кәсіпорынды басқаруды автоматтандырудың бағдарламалық қамтамасыздандырылуымен жұмыс дағдыларын қалыптастыру қарастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |