Өлімге соқтыратын жарақат жиілігінің коэффициенті КС – белгілі бір мерзім кезеңіне қауіпті өндірістік объектіге қызмет көрсететін жұмыскерлер санына сәйкес келетін өндірістегі өлім санын сипаттайды (әдетте бір жылға).
Жазатайым оқиға жиілігінің коэффициенті - белгілі бір мерзім кезеңіне қауіпті өндірістік объектіге қызмет көрсететін жұмыскерлер санына сәйкес келетін өндірістегі жазатайым оқиға санын сипаттайды (әдетте бір жылға).
Кәсіби ауру коэффициенті мынадай формула бойынша анықталады:
Кз =n3/N,
мұнда n3 – есепті жылға кәсіби ауру бірінші рет белгіленген қызметкерлер саны.
Кәсіби ауру коэффициентін анықтау үшін жыл сайынғы медициналық қаралу деректерін есепке алу қажет.
Есепті жылда алғаш рет кәсіби ауру анықталған жұмыскерлер саны – бұл медициналық қаралу кезінде алғаш рет кәсіби ауру анықталған (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 709 «Міндетті медициналық тексеріп-қараулар өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін, сондай-ақ осындай тексеріп-қарауларды өткізу ережесін және кезеңділігін бекіту туралы бұйрығы) және мамандандырылған емдеу мекемелері растаған тұлғалар саны.
Кәсiби ауру - қызметкердiң еңбек (қызмет) міндеттерiн орындаумен байланысты оған өндiрістік факторлардың әсер етуiнен туындаған және оларға кәсіптік еңбек ету қабілетін уақытша немесе тұрақты жоюға соқтырған созылмалы немесе қатты ауруы.
Кәсіби ауру - жыл бойында қайтадан анықталған кәсіби аурулар мен уланулар санының өндірістік орта мен еңбек процесінің зиянды факторларының әсеріне тартылатын 100, 1000, 10000, 100000 жұмыс істеушілерге есептелген көрсеткіші.
Достарыңызбен бөлісу: |