16-Дәріс. Мақсаты: Шу мен діріл туралы толық мағлұматта болу және олардың нормалары.
Шу мен дірілді нормалау.
Дыбыс (шу) адамдардың көптен бергі тұрақты ерігі, ол болмай қалғанда алаңдап, көңілсіз жүреді.
Жапырақтың жеңіл сыбдыры, бір қалыпты жаңбыр тамшылары, теңіз суының жағаға соққан гүрілі. жақсы саз бен ән т.б. дыбыстар көңілді жайлап, тыныштық әкелсе; ұшақ қозғағыштың дауысынан жүргізушілер оладың қалыпты жұмыс істейтіннен хабардар болса; сүңгір қайқтар мен кемелердің дыбысынан олардың тұрған орның тез табыуға болады. радио және есептеу техникасында, радиоастрономияда, медицинада т.б. техника мен ғылым салаларында дыбыс роль атқараы.
Дыбыстың зиянды жақтарыда бар. қатты дбыстар жұмыс жасауға, ойлауға, демалуға кеселін тигізеді.
Бұрын дыбысқа (шуға) көп көңіл бөлмей, оны мәдениет пен техниканың айырлмас жолсерігі, онан құтылудың жолы жоқ деп есепелетін.
Қазір болса, мәшинеле мен жабдықтардың саны өсіп, мөлшері ұкеюіне байланысы қоршаған ортада дыбыс көп тарап және жағымсыз факорлардың біріне айналады. Қалалар мен өндіріс орталықтарында шу жылдан жылға көбейіп, елдің мазасын ала бастады. 1948 жылы Қала тұрғындарының 23 проценті, дыбыстың өсуіне наразылық білдірсе, 1961 жылы олардың саны 50 процентке жетті. Соңғы 20 жылда үкен қаладағы дыбыс қуаты 10-15 есе көбейді.
Қаладағы шу негізінен темір жолмен жұрген пойыз трамвай тырасынан, ұшақтардың гүрілінен, автомәшине, мотоцикл трмыстық жабдықтар мен құрыыс алаңында жұмыс жасайтын техникаың дыбысынан құрылыс алаңында жұмыс жасайтын техниканың дыбсынан құралады. Барлық шудың 80 процентіне жуығы автомәшинелерден тарайды.
Адамдар үшін шу өте қауыпті. Оның қолайсыз әсері көп уақытқа дейін білінбей жұреді де, білінгеннен кейін емдеуге кеш болады. Оның үстіне дәрігерлер нәтижелі емдеу жолдарын әлі таба алмай жү.
Шу (дыбыс) деген не ? шу деп түрлі жиліктегі және қуртағы дыбыстардың шым –шытырық қозғалысын айтады. Дыбыс үнемі газды, сұйық және нағыз ортада ғана толқын түрінде тараған тербелмелі қозғалыстан туады. Газды, сұйық немесе нығыз орта болғанда ғана дыбыс адамдардың құлағына естіледі. Ауа жоқ жерде дыбыс толқындары таралмайды да, ешқандай дыбыс естілмеиді.
Мысалы: қоңырауды электір жұйесіне жалғап шыны қалақпен жапсаң қоңырау сылдыры анық естіліп тұрады. Егер қалпақастындағы ауаны насоспен біртіндеп сорса қоңырау сылдыры азаия түседі де, ауа бекіткен соң естілмейтін болады.
Ауаның тербелуі жиіленген сайын дыбыстың күші де әрі жоғары, әрі жіңішкелене береді. Мысалы: сиыр мөңірегенде ауа секонтіне 20 –30 қозғалу (тербелу) болса, масаның ызыңында 10000-ға дейін тербелу болады.
Дыбыстың негізгі физикалық сипаттамалары мыналар: тербелу жилігі, таралу жылдамдығы, күші және қысымы.
Дыбыстың тербелу жилігі (1) герцпен өлшенеді. 1 герц (гц) 1 секонт ішінде толық бір циклі өтетін тербеліс жилігнің өлшеу бірлігі Герц атауы элктромагниттік толқындары ашқан неміс физигі Г.Р. Герцтің құрметіне қойылған. Орысша Гц, халықаралық белгіде Hz болып жазылады.
Жоғарғы жиіліктерді өлшеу үшін оның еселік бірліктері жиі қолданылады: 1 килогерц ( Кгц ) = 1000 гц, 1 мегагерц ( Мгц ) = 1000000 гц.
Шудың (дыбыстың) адам организміне әсері
Зерттеулер көрсеткендей ұзақ уақыт көп жерде болған адамдар-дың денесінде қолайсыз өзгерістер пайда болып, зат алмасу процесі, рухани күйі, ішкі сезімі нашарлайды. Көздің көруі төмендеп, қан қысымы көбейіп, жұмысқа, оқуға, үйренуге ұқыптылық азаяды.
Әрине, дыбыс жоқ жерде тұрып, қызмет істеу де қиын. Туғаннан бері жолсерік болған дыбыс естілмей қалса бір нәрсе жетпей тұрған-дай, кісінің көңіл-күйі келіспей жүреді. Әңгіме дыбыстың болмауында емес, оның күшінде, қаттылығында, қысымында болса керек. Осыған мысал ретінде 1-2 факті келтірейік.
Ганновер (ГФР) қаласында жаңа құрастырушылық бюросы құрылысын жобалағанда сәулетшілер көшедегі дыбыстың жұмыс орнына, өтпеуі үшін барлық шараларды алып, терезеге үш қабат әйнек орнатып, қабырғаны дыбыс өтпейтін ойық бетоннан салып, ішін арнаулы пластикалық түс қағазбен жапсырған. Бір жеті өткеннен кейін қызметкерлер мылқау тыныштықта жұмыс істеу ауыр екенін, жүйкелері жұқарып, іскерлік қабілеттері азайғанын айтып аразданатын болған. Магнитофон арқылы көшедегі үйреншікті дыбысты мезгіл сайын қайталап отырса көңілдері көтеріліп, жұмыстары жақсара бастаған.
Кембридж (Ұлыбритания) университетінің рухани күйі, ішкі сезім лабораториясындағы ғалымдар көп жылғы зерттеулерден кейін күтпеген қортындыға келіп, белгілі бір күштегі дыбыс адамдардың ойлау қасиетінің өсуіне ықпал жасайтынын білді. Тәжірибе кезінде сазды әуен тыңдап немесе әңгімелесіп отырған кісілер математикалық есептерді тыныш жерде отырғандардан тез шығарған.
Жапония дүкендерінде жауын тамшылары дыбысын қайталайтын құралмен жабдықталған жастықтар сатылады. Тамшының түсу жиілігі адамның қан қысымымен бірдей етіп жасалған. Мұндай жастықтар ұшақтарда бар. Жолаушының тез ұйықтауына көп әсер етеді.
Әрине, әр адамға шудың әсері де әр түрлі. Ол адамдардың жасына, денсаулығына, қоршаған ортаға байланысты болады.
Кейбір тұрақты немесе жиі қайталатын дыбыстарға адамның үйренуі, көндігіп кетуі де мүмкін. Бірақ олардың зиянды әсері кейіннен біліне бастайды, бірте-бірте құлақ естімейтін болады.
Қала тұрғындарының есту мүшелері үнемі қорланып жұмыс істеуіне байланысты, олардың есту табалдырығы 10-25 дБа жоғары болады. Кейіннен есту нашарлап алдымен қаттылығы жоғары, соңынан төмен дыбыстарды естімей қалады. Үнемі жоғары қаттылықты дыбыстар әуелі құлақта ызың болып, кейін бас айналып, шаршап жүйке жүдеп, жүрек соғысы, қан айналымы бұзылып, асқазанда жара пайда болуына әкеліп соғуы мүмкін.
Қаладағы шудың көпшілігін автомәшинелер, олардың ішінде жүк таситын дизель қозғағышты мәшинелер береді.
Мәшине көп жүретін үлкен көшелерде дыбыстың күші ( интенсивтілігі ) 68-78дБа, онан кіші көшелерде 63-69 дБа, мөлтек аудандағы тұрғын үйлер арасындағы көшелерде 51-60 дБа болады.Көшеде пайда болған дыбыс ауамен жан-жаққа тарап, тұрғын үйлерге, қызмет орындарына жетіп жатады.
В.А.Токаревтің мәліметтері бойынша Алматыдағы жалпы қалалық үлкен көшелерде дыбыс күші 67-77 дБа, сондағы терезелері үлкен көшеге қараған үйлерде 57-65 дБа болған. Қарағанды қаласында терезелері үлкен көшелерге қараған тұрғын үйлерде дыбыс күші көшедегіден тек 4-5 дБа.-ге кем болған.
Автомәшинелердің шуын азайту, қала тұрғындарын шудың зиянды әсерінен сақтау үшін:
шуы аз мәшинелер шығару, қозғағыштарын жетілдіру, жоғары көрсеткішті сөндіргіштермен, мәшиненің газын толық өртеп, зиянсыз ететін құралдармен жабдықтау мәселелерін шешу қажет;
қала көшелерінде мәшине жүруді реттеу, жүк таситын мәшинені қала көшелерін аралатпай сыртқы жолмен баратын жеріне тіке жүргізу, қала көшелерінде мәшинелер бір баытта жүру, олардың светофор алдында тұруын азайту т.б.ұйымдастыру шараларын алу қажет.
Қаладағы шудың екінші көзі – темір жол көлігі.
Пойыздардың жылдамдығы өсуге байланысты дыбыстың қысымыда
қысымыда көбейеді.Электр қуатымен жүретін жүк таситын, пойыздар 7,5 м.
қашықтықта тұрып өлшегенде 93 БА-ге дейін, кісі таситын пойыздар 92 дБа шу тарататыны белгілі болды.Пойыздың жүрісі сағатына 35 км болса 82 Дба, 200-ден 300 м.-аралыында – тағы 2-3 дБа-ге кеміп отырады. Темір жолдан 300 м. алыстағанда ғана дыбыс күші жергілікті, жердегі мөлшермен теңеледі. Сондықтан осы күні қолданылып жүрген қаладағы теміржолдан санитарлық қашықтық 100 м., ауылдағы-50 м. жеткіліксіз, адамдарды шудың зиянды әсерінен қорғай алмайды.
Қаладағы ескі трамвай вагондары 95 дБа-ге дейін, жаңалары 75 дБа-ге дейін шу таралады. Рига (Латвия ) қаласында вагон жасайтын зауыт вагонның шанағын ауаның қысымымен аспалы етіп, соқтығуды азайтатын серіппелі тетік қойып шуын азайтты.Осындай жылдам жүретін, шуы аз вагондарды Чехия да шығарады. Шуды азайту мақсатымен Волгоград қаласының орталығында ұзындығы 3 км. трамвай жолын жерастына түсірген.
Электр қуатымен жүретін трамвай мен троллейбус қоршаған ортаны аз ластайтын болғандықтан көптеген елдер қалада олардың санын көбейтіп, автомәшинелерді аз жүретін етуге көңіл бөлуде.
Қала тұрғындары үшін әуе көлігінің де зиянды әсері бар. Ұшақтар аспанға көтерілгенде, немесе қайта қонарда, қаланың үстінен төмен ұшып, жұрттың берекесін кетіреді.
Ұшақтардан тарайтын шудың күші ұшақтың түрі мен санына, ұшатын уқытына, ұшып-қону жолдарының бағытына байланысты. Тәулік бойы тынымсыз жұмыс істейтін аэропорттардан тарайтын шудың күші 92-ден 108 дБа-ге жетеді. Сол маңайдағы тұрғын үйлерде 80 дБа болады. Аэропортқа жақын үй тұрғындары жүйке ауруларына көп шалдығып, ашушаң болғандарын, ұйқылары тез бұзылатынын, өне бойы үрейлі болып жүретіндерін айтады. Ұшақтар аспанға көтерілгенде, қозғағыштарын тексергенде ыдыс-аяқ сыбдыры, үйлер теңселуі болатыны белгілі. Аэропорттың шуын азайту үшін:
жаңа, шуы аз ұшақтар ойлап шығару, олардың қозғағыштарын турбо- желдеткішпен алмастыру, дыбыс өткізбейтін жапқыштар қолдану қажет;
ұшу әдістерін жеңілдету, ұшарда тік көтеріліп, қонарда қозғағыштың айналымын азайтып, дөңгелектерін кешірек түсіру т.б. әдістерді қолдануға көшу дұрыс.
аэропорт құрылысын жобалағанда тұрғын үйлермен екі арада санитарлық- қорғау алқабы болуын, үшып-қону жолдары бағытын қаланың үстінен өтпейтін ету, аэропорт айналасында дыбысқа кедергі болатын қалқандар, құрылыстар салып, ағаш отырғызу қажет.
Бақылау сурақтары:
1.Шудың (дыбыстың) адам организміне әсері.
2.Шудың (дыбыстың ) негізгі көздері
3.Қаладағы шудың екінші көзін ата.
Достарыңызбен бөлісу: |