Шу мен діріл
Шу дегеніміз адамға жағымсыз әсер ететін кез келген дыбыс.
Адамның дыбысты қабылдауы оның жиілігіне, екпініне және қысымына байланысты. Дыбыстың қысымы деп, оның атмосфералық қысымнан жоғары айырмашылығын айтамыз. Дыбыстың қысымы паскальмен (Па) өлшенеді.
Дыбыстың екпіні деп дыбыс толқыны арқылы белгілі бір ауданнан белгілі бір уақытта өткен энергияны айтамыз. Ол Вт/м2 пен өлшенеді.
Дыбыстың жиілігі дегеніміз оның бір секундтағы толқуының саны. Ол Герцпен (Гц) өлшенеді. Дыбыстың 1 секундтағы 1 толқуы 1 Гц тең.
Адамның жәй сөйлескендегі дыбыстың орташа деңгейі 40 децибелл болып есептеледі.
Өндірісте шудың шектелген мөлшері белгіленген. Ол, жиілігі төмен шулар-40-100 дб, жиілігі орташа шу-85-90 дб, жиілігі жоғары шу-75-85 дб дейін адамға зиянсыз.
Шудың деңгейін шу өлшегішпен (шумометр) өлшейді. Ойлау арқылы жұмыс істелетін бөлмелерде шудың мөлшері барлық жиілікте 60 дб-ден аспауы керек.
Діріл дегеніміз машинаның, немесе оның кез келген бөлшектерінің, сондай-ақ олар орналасқан жердің серіппелі толқуы
Дірілдің екпіні оның амплитудасы мен жиілігіне байланысты.
Дірілдің деңгейі 16-20 Гц-тен асқанда дыбыс пайда болады, ал жылдамдығы 1 м/с болғанда денені ауыртады, нерв жүйелері мен жүрек буын жүйелеріне әсер етеді.
Дірілдің деңгейі түрлі виброметр, вибрографтармен (ВР-1) өлшенеді және шу мен діріл өлшегіштерімен қорғайтын аяқ киім, қолғап, резина төсегіштер т.с.с қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |