Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының



бет16/27
Дата07.01.2022
өлшемі5,95 Mb.
#17124
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27
10-Дәріс. Мақсаты:

Ағаштарды кептіру

Ағаш кептіру — кәделік ағаштың ылғалы азайып, әбден кеткенше баптап құрғатады. Әуелі, ағашты қабығымен сұлатқан соң көлеңкеде біраз уақыт бойы кептіреді. Күн көзі ағашқа тура түссе, ағаш жарылып, іске жарамсыз болып қалады. Егер ағаш діңінің қалыңдығы сынық сүйемдей болса, құрғақ лапастың астына түп жағын жоғары қарата тігінен тұрғызып қойып кептіреді. Көлденең кесіндісіне сыр жағып, кесілген жерінен бір-екі елідей шегіне сымтемірмен буып, бұрап қояды. Ылғал ағаштың қабығын аршып, өн-бойын тұтас сиырдың жапасымен сылап, көлеңке жерде кептірген немесе қабығы аршылған ағаш діңін көңнің арасына көміп құрғататын тәсіл де болған. Сол сияқты қазақ шеберлері ағаш дайындамаларды құрғақ құм, топырақ, ағаш үгіндісі мен құрғақ жапыраққа көміп қойып кептіреді. Байырғы шеберлер ағаш неғұрлым ұзақ кептірілсе, соғұрлым сапасы жоғары болады деп есептеген. Қабығын ағаш орақпен сыдырып алып тастаған ағаш шырышты, тайғанақ болады.

Адам ежелден – ақ ағаш кептіруде түрлі әдісті қолданған. Мысалы, қазақтар жаңа кесілген ағашты қабығын аршып,көленке жерде бірнеше ай ұстаған, ал кейбір шеберлер күлдің астында сақтаған. Кең тараған тәсіл – жаңа кесілген су ағаштан бұйымды барынша болжамға келтіріп өңдеп, оны 2 – 3 сағат суға салып қайнатқан. Сөйтіп ағаштың бойындағы химиялық заттардың бәрін сыртқа шығарған. Өндірістік саланың дамуына байланысты қазіргі кезде ағаш арнаулы камералардың күшімен белгілі бір температурада кептіріледі. Кептірудің бірнеше түрі бар.Олар: атмосфералық, камералық, беттестіру ар – қылы,жоғары ток өрісі арқылы және балқытылған ортада кептіру.

 Атмосферада табиғи кептіру. Ағашты ашық ауада, күннің көзі мен жауын – шашын тимейтін жерде немесе арнаулы бөлмеде табиғи самал жел арқылы кептіреді.Бірақ бұл тәсілді қысты күні ашық ауада қолданбайды. Кебу жылдамдығы ағаштардың ауа өткізгіштігіне байланысты.Атмосфералық кебу уақыты ағаштың жуандығына, жыл мерзіміне қарай 8 тәуліктен 70 тәулікке дейін созылады.

Камерадақолдан кептіру. Бұл әдіс арнаулы кептіру камераларында өтеді. Кептіру камерасы деп ағашқа конвенциялы түрде жылу беру арқылы (ауамен,бумен, газбен т.б.) өтетін ортаны айтамыз. Камералық кептіру атмосфералық кептіруге қарағанда өте жылдам және нәтижесі де жақсы, яғни белгілі бірылғалдықты сақтайды.Бұл камерада ауаның айнавлымы табиғи емес,желдеткіш арқылы жасанды түрде өтеді.

Ток өрісі арқылы кептіру. Ағаштың ток өткізу қабілеті нашар болғандықтан, жоғары ток күші тез қызып,оның бойындағы ылғалды буландырады.Бұған уақыт аз кетеді.Аталмыш әдіс өндірісте жоғары бағаланады.

Балқытылған ортада кептіру. Арнаулы контейнерге реттеліп жиналған ағашқа алдынала балқытылған аралас ерітіндіні құйып,температурасы +120 +140 С ыстық контейнерге жібереді. Сол жерде ағаштың бойындағы ылғал буланып шыға бастайды.Кептіру 8 – 20 сағатқа созылады. Бұл әдіспен кептірілген ағаш нашар өңделеді әрі оның желімделуі де нашар болады.



(Қосымша ақпараттар: Ұлттық саз аспаптарын жасау технологиясы кітап параграф 1.14 тақырыбы)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет