Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы



бет1/4
Дата08.06.2022
өлшемі111 Kb.
#36538
түріБағдарламасы
  1   2   3   4
Байланысты:
(ЖОБ) ЗЕРТХАНАЛЫҚ ІС2


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ
МАҚТААРАЛ АГРАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
БЕКІТЕМІН
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары
____________Т.Қалменов
«____» __________ 2020ж.
ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Пән: ЗЕРТХАНАЛЫҚ ІС ТЕХНИКАСЫ
1513000 - Ветеринария

Атакент 2020 ж

Жасаған оқытушы:


Л. Хамитова _____________
«Ветеринария» пәндік әдістемелік комиссиясы мәжілісінде қаралып, мақұлданды.

хаттама «___ » 2020ж.


ПӘК төрайымы: Г.Жиенбаева ___________


Колледж оқу-әдістемелік кеңесінде қаралып. келісілген.


хаттама «___» 2020 ж.


Колледж әдіскері: К. Текебаева ______________
Жұмыс оқу бағдарламасы
1. Алғы сөз.

Осы жұмыс оқу бағдарлама Қазақстан Республикасы техникалық және кәсiптiк бiлiм беру саласына 1513000 – «Ветеринария» мамандығы бойынша әзірленген.


Осы жұмыс оқу бағдарламасы «Зертханалық іс техникасы» пәні мазмұнының міндетті минимумдарына және даярлау деңгейіне қойылатын талаптарды жүзеге асыра отырып, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының оқу жұмыс бағдарламасын әзірлеуге негіз болады.
«Зертханалық іс техникасы» пәнінің мақсаты мен мәні - бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауда жануарлардың әр түрлі этиологиялы аурулары кезінде ағзалар мен тоқымаларда кездесетін патологиялық өзгерістердің және аурудың қоздырғыштарын анықтау кезеңдеріне байланысты олардың ерекшеліктерін қарастырады.
«Зертханалық іс техникасы» пәнінің жұмыс оқу бағдарламасын жүзеге асыруда оқытудың келесі түрлері ұсынылады: лекциялар, семинарлар, саяхат сабақтар, тәжірибелік сабақтар, бақылау жұмыстары және т.б.
Оқу материалы мазмұнының ерекшеліктері мен күрделілігін ескере отырып, оқытудың келесі әдістері ұсынылады: сұхбаттасу, пікірталас, өндірістік жағдайларды талдау, іскерлік ойындар, миға шабуыл, материалдарды жариялау, кіші топтардағы жұмыс және т.б.
Жергілікті жағдайлар мен жұмыс берушілердің талабын ескеретін аймақтық ерекшеліктерді енгізу арқылы оқылатын тақырыптарды, бөлімдерді тереңдету немесе кеңейту (соның ішінде қосымша сағат есебінен) бағытында бөлімдер мен тақырыптар тізімін өзгертуге болады.
Оқылатын курс келесі пәндерден меңгерген білімдерге негізделеді:

  • Зоология,

  • Биология,

  • Анатомия,

- Физиология,
- Генетика.
Курсты оқу барысында меңгерген білімдер келесі пәндерді оқуда қолданылады:
- Ішкі жұқпайтын аурулар,
- Өсімдік және жануар текті өнімдердің сапасын ветеринарлық –
санитарлық сараптау.
- Эпизоотология микробиологиямен.
- Паразитология және инвазиялық аурулар.
- Ветеринариялық хирургия.
- Клиникалық зертханалық зерттеу әдістері.
Осы жұмыс оқу бағдарлама ветеринарлық зертханалардың құрылымын, түрлерін, техника қауіпсіздігін, зертханадағы құрал-жабдықтардың дұрыс қолдануын, тазалау, жуу, кептіру, зертханалық техникалардың жұмыс істеу принциптерін, реактивтер мен препараттар дайындауды игеруге бағытталған тәжірибелік тапсырмаларды шешуге дағдыландыратын, оқу материалын ойдағыдай игеруге әсерін тигізетін тәжірибелік сабақтарды жүргізуді қарастырады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет