Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі түркістан облысының білім басқармасы



бет8/9
Дата22.06.2023
өлшемі167,43 Kb.
#102971
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Мысалмен түсіндірейік.
220 мен 284 сандарының бөлгіштерін табайық.
220 санының бөлгіштері: 1; 2; 4; 5; 10; 11; 20; 22; 44; 55; 110.
284 санының бөлгіштері: 1; 2; 4; 71; 142.
220 санының бөлгіштерінің қосындысын табайық: 1+2+4+5+10+11+20+22+44+55+110=284.
284 санының бөлгіштерінің қосындысын табайық: 1+2+4+71+142= 220
Қорытынды: 220 санының бөлгіштерінің қосындысы 284 санына, ал 284 санының бөлгіштерінің қосындысы 220 санына тең болды, сонда 220 және 284 сандары достас сандар болды.
Күні бүгінге дейін достас сандар жиынтығы 1000 жұптан асты, оның ішінде тіпті 25 таңбалы достас сандар жұбы бар. Бұл жиынтықтың 13 жұбы 1 мен 100000-ның арасында орналасқан.



1 жұп

220 және 284

8 жұп

17296 және 18416

2 жұп

1184 және 1210

9 жұп

63020 және 76084

3 жұп

2620 және 2924

10 жұп

66928 және 66992

4 жұп

5020 және 5564

11 жұп

67095 және 71145

5 жұп

6232 және 6362

12 жұп

69615 және 87633

6 жұп

10744 және 10856

13 жұп

79750 және 88730

7 жұп

12285 және 14595







Тағы бір қызық сандар-палиндромдар мен репьюниттер. Симметриялық сөздер деп сол және оң жағынан бірдей оқылатын сөздерді білеміз. Сандық палиндром – бұл оңнан солға және солдан оңға қарай бірдей оқылатын натурал сандар. Басқаша айтатын болсақ, жазылу симметриясымен (цифрлардың орналасуы) ерекшеленеді, сондай-ақ цифрлар саны тақ та, жұп та болуы мүмкін. Мұндай сөздер палиндромдар деп аталады. Палиндром- грек тіліндегі «palindromos»-«кері жүруші немесе артқа жүгіру», яғни екі бағытта бірдей оқылып, мағына беретін сөз не мәтін, сан. Айталық, қазақ тілінде «тағат», «кебек», «қабақ»- сөз болса, орысша «А роза упала на лапу Азора» - мәтін, ал сандардың тіпті шегі жоқ: 565, 505, 23732, т.с.с. Әлемде қолданылатын ең ұзын палиндром сөзі-фин тілінде «saippuakauppias»-«сабын сатушысы» деген сөз. Орыс тіліндегі әзірге табылған ең ұзақ палиндром сөз- «наворован» болса, фин тілінде екеу: біріншісі жоғарыда айтылған сөз, екіншісі «solutomaattimittaamotulos» сөзі 25 әріптен тұрады.


Палиндромдар көбінесе белгілі бір есімдермен аталған, мысалы: кескінді сандар – 676, 1001 (сәйкесінше квадрат және бесбұрыш); Смит сандары – 45454, 983389. Аталған қасиет кез келген репдиджит те болады, мысалы 2222222, атап айтқанда репьюнит.
Палиндромды басқа сандармен операция арқылы шығаруға болады. Мысалы, атақты ғылым насихаттаушы Мартин Гарднердың «Есть идея» кітабында «палиндром гипотезасы» туралы айтылған. Кез келген натурал санды оны қаратылған санға қосамыз, яғни сол сандарға, бірақ керісінше жазылған. Осы амалды шыққан суммамен қайталаймыз және осылайша палиндром шыққанша қайталай береміз. Кей кезде бір-ақ амал да жеткілікті (мысалы, 312 + 213 = 525 ), бірақ, көбінесе екі амал орындау қажет болады. Мысалы, 96 санынан 4884 палиндромын төрт амалдан соң ғана аламыз.
96+69=165,
165+561=726,
726+627=1353,
1353+3531=4884.
Мына қызықты қараңыз. Қазіргі өмір сүріп жатқан ұрпаққа бір емес екі палиндром жылда өмір сүру сәті бұйырды: 1991 жыл және 2002 жыл. Себебі өтіп кеткен палиндром жыл 1881 жыл, әрине бұл жылы біздің ата-бабаларымыз өмір сүрді, ал болашақ палиндром жыл -2112 жыл, бұл жылы біздің ұрпақтарымыз өмір сүреді.
Репьюниттер – тек қана бірліктерден яғни 1 цифрынан тұратын сандар.
Репьюниттердің көбейткенде нәтижесінде палиндромдар –сандар шығады. (Солдан оңға қарай да, оңнан солға қарай да оқығанда бірдей сан шығады)
Мысалы:
11∙11=121;
11∙111=1221;
1111∙11=12221;
1112=12321;
(Палиндром-сандар мен репьюниттер туралы жеке ғылыми жұмыс жазуға болады)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет