Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы



бет2/5
Дата07.01.2022
өлшемі108,5 Kb.
#17033
1   2   3   4   5
Байланысты:
ӘДІСТЕМЕЛІК ЖИНАҚ

Алғы сөз

Студентті болашақ мамандығына даярлаудың негізгі міндеттерінің бірі - ұстаз еңбегінің алуан түрлі әрекетінің негізін құраушы практикалық білік пен дағдыларын қалыптастырумен байланысты. Ұсынылып отырған оқу құралының негізгі мақсаты – теориялық және практикалық материалдарды түсініп меңгеру арқылы, шығармашылықпен, оқушыны жеке тұлға ретінде қарап, болашақта өз мамандығын игеріп, алған білімін өмірде қолдана алуға бағыттайтын ілім ретінде қарастырылған. «Математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі» педагогикалық пән болғандықтан, оқу құралы әрі студенттердің математикалық, философиялық, педагогикалық, психологиялық біліміне негізделіп жазылған. Мектептерде математиканы оқытудың жалпы әдістемесімен бірге, арнаулы әдістемесі де, оқушы білімі, білігі және дағдысын тексеру арналары, түрлері, құралдары, педагогикалық техналогиялардың қыр-сыры біршама баяндалады. Әдістемелік құралда теориялық материалмен бірге, практикалық-семинарлық сабақтардың тақырыптары, оған қажет әдебиеттер, тағы басқа мәселелер қарастырылған.

Орта мектепте оқылатын пәндердің бірі - математика. Математика грек сөзі. Мағынасы: таным, білім деген сөз. Әр пәнді оқытудың өз мақсаты, міндеті және әдістемесі, сондай-ақ басшылыққа алатын құралдары мен құжаттары бар. Оларды білмей, озат мұғалімдердің тәжірибесін меңгермей шығармашылықпен қызмет істеу қиынның қиыны. Ол қараңғыда қарманумен бірдей. Оның үстіне математикалық білімді жаңалау, өмір талаптарына сай мазмұнын іріктеу ешқашан да күн тәртібінен түспейді. Осыдан да оларды оқушыларға баяндаудың, меңгертудің жолдары өзгеріп, мұғалімнен кең білімділікті, шығармашылық еңбекті талап етеді.

Ашып айтсақ, білімімізді күнбе-күн толықтырмасақ, өмірден бос қалып, бос қап сияқты боламыз. Жаңалыққа құлақ түріп елең етпейтін, жұдырықпен бұзау тұмсығын тесетін «мұғалімдерден» тәлім-тәрбие алатын шәкірт те оң басып, өрге ұмтылмайды.



Оқыту процесін ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақ екендігін
бірнеше ғасыр бұрын өмір сүрген чех педагогы Я.А.Коменский
данышпандықпен дәлелдеді. Ал, сабақтың нәтижелі және сапалы болуы оны
ғылыми негізде ұйымдастырып, оқушылардың бағдарламалық материалдарды
толық игеруіне қол жеткізу үшін, мұғалім сабаққа жан-жақты дайындалуы және оны дұрыс жоспарлай білуі керек.
Сабаққа дайындалу және оны жоспарлау педагогикалық мәні бар өзекті
мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мәселеге педагогика классиктерінен

3

бастап, бүгінгі күнге дейінгі көптеген ғалым-педагогтардың еңбектері арналған. Ұлы ғалым-педагогтардың (Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, Б.А.Сухомлинский, Ы.Алтынсарин, Ж.Аймауытов және т.б.) мұғалімнің сабаққа дайындалуы мен оны жоспарлау мәселесіне баса назар аударғаны тегін емес. Аталмыш мәселе дидактика мен математика әдістемесі оқулықтарының барлығында дерлік негізгі мәселелердің бірі ретінде қарастырылып келеді. Ол сондай-ақ Т.С.Калмыков, Е.П.Есипов, М.А.Данилов, В.П.Стрезикозин, М.И.Махмутов және тағы басқалардың еңбектерінде тереңірек қарастырылған. Бұл орайда, әсіресе, мұғалімнің осы бағыттағы педагогикалық еңбегін ғылыми тұрғыда ұйымдастыру мәселесін педагогикалық проблема ретінде қарастырған И.П. Раченконың еңбектерін ерекше атап айтуға болады. Бастауыш сынып мұғалімінің сабаққа дайындалуы мен оны жоспарлау мәселесіне қазақстандық педагогтар Т.С.Сабыровтың, С.Р.Рахметованың, P.M.Қоянбаевтың, Т.Қ.Оспановтың, Б.М.Қосановтың, Ж.Қайыңбаевтың, Т.Б.Бегалиевтің, Қ.Т.Ыбырайымжановтың, К.Ж.Бұзаубақованың және т.б. еңбектерінде де


айтарлықтай көңіл бөлінген.
Бастауыш сыныптарда математикадан жүргізілетін сабақтардың негізгі мақсаты – әрбір баланың бойындағы табиғи қасиеттерін ашып, қарқынды дамып бара жатқан қоғамда өмір сүруге бейімделген жеке тұлғаны қалыптастыру; олардың практикалық дағдылары мен білімдерін тереңдете түсу; логикалық ойлауын, тапқырлығын, математикалық қырағылығын дамыту; неғұрлым қабілетті және дарынды балаларды таныта білу, олардың ой-өрісінің әрі қарай дамуына кӛмектесу, математикаға қызығушылығын арттыру; тәртіпке, ұйымшылдыққа, табандылыққа, еңбекке, ұжымдыққа,
шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу. Дарынды, білімді жастар ғана егемен елдің экономикасын жетілдіріп, еліміздің ертеңін ойлай алады. Сондықтан да уақыт талабы оқушыларға сапалы білім берумен бірге олардың өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдіруді, ақыл-ой белсенділігін дамытуды міндет етіп қойып отыр. Алайда, мектеп тәжірибесіне қарағанда, соңғы кездері сабаққа дайындалу мен оны жоспарлау мәселесіне байланысты келеңсіз жағдайлардың орын алып отырғанын байқауға болады. Соңғы жылдардағы қоғамымызда болып жатқан өзгерістерге байланысты мұғалімнен сабақ жоспарын талап ету дұрыс емес, ол өз пәнін терең білсе болғаны, ал қалғанын мұғалім сабақ үстінде өзі ойлап табуы тиіс деген пікірлер бар. Мұғалімдер арасында бастауыш сыныптардың оқу материалының мазмұны күрделі емес, сондықтан оған сабаққа дайындалудың

4

қажеті шамалы деген пікірлер де айтылып қалып жүр. Осы сияқты жағдайлар қойылып отырған мәселенің теория жүзіндегі қарастырылуы мен оның мектеп тәжірибесінде жүзеге асырылуы арасында қарама-қайшылықтардың орын алып отырғанын аңғартады. Осындай жағдайларға және бастауыш сынып мұғалімдерінің алдына қойылып отырған өскелең талаптарға байланысты, бұрын жарық көрген «Бастауыш сыныптар математика мұғалімнің сабаққа дайындығы» жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныптары мұғалімдеріне арналған әдістемелік құралды жан-жақты талдап, бүгінгі күннің талабына сай толықтырып қайта шығарудың қажеттілігі туындады.
Екінші рет жаңа мазмұнда ұсынылып отырған оқу құралының негізгі мақсаты – қазіргі заманғы педагогика ғылымының жетістіктеріне сүйене отырып, мұғалімнің сабаққа дайындалуы мен оны жоспарлауы мәселесін
педагогикалық проблема ретінде қарастыру және бастауыш сыныптардың
математика сабақтарына дайындалу мен оны жоспарлау технологиясын
көрсету. Студенттерге нақты әдістемелік көмек көрсету мақсатында жазылған бұл оқу құралы төрт тараудан тұрады.
Бірінші бөлімнің бірінші тарауында сабаққа дайындалу мен оны
жоспарлаудың теориялық негіздері баяндалады, ал екінші тарауында
бастауыш сыныптардың математика сабақтарына дайындалу және оны
жоспарлау технологиялары келтірілген.
Бастауыш мектеп – бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты
жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезең. Сондықтан да бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес оқушыға бағдарлама белгілеп берген белгілі бір көлемдегі білім, білік және дағдыларды меңгерту

  • бүгінгі күннің талабы. Бұл, әрине, мұғалімнен көп ізденісті талап етеді.
    Сондықтан әр мұғалім бастауыш сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеуде мүмкіндігінше озат тәжірибені жинақтап, талдап, өз шеберлігінде қолдануға көңіл бөлулері тиіс.

Екінші бөлімде озат іс – тәжірибелері жинақталып, бастауыш сыныптардағы математиканы оқыту әдістері сараланған.

Үшінші бөлімде «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы үшін «Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі» пәніне жазылған және Б.М.Қосанов, П.С.Сағымбекова математиканы оқыту әдістемесінің тарихы, практикалық сабақтар» атты оқу құралының тест

5

тапсырмалары үлгі ретінде басшылыққа алынды.


Оқу-әдістемелік құрал студенттердің сабаққа дайындалу мен оны
жоспарлау мәселесіне үлкен мән беріп, өзінің педагогикалық еңбегін ғылыми
негізде ұйымдастыруына біршама жеңілдік келтіреді деген сенімдеміз.

Сондайақ, оқу-әдістемелік құралдың қойылып отырған мәселеге қатысты өзіндік тың ойлармен, дәстүрлі емес көзқарастармен ерекшеленетіндігін ескерте кетуге тиіспіз.

Елінің ері емес, езіне айналады. Қазіргі заман – оң құбылыс заманы. Өзгеріс заманы. Ал сіз, келешек заман ұстазысың. Лайықты ел азаматына айналам десең

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан,-
деген Абай атаңның сөзін Темірқазыққа санап, іске кіріс.
Сәт сапар, болашақ ұстаздары!

Педагогика ғылымының кандидаты: Баймаханова Л.А.



6



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет