Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы



бет4/5
Дата07.01.2022
өлшемі108,5 Kb.
#17033
1   2   3   4   5
Байланысты:
ӘДІСТЕМЕЛІК ЖИНАҚ

Қорытынды
Күнделікті сабаққа дайындалу мен оны жоспарлау мәселесін теориялық тұрғыда зерттеу және оны оны мектеп тәжірибесімен ұштастыра отырып, баяндау талабы алға қойылды. Біз, мүмкіндігінше, педагогика және әдістеме оқулықтарындағы осыған қатысты жалпы қағидаларды қайталамауға тырыстық. Ол қағидалар кез-келген мұғалімге белгілі. Сондықтан қазіргі мектеп тәжірибесінде орын алып отырған оқулықтарға көңіл аудара отырып, оны болдырмаудың жолдарын көрсетуге көңіл бөлдік. Осының барысында біз төмендегідей тұжырымдарға келдік:
1. Сабақтың тиімділігі, нәтижелілігі және сапасы мұғалімнің кәсіби
дайындығына тікелей байланысты. Кәсіби дайындық, біздіңше, мынадай үш
қосылғыштан тұрады: теориялық дайындық, психологиялық-педагогикалық
дайындық және әдістемелік дайындық. Егер мұғалімнің кәсіби дайындығы
жоғары деңгейде болса, онда табыс өзінен-өзі келеді.
2. Мұғалім жақсы сабаққа өмір бойы әзірленеді. Ол еш уақытта жоғары
оқу орнында алған білімдерімен шектеліп қалмауға тиіс, педагогикалық және
әдістемелік әдебиеттерді, мерзімді педагогикалық басылымдарды, озат істәжірибелерді үнемі оқып-үйрену оның басты назарында болуы керек.
3. Сабаққа дайындалу және оны жоспарлау шығармашылықты талап
ететін, мұталімді көп іздендіретін, терең ойландыратын және көп уақыт пен
қажырлылықты талап ететін жұмыс болып табылады. Сабаққа дайындалу мен оны жоспарлаудың теориялық негіздері мен технологиясын терең меңгеру мұғалімнің сан-саналы педагогикалық еңбегін ғылыми тұрғыда дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады.
4. Жас мұғалімдердің, керек десеңіз, тіптен кейбір көп жылдық
тәжірибесі бар мұғалімдердің жұмысындағы елеулі кемшіліктердің бірі -
олардың сабаққа формальды түрде (мектеп әкімшілігінің тексеруінен құтылу
үшін -П.С.) дайындалып, нақты жұмыс жоспары болатындай сабақ жоспарын
жасауға ұмтылмауында. Бұл мектеп жұмысындағы әлі де болса тиісті

111


дәрежеде көңіл бөлінбей келе жатқан проблемалардың бірі.
5. Сабақ жоспары – сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының қызметін
үйлестіретін негізгі құжат. Сондықтан сабақ жоспарын жасау талқылауды
қажет етпейтін, мұғалім үшін міндетті нәрсе болып табылады.
6. Сабақ жоспарын (бұл жерде тақырыптық және күнделікті сабақ
жоспарлары туралы әңгіме болып отыр -П.С.) жасаудың барлық мұғалім үшін міндетті, бірегей түрі болмайды, яғни оны жасау схемасы ешқандай жағдайда да өзгермейтін, бұлжымайтын нәрсе деп қарауға болмайды. Әрбір мұғалім сабақты жоспарлаудың тиімді тәсілдерін терең меңгеріп, оны өзінің
жұмысында шығармашылықпен пайдалана білуі тиіс.
7. Бастауыш сыныптар мұғалімдері математика сабағына дайындалу мен
оны жоспарлауды ғылыми тұрғыда негізделген және қазіргі мектеп
тәжірибесінде сынақтан ӛткен жүйе бойынша жузеге асыра білуге ұмтылуы
керек, өйткені математиканы оқыту үдерісінің нәтижелілігі, математика
сабақтарының жүйелілігі, оқушылардың білімдерінің тереңдігі сайып келгенде мұғалімнің сабақты дұрыс жоспарлауына тікелей байланысты.
8. Мұғалім әрбір математика сабағына тыңғылықты дайындалып, оның
сабақ жүргізу барысында басшылыққа алатындай нақты жоспарын жазуға
тырысуы керек. Бұл қазіргі күні, әсіресе бастауыш қазақ мектебі үшін өте-мөте маңызды мәселе болып табылады.
Оқу құралы студенттердің бастауыш мектепте математиканы оқыту
әдістемесіне, бастауыш мектепте математиканы оқыту тарихына және сабаққа дайындалу мен оны жоспарлау мәселесіне үлкен мән беріп, өзінің
педагогикалық еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыруына, білім деңгейінің
көтерілуіне көмегі тиеді деген сенімдеміз.

112




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет