24
арнайы педагогикалық). тексеру барысында маман оқушы дамуының әлсіз
жақтарын ғана емес, сонымен бірге күшті жақтарын көрсетіп, оқушының
табысты болу ресурстарын да анықтайды. тексеру нәтижелері бойынша
маман мыналарды белгілейді:
- оқушының қысқартылған оқу бағдарламасына мұқтаждығын;
- қандай мамандар оқушыға қиындықтарды еңсеруге көмектесе алады
(психолог, логопед, арнайы педагог);
- оқытудың қандай әдістері мен тәсілдері ең тиімді болады;
- оқушының оқу орнын қалай бейімдеу керек.
психолог, логопед, арнайы педагог, әлеуметтік педагог анықтаған
оқыту қиындықтарының себептері негізінде мұғалім мен психологиялық-
педагогикалық қолдау мамандары жүргізетін жекелік оқу бағдарламасының
мазмұны белгіленеді. мамандар көмегінің бағыты мұғалімнің сабақтағы
жекелік тәсілінің және балаға ата-аналары көрсететін көмегінің мазмұнына
сәйкес келісіледі. мамандар көмегі жекелік және топтық сабақтарда іске
асырылады.
мұғалім мен мамандардың көмегі қысқартылған оқу бағдарламасын
табысты меңгеруге ықпал жасамаған жағдайда (1-3 оқу тоқсандар
ішінде),қолдау қызметі оқушының ата-анасы пмпк-не ұсынымдар алу
үшін жіберіледі (ата-анасының келісімімен). бөлектенген жағдайда
психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мамандарының тексеру
нәтижелерін сараптағаннан кейін пмпк ұсынымдарын алу жөнінде шешім
қабылданады.
Оқушының қажеттілігін бағалау мен қолдау көрсетудің үшінші деңгейі.
Оқушының қажеттіліктерін бағалауды психологиялық-медициналық-
педагогикалық кеңес мамандары жүргізеді. бағалау нәтижелері бойынша
пмпк оқушыға арнайы педагогтың, ассистент-педагогтың көмегін, білім
алудың варианттарын ұсынуы мүмкін: тұрғылықты жеріндегі жалпы білім
беру сыныбында, арнайы сыныпта, арнайы мектепте. ҚР «білім туралы»
заңының 49 бабына сәйкес білім беру ұйымын таңдау құқығы ата-аналарға
беріледі. ата-аналар тұрғылықты жердегі мектепті таңдаған кезде, мектеп
оқушыға мұғалімнің және қолдау көрсету мамандарының көмегін пмпк
ұсынымдарына сәйкес қамтамасыз етуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: