Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет15/17
Дата19.01.2017
өлшемі1,27 Mb.
#2265
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Дəріс
 бойынша сұрақтар: 
 
1.
 
Мектепке дейінгі балалық шақта ағзаның дамуы 
қалай жүреді? 
2.
 
Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуының 
психологиялық ерекшеліктері? 
3.
 
Мектепке дейінгі шақтардың елеулі ерекшелігі 
қандай? 
4.
 
Мектепке дейінгі балалық шақта қабылдаудың 
дамуы қандай? 
5.
 
Мектеп жасына дейінгі баланың ойллауын дамыту 
қалай жүзеге асырылады? 
18-дəріс 
Бастауыш
 мектеп оқушыларының психологиялық 
ерекшеліктері

 
Жоспар:  
1.
 
Баланың 
мектептегі 
өмірінің 
бастапқы 
кезеңінің 
ерекшеліктері. 
2.
 
Баланың  мектепке  баруына  байланысты  болатын 
психологиялық өзгеріс. 
3.
 
Бірінші 
сынып 
оқушылары 
бастан 
кешіретін 
қиыншылықтардың негізгі түрлері. 
 

 
92
1.
 
Баланың
  мектептегі  өмірінің  бастапқы  кезеңінің 
ерекшеліктері
. 
         Қазіргі  заманғы  қоғамдық  тəрбие  жүйесінде  бастауыш 
мектеп шағы бала өмірінің алты жастан он он бір жасқа дейінгі 
кезеңін  қамтиды.  Балалар  мектепке  алты  жастан  баратын,  ол 
бастауыш  оқу  ұзықтығы  біздің  елдегіден  бөлек  елде  бастауыш 
мектеп шағын, əрине, басқаша хронологиялық иектері болады. 
         Бастауыш  мектеп  жасының  пайда  болуы  экономикалық 
жағынан емес жəне толық орта білім беру жүйесінің шығуымен 
байланысты. 
           6  жастан  10  жасқа  дейінгі  кезеңге  неғұрлым  тəн  негізгі 
белгі  мынады:  бұл  жаста  мектеп  жасына  дейінгі  бала  мектеп 
оқушысына  айналады.  Бұл  бала  өз  бойында  мектеп  жасына 
дейінгі 
балалық 
шақтың 
белгілерін 
оқушының 
ерекшеліктерімен  ұштастыратын  өтпелі  кезең.  Бұл  белгілер 
оның мінез-құлқында, санасында күрделі, ал кейде қайшылықты 
үйлесім  түрінде  қатар  жүреді.  Кез  келген  өтпелі  даму 
мүмкіндіктеріне  бай,  оларды  дер  кезінде  байқап,  қолданып 
отыру  маңызды.  Адамның  көптеген  психикалық  қасиететрнінің 
негіздері топ осы бастауыш мектеп жасында қалыптасады жəне 
əдетке  айналады.  Сондықтан  ғаламдардың  ерекше  назары  қазір 
бастауыш  сынып  оқушыларын  дамытудың  ерекше  анықтауға 
бағытталған.  Бұл  резервтерді  пайдалану  балаларды  одан  арғы 
оқу  жəне  еңбек  қызметіне  неғұрлым  табысты  дайындауға 
мүмкіндік береді. 
2.
 
Баланың
  мектепке  баруына  байланысты  болатын 
психологиялық
 өзгеріс.  
        Атап  көрсетілгендей,  баланың  психологиялық  дамуының 
əрбір  кезеңі  оның  іс-əрекетінің  негізгі,  жетекші  түрімен 
сипатталады.  Мысалы,  мектеп  жасына  дейінгі  балалық  шақта 
ойын  іс-əрекеті  жетекші  болады.  Бұл  жастағы  балалар  үйреніп, 
тіпті  шама-шарқынша  еңбек  етіп  жүрсе  де,  олардың  бүкіл 
болмысын анықтайтын шынайы стихия əр түрлі ойындар болып 
табылады.  Ойын  үстінде  қоғамдық  баға  беруге  тырысушылық 
пайда болады, қиял жəне символиканы пайдалана білуі дамиды. 
Осының бəрі баланың мектепке даярлығын сипаттайтын негізгі 
сəттер болып табылады. 

 
93
         Алты  жасар  бала  мектеп  табалдырығынан  аттасымен-ақ 
оқушы  болады.  Оның  өмірінде  ойын  əлі  маңызды  орын 
алғанымен осы уақыттан бастап ол біртіндеп басмыдылық рөлін 
жоғалта  бастайды.  Бастауыш  сынып  оқушысының  жетекші  іс-
əрекеті  оның  мінез-құлық,  мотивтерін  елеулі  түрде  өзгертетін, 
оның  танымдық  жəне  адамгершілік  күштерін  дамытудың  жаңа 
көздерін  ашатын  оқу  болады.  Мұндай  қайта  өзгеріс  процесінің 
бірнеше кезеңдері бар. Əсіресе, баланың мектепе өмірінің жаңа 
жағдайларына алғаш енуі айқын аңғарылады. 
          Баланың ішкі позициясы екі жағдайда маңызды. Алдымен 
мектеп  өмірінің  жаңалығын  алдын  ала  сезіну  жəне  қалау 
баланың  кластағы  мінез-құлық  ережелеріне,  жолдастарымен 
ерекше  қарым-қатынас  нормаларына,  күн  тəртібіне  қатысты 
мұғалімнің талаптарын жылдам қабылдауға көмектеседі. 
           Бұл 
талаптарды 
бала 
қоғамдық 
маңызды 
жəне 
орындамауға  болмайтын  талаптар  деп  қабылдайды.  Тəжірибелі 
ұстаздарға  белгілі,  психологиялық  жағынан  расталған  мынадай 
қағида  бар:  баланың  сыныпқа  келген  алғашқы  күнінен-ақ  оған 
оқушының  сабақтағы,  үйдегі  жəне  қоғамдық  орындардағы 
мінез-құлық  ережелерін  айқын  да  нақты  мағынада  түсіндіру 
керек. 
           Жаңа  ережелер  мен  нормаларды  сөзсіз  орындауды  талап 
ету  бірінші  сынып  оқушысына  орынсыз  қаталдық  жасау  емес, 
мектепке баруға даярланған балалардың өз түсініктеріне сəйкес 
олардың  тіршілігін  ұйымдастыруға  қажетті  шарт.  Бұл  талаптар 
орнықсыз əрі екі ұшты болса, балалар өз өмірінің жаңа кезеңінің 
өзіндік  ерекшеліктерін  сезбейді,  бұл  олардың  мектепке  деген 
ықыласын жоюы мүмкін. 
           Мектеп  өмірінің  алғашқы  кезеңінен  баланың  сыныптағы 
жəне  үйдегі  мінез-құлқын  реттеп  отыратын  мұғалімнің  жаңа 
талаптарына  баланың  бағынуы,  сондай-ақ  оқу  пəндерінің 
мазмұнына  қызыға  бастауы  тəн.  Баланың  бұл  кезеңнен 
қиналмай  өтуі  оның  мектепке  жақсы  даярлықпен  келгендігінің 
белгісі.  Бірақ,  алты  жасар  баланың  барлығы  мұндай  емес. 
Олардың  көпшілігі  бастапқыда  қандай  да  бір  қиыншылықтарға 
кездеседі  жəне  бірден  мектеп  өміріне  етене  араласып  кете 
алмайды. 

 
94
 
3.
 
Бірінші
 
сынып
 
оқушылары
 
бастан
 
кешіретін
 
қиыншылықтарының
 негізгі түрлері.  
       Көбінесе 3 типті қиыншылық жиі байқалады. 
       Олардың  бірінші  жаңа  мектеп  режимі  ерекшеліктеріне 
байланысты.  Тиісті  дағдылар  болмаса,  бала  да  əдеттен  тыс 
шаршау  оқу  жұмысын  бұзу,  режимдік  сəттерді  жіберіп  қою 
пайда болады. 6 жастағы балалардың көпшілігі психологиялық-
физиологиялық  жағынан  қажетті  дағдыларды  қалыптастыруға 
даяр қажетті дағдыларды қалыптастыруға даяр болады. 
        Мұғалімнің  позициясы  мынадай:  бала  оның  алдында 
қандай  да  бір  именшектік  жасамай  тұра  алмайды.  Осының 
салдарынан  мектепте  балалардың  біреулері  тым  тұйық,  ал 
екіншілері  босаңдау  бола  бастайды.  1  сынып  оқушысы  көбіне 
жаңа  ортаға  үйренсе,  балалармен  бірден  таныса  алмайды,  өзін 
жалғыз сезінеді. 
        Тəжірибелі  мұғалім  барлық  балаға  бірдей  талап  қояды, 
бірақ  əр  баланың  бұл  талаптарды  орындауының  өзіндік  жеке-
дара  ерекшеліктерін  мұқият  бақылайды.  Бұл  олардың  мінез-
құлықтарының «астарына» көз жүргізіп, олардың шын мəніндегі 
психологиялық  қасиеттеріне  түсінуге  көмектеседі.  Балаларды 
тек осындай арнайы зерттеудің негізінде ғана оларға əсер етудің 
белгілі  бір  нақтылы  əдісін  таңдап  алуға  болады,  бұл  əдістің 
мақсаты  барлық  1  сынып  оқушыларын  сабақ  үстінде  тыныш, 
ұстанымды  болу  мінез-құлық  əдетіне,  сабақтардың  жалпы 
қарқынын  сақтауға,  мұғалімнің  ескертулеріне  кезекпен  жауап 
беруге тəрбиелеу болып табылады. 
          Мұғалім  барлық  балаларға  бірдей  қарап,  бəріне  бірдей 
талап  қойғыш  болғанда,  нашар  оқитындарғды  еңбек  сүйгіштігі 
үшін мадақтап, жақсы оқитындарға өзіне тым көп сеніп кеткені 
үшін  басу  айтып,  отырғанда  ғана  кластағы  оқушылардың  өзара 
қарым- қатынасы ойдағыдай болады. 
          Бұл  сыныптың  коллективтік  жұмысына  психологиялық 
жағынан жақсы жағдай жасайды. 
           Сонымен, бала мектеп өміріне алғаш ене бастағанда онда 
мəнді  психологиялық  қайта  өзгеріс  болады.  Ол  жаңа  режимнің 
бірқатар  маңызды  əдеттерін  бойына  сіңіреді,  мұғаліммен  жəне 

 
95
жолдастарымен 
сенімді 
қарым–қатынас 
орнатады. 
Оқу 
материалының мазмұнына ынтаның пайда болуы негізінде оның 
оқуға  деген  жақсы  көзқарасы  қалыптасады.  Бұл  ынталардың 
одан əрі дамуы жəне төменгі сынып оқушыларының оқуға деген 
көзқарасының  жайы  олардың  оқу  əрекетінің  қалыптасу 
процесіне  байланысты.  Сондықтан  педагогикалық  психология 
үшін  осы  іс  -  əрекетті  құру  жəне  оның  жекелеген  бөліктерінің 
ерекшеліктері  туралы мəселе ерекше маңызды болып табылады. 
 
 
Дəріс
 бойынша сұрақтар:  
 
1.
 
Бастауыш мектеп жасы бала өмірінің қай кезеңін 
қамтиды? 
2.
 
Баланың мектепке баруына байланысты болатын 
қандай психологиялық өзгерістер болады? 
3.
 
Бірінші сынып оқушылары бастан кешіретін қандай 
қиыншылықтары бар? 
4.
 
Мұғалімнің позициясы қандай? 
5.
 
Тəжірибелі ұстаздарға белгілі, психологиялық 
жағынан расталған қандай қағида бар?  
 
 
19-дəріс 
Жеткіншектер
 психологиясы. 
 
Жоспар:  
1.
 
Жеткіншек 
кезеңдегі 
«дағдарыс» 
проблемасына 
теориялық көзқарастар. 
2.
 
Жеткіншек психикасының дамуының өзіндік сипаты. 
3.
 
Жеткіншек оқуы мен таным процестерінің дамуы. 
 

 
96
1. 
Жеткіншек
 
кезеңдегі
 
«дағдарыс» 
проблемасына
 
теориялық
 көзқарастар. 
       Жеткіншек  организмінде  болатын  елеулі  өзгерістер  ұзақ 
уақыт  бойы  осы  кезеңдегі  жеткіншектер  ерекшеліктері  мен 
дамуының  сыналу  құбылыстарының биологиялық  шарттастығы 
туралы  əр  түрлі  теорияларға  негіз  болды.  Мұндай  ұғым  біздің 
ғасырымыздың 
алғашқы 
ширегінде 
үстем 
болды. 
Биогенетикалық  универсализмнің  негізін  салушылар  С.  Холл 
мен  З.  Фрейд  болды.  Олар  жеткіншектің  дағдарысы  мен  өзіне 
тəн  ерекшеліктері  комплексін  биологиялық  шарттастығы 
себепті болмай қоймайтын əрі универсал құбылыс деп санады. 
       20-30-жылдарда  əр  түрлі  елдерде  нақты  зерттеулер 
жинақталғандықтан  биогенетикалық  универсализмге  қарама-
қарсы бағыт күш ала бастады, ал бұл зерттеулерде жеткіншектің 
жеке 
басының 
кейбір 
қасиеттерінің 
оның 
əлеуметтік 
қатыстылығына  тəуелділігі  көрсетілді.  Осындай  теориялық  
бағыттылық 
советтік 
психологиядағы 
(оның 
қалыптасу 
кезеңінде)  бірқатар  зерттеулер  де  болды.  Қиын  жеткіншектерді 
тəрбиелеу  практикасының  елеулі  маңызы  болды,  мəселен  А.С. 
Макаренкода  мұндай  жеткіншектер  қысқа  мерзім  ішінде 
түзелетін еді.  
       Биогенетикалық  универсализм  теорияларына  американ 
антропологтары (этнографтары) күшті соққы берді, олар адамда  
табиғаттан  не  мəдениеттен,  яғни  өмір  мен  дамудың  нақты 
қоғамдық-тарихи  жағдайларынан  болатын  не  екенін  анықтау 
үшін қара дүрсін цивилизациялар  деп аталатындарды зерттеді.  
 
 
 
2. Жеткіншек психикасының дамуының өзіндік сипаты. 
      Жеткіншек  жасындағыларды  тиісті  əдебиеттерде  «қиын», 
«ауысу жастары» деп атайды. Соңғы жағдайда «ауысу жасында» 
жеткіншек  балалық  кезеңдерден  ересек  жасына  ауысады. 
Жеткіншек  өзге  жастарға  қарағанда  педагогтар  мен  тиісті 
əдебиеттерде  көп  əңгіме  болып  жиі  көтеріледі.  Себебі  бұл 
кезеңде  оның  психикалық  даму  ерекшелігі  жас  бала  мен 
ересектерге қарағанда əлдеқайда өзгеше болады. Бұл кезеңге тəн 

 
97
тағы  бір  ерекшелік  жеткіншек  барлық    нəрсені  өз  бетімен 
орындап,  үлкен  адамдардың  қамқорлығы  мен  ақыл-кеңесінен 
құтылғысы 
келеді. 
Жеткіншектің 
ересектерден 
айырмашылығы
  тек  үлкен  адамдармен  қатынасының  өзгеше 
келетінінде  емес,  сонымен  қатар  биологиялық  дамуы  жағынан 
кеңінен  өріс  алатынында.  Ал  жалпы  алғанда  жеткіншек  тым 
өзгеше  сипатта  келеді.  Мысалы,  жеткіншек  төменгі  сыныпта 
үйге  берілген  тапсырманы  жаттап  алатын  болса,  жеткіншек 
жасында  үй  тапсырмасын  өз  сөзімен  түсінікті  етіп  айтуға 
тырысады, талпынады.  
 
Дəріс
 бойынша сұрақтар: 
 
1.
 
Жеткіншек ағзасындағы болатын елеулі өзгерістер? 
2.
 
Биогенетикалық универсализмнің негізін 
салушылар кімдер? 
3.
 
Биогенетикалық универсализм теориялары? 
4.
 
Жеткіншек психикасының дамуының өзіндік 
сипаты қандай? 
5.
 
Жеткіншектердің ерексектерден айырмашылығы 
қандай? 
 
 
 
 
20-дəріс 
Жасөспірімдер
 психологиясы. 
 
       
Жасөспірімдік 
кезеңнің 
көптеген 
теориялары 
бар. 
Жасөспірімдік  шақ  бала  мен  ересектік  шақтың  аралығы, 

 
98
баланың  ересектерге  тəуелдігімен  сипатталады,  ересектер 
баланың өмірлік іс-əрекетін мазмұны мен бағытын белгілейді. 
      Жасөспірімдік  шақтың  аса  маңызды  міндеттері-мамандық 
таңдау, 
еңбек 
пен 
қоғамдық-саяси 
қызметке 
даярлану, 
некелесуге,  өз  отбасын  құруға  əзірлену.  Өзара  байланысты  бұл 
міндеттердің жүзеге асырылуы белгілі бір уақытты талап етеді.  
      Адамның  жалпы  ақыл-ой  қабілеті  15-16  жасқа  қарай 
қалыптасып  болады.  Сондықтан  оның  бала  кездегідей  шапшаң 
өсуі  байқалмайды,  алайда  ол  одан  əрі  жетіле  береді. 
Жасөспірімдік шақ-жеке адамның толысуы мен қалыптасуының 
аяқталатын  кезеңі.  Жыныстық  толысуға  байланысты  өз  ағзасы 
мен  сырт  келбетіндегі  үлкен  өзгерістер,  өмірлік  іс-əрекеттің 
күрделенуі байқалады. Сондықтан жасөспірімдік шақ ымырасыз 
келеді.  Жасөспірімге  өзін  көрсетуге  ұмтылу,  өзін  жан-жақты 
ашуға құштарлық тəн. 
       Олар  өз  мамандығын  таңдап  алуға  тырысады.  Мамандыққа 
ықыласының  бірте-бірте  қалыптасуы  түрлі  іс-əрекеттеріне 
жауапкершілігін  арттырады.  Оларға  іс-əрекетті  өз  бетінше 
орындауға  мүмкіндік  беріп,  дұрыс  бақылау  мен  педагогикалық 
басшылық жасау керек.  
       Бұл  кезеңде  сезім,  достық  қарым-қатынастар  дамиды. 
Мысалы:  ғашықтық,  өзара  сенім,  қайырымдылық,  бірін-бірі 
сыйлау,  көмек  көрсету,  іс-əрекеттерін  бірігіп  орындау, 
жолдасының кемшілігін айтып, жоюға көмектесу. 
       Бұл  күндердегі  жастардың  мінезінде  түрлі  өзгерістер  пайда 
болды.  Мысалы,  қыздар  өздерінің  сыртқы  киіміне,  дене 
қимылына  көңіл  бөледі.  Ер  балалар  əдемі  киініп  жүруді 
ұнатады. Əр түрлі іс-əрекеттерінің барысында осы ерекшеліктер 
еске  алынады.  Сонымен  мектепке  дейінгі  балалық  шақтан 
жасөспірімдік  шаққа  дейін  балалардың  бейімділігін  жəне 
қабілетін,  мінез-құлқы  мен  темпераментін  мұғалім-тəрбиеші, 
ата-ана 
үнемі 
еске 
алып, 
олардың 
дұрыс 
дамуына, 
қалыптасуына жүйелі түрде ықпал етуі қажет. 
 
Дəріс
 бойынша сұрақтар: 
 

 
99
1.
 
Жасөспірімдік кезеңнің қандай теориялары бар? 
2.
 
Жасөспірімдік шақтың маңызды міндеттері қандай? 
3.
 
Жасөспірімдік шақ деген не? 
4.
 
Адамның ақыл-ой қабілеті қай жаста қалыптасады? 
 
 
V-бөлім. Педагогикалық психология негіздері. 
21-дəріс 
Педагогикалық
 психология пəні. 
 
Жоспар:  
 
Дəріс
 бойынша сұрақтар:  
 
22-дəріс 
Оқыту
 психологиясының негізі. 
 
Оқыту  –  шəкірт  пен  ұстаздың  өзара  бірлесіп,  ынтымақтасып 
жасайтын ортақ іс - əрекет. Оқыту тəлім – тəрбие берудегі басты 
əрекеті болса, оқу- шəкірттің дүниені танып-білуге бағытталған 
өзіндік əрекеті.  
Қысқаша айтсақ, оқу еңбек əрекетін орындауға қажетті білім, 
дағды, икемділіктер жүйесін игеру процесі. 
Сөйтіп,  оқу  мен  оқыту,  бір  медальдің  екі  жағындай  бір-
бірімен  тығыз  байланысқан  күрделі  əрекет.  Оқу  да,  оқыту  да 
қалай  болса  солай  жүргізілмейді,  олар  белгілі  мақсат  көздеп, 
жоспармен  жүйелі  түрде  ұйымдастырылып,  жүзеге  асады, 
олардың  өзіне  тəн  əдістері  (тіпті  əр  пəнді  оқып-үйренудің  жеке 
дара  əдіс-тəсілдері  болады)  мен  сабақ  жүргізу  формалары, 
сондай-  ақ  əр  түрлі  нəтижелері  болады.  Оқу  арқылы  шəкірт 
біртіндеп  білім,  дағды,  икемділіктерді,  істі  ғылым  ұғымдарды 

 
100
меңгереді, мұның нəтижесінде оның жан қуаттары (ойлау, қиял) 
эмоция, ерік – жігер т.б. процестері дами түседі. 
Оқыту    процесінің  əртүрлі  қырларын  педагогиканың 
дидактика, 
сондай-ақ 
жекеленген 
пəн 
методикалары 
қарастырады. Дидактикның осы мəселеде зерттеуге орай ерекше 
сүйенетін  тірек  ғылымы-  психология.  Соңғысының  басты 
саласының бірі – оқыту психологиясы ол оқу процесінің екінші 
жағын,  яғни  шəкірттердің  оқу  мазмұндарын  ұғынып  əр  түрлі 
тапсырмаларды  қалайша  орындай  алу  мүмкіндіктерін  зертейді. 
Шəкірттің  оқуға  талпынысы  мен  ынтасының  қалыптасу 
жолдарын,  оның  түрлі  білім,  дағды  ,  əдістерді  ұғыну  т.б.  осы 
іспеттес 
мəселелерді 
қарастыру-оқыту 
психологиясының 
зерттеу объектісі. 
Оқу  материалдары  адам  психологиясына  зор  талап  қоятыны 
белгілі,  өйткені  шындықтағы  құбылыстардың  сыр-сипатын, 
мəн-  жайын  ұғыну  -  өте  күрделі  əрекет.  Мұның  өзі  бірнеше 
кезеңдерден тұратыны  қазірде ғылымға белгілі болды. Мəселен, 
сабақта  материалды  ұғынудың  алғашқы  кезеңінде  (таныстыру 
кезеңі)  шəкірт  нені  қлай  оқу  керектігі  жайлы  жалпы  мағлұмат 
алады. Бұдан соңғы кезеңде, ол мұны тəжірибеде байқап көреді, 
үшінші  кезеңде  ұғынғанын  сөзбен  тұжырымдайды.  Төртінші 
кезеңде,  оларын  ойына  ұстап  тұрады  да,  бесінші  кезеңде 
шəкіртте  зат  пен  құбылыс  туралы  белгілі  ұғым  қалыптасатын 
болады. 
Ақыл-ой 
амалдарын 
меңгеру 
арқылы 
оқушы 
шындықтағы  заттардың  байланыс  қатынастарын  меңгереді  бір 
заңы  екіншісімен  салыстырып,  дəлелдей  алуға  олардың 
айырмашылық ұқсастарын айыра білуді үйренеді мұндағы себеп 
нəтижеде,  яғни  заттардың  себеп-салдарды  заңды  байланысын 
түсінетін  болады.  Ұғыну  дегеніміздің  өзі  де  нəрседе  себеппен 
қатар  нəтиже  болатындығына  шəкірт  көзінің  жетуі  соған  жете 
түсінуі.  Оқу  материалдарының  мəнісіне  тереңдеп  бара  алмай, 
оларды  жай  жаттап  алу  өз  бетінше  пікір  айтуға  шорқақтық 
оқушыға  талдау(анализ),  жинақтау  (синтез)  тəсілдерінің  де 
оншама  дамымағанын  көрсетеді.  Мұғалім  шəкірт  ойланудағы 
талдау  тəсілінің  қалыптасуына  жеткіліксіз  көңіл  бөлетін  болса 
ондайда  оқушы  материалдың  бір–бірімен  байланысының  жеке 

 
101
жақтарын  ғана  меңгереді,  əр  ұғымның  мəнін,  өзіндік  еркіндігін 
жете түсінбей қалады. 
Орыс психологы П.Я. Гальперин (1902-1988) өзінің «Ақыл –
ой  əрекетін  жоспармен,  сатылып  қалыптастыру»  дейтін 
тұжырымдамасына  оқушы    қандай  да  болмасын  бір  мəселені 
шешу  үшін,  алдымен  сыртқы  материалдық  əрекеттерді 
пайдланды да, кейіннен оның бейнесін кемінде елестетеді, содан 
соң  барып  дауыстап  кейін  іштей  айта  алатын  болады,  сөйтіп, 
сыртқы  заттық  іс-əрекет  біртіндеп  ішкі  ой  əрекетіне  айналады 
дейді. 
Шəкірттің білім меңгеру мұғалімнің сабақ оқыту екеуі де « 
 
 
Дəріс
 бойынша сұрақтар:  
 
1.
 
Оқу мен оқыту, бұлардың айырмашылығы қандай? 
2.
 
Оқыту  жайлы  қандай  ғылыми  тұжырымдамаларды 
білесің? 
3.
 
Оқу материалдарының адам психологиясына əсері? 
4.
 
Оқыту процесінің əр түрлі қырларын не қарастырады? 
 
23-дəріс 
Тəрбие
 психологиясы. 
 
Жоспар:  
 
Дəріс
 бойынша сұрақтар:  
 
1.
 
Тəрбие тетіктері дегеніміз не? 
2.
 
Адамға дұрыс талап қоя білудің қандай маңызы бар? 
3.
 
Мадақтау  мен  жазалаудың  тəрбие  процесіндегі  рөлі 
қандай? 
4.
 
 

 
102
24-дəріс 
Мұғалім
 психологиясы. 
 
Жоспар: 
 1. Педагог  мамандығы  туралы  жалпы  түсінік. 
 2. Ұстазға  қажет  сапалар. 
 
1.
 
Педагог
 мамандығы туралы жалпы түсінік.  
Күнделікті    мектеп    тəжірибесінде    педагогтың    сөзінің  
өтімді    келуі    əр    түрлі    болып    кездеседі.  Мысалы:  бір  
педагогтың  оқушыға  қарағанының  өзі-ақ  оған  үлкен  əсер  ете  
алады    да,  ал    екінші    педагогтың    тіпті    қатты    қолданған  
жазалары    да    пайдалы    нəтиже    бере    қоймайды.  Бұл  - 
педагогтың    беделіне,  ұстаздың    шеберлігіне    байланысты  
жайлар. 
Ұстаздық      пен    шеберлікті    зерттеп,  мұнын    өзіне    тəн  
ерекшеліктерін    ашып    көрсетудің    педагогикалық    оқу  
орындарының  студенттері  мен  жас  мұғалімдері  үшін  үлкен  
маңызы  бар. 
Педагогтың    əр    ісінің    жемісті    болып      келуін    содан  
шығатын    нəтиже    ғана    шешеді.  Ал    нəтиже    дегеннің    өзі 
ұстазының    сөзіне    əсерленіп,    соған    ұғынуы.  Педагогтың    ісі  
нəтижелі  болып, шəкірттеріне  сөзінің  өтімді    келуі  үшін, ол  
олардың    жан    дүниесін    жақсы    біліп,  айтайын    деген    сөзін, 
олармен    жүргізетін    ісін,  соған    сəйкестендіріп    қолдануы  
керек. Тек  сонда  ғана  ол  ұстаздық   қасиетке  ие  бола  алады. 
Ұстаздың    оқушылармен    күнделікті    жасалынатын  
қатынастарының  бəрі  де  сөз  арқылы  іске  асады.  Сондықтан  
шеберлік    негізінде    сөздерді    үйлестіріп    айта    білуге  
байланысты. 
Педагогтың    шеберлігі    тек    дауысты    үйлестіре    білумен  
шектелінбейді. Сөздің  оқушыға  өтімді  келуі, оның  мазмұнына  
да  байланысты. 
Жас    ұрпақты    тəрбиелеу    мен    оқытуда,  оның    жеке    мəнін   
қалыптастыруда  оқытушының  ролі  ерекше. 

 
103
Жеткіншек    жастың    нəзік    жанына    білім    ұрығын    себуші, 
оны  мəпелеп  тəрбиелеуші - ұстаз.  Халқымыз  осы  жайда  əр  
кез  еске  ұстап  ойынан  шығармаған. 
Мəселен    мына    сөздің    мəн-мағынасына    көңіл  
аудармайынша:  Ұстазына    қарап    бала    өсер  ,  Ұстазы  
жақсының    ұстамы    жақсы,    Ұстаз    көрген    хат    таныр,  
Ереже  ұстанғанша  өнеге  ұсын. Бұлардың  қай-қайсысында  
да    тəрбиеші,  ұстаз    оқушылардың    оқушы    атаулыға    үлгі  
болатын    өмірдің    сын    тарапты    жолынан    адаспай    өтуде  
оған    бағыт    беріп,  жөн    сілтеуші    адам    екендігі,    баланы  
адамгершілікке,  еңбек    сүйгіштікке,  адалдыққа    т.б.    сол  
секілді  ізгі  қасиеттерге  баулайтын  жан  екендігі, өз  ішінде  
шын  пейілмен  берілген  оқытушы  ғана  оқушыны  саналы  
азамат  етіп, отанына, өз  халқына  пайдалы  іс  істеуге    сай  
перзент    болуға    тəрбиелей    алатындығын.  Оқушыларда  
осындай  үлгі-өнегелі  адамдарда  жанындай  жақсы  көріп, 
оны  өзіне  үлгі  тұтып  отыратыны  сөзсіз.   Жақсы  шəкірт  
ұстазының    мұраты  ,    Жаман    бала    естен    кетпес    ұят,  
Өнерлі  бала  сүйкімді  - деп  оқытушы  мен  оқушысындағы  
осының    бір    жарасымды      сипаттын    халық    осылайша  
толғана  шерткен.  Əрине  жақсы  оқытушы  баладан  асқан 
еңбек    сүгіштікті    қажет    етеді.    Халық    даналығы    бұл  
жағын    да    жақсы    ескерген    «Талапты    ерге    нұр    жауар», 
Талаптың  болса, ісіңнің  бүгін  сəті  түспегеннен  түңілме,  -
деп    ойға    алған    істі    қалайша    орындасам    екен    деп  
талпыну,    талаптану    болмайынша,  оны    қажет    етпейінше,  
сен    еш    уақытта  да    көздеген    мақсатына    жете    алмайсың  
деп  қатты  ескерткен. 
Ұстаз  адамның  өнегелі   озық  бейнесін  соның  бір  алыс  
заманның  өзіндей  Əл- Фарабидей  жеріне  жеткізе                                       
 Адамды  табу  үшін. Ғұлама  ұғымында, нағыз  ұстаз                     
Еткізбейтін  үстінен  ешкім   шығам                                                                
Бармайтын,  білімі    телегей    теңіз,    оқыл-ой    парасатыны  
да, ерік- жігеріне  де  ешкім  тең  келе  алмайтын  адам. 
Осындай  қасиеттері  бар  ұстаз  ғана  оқушысына  үлгі- 
өнеге    көрсете    алады.  Ол    халықты    соңына    ертіп,  оның  
мұң-  мұқтажын, талап-тілегін  орындай  алады. 

 
104
Қазақ    топырағында    оқытушы    жайлы  пікір    айтушы  
ғұламалардың  бірі - Ыбырай  Алтынсарин   (1841-1889).  Ол  
оқытушылардың    оқыту    əдісін    жетілдіріп    отыруын, 
олардың    педагогикалық    жəне    оқытушылық  тəсілдерді  
меңгеру    қажеттігін    баса    айтқан    еді.    Ыбырай  
педагогикалық                    мəселесіне  ерекше  мəн береді. 
Нағыз    оқытушы    болу    үшін    оқушылардың    өзіндік  
ерекшеліктерімен    санасу    қажет,  ол    үшін    педагогикалық  
əдебиеттерді  қадағалап  отырмаса  болмайды. 
Ол    оқытушыға    аса    сезімтал,  бала    жанын    жазбай  
танитын    адам    болу    керек    екенін    айта    келіп,      осындай  
қызметі  жоқ  тəрбиешілер  оқушыларды  адастырып,  сонан  
кейін   оқушылар  жазып  бере  білмегеніне  ренжіп, өздеріңе  
өздері  ашулана  бастайды, тіпті  оқушыларға  өшігуге  дейін  
барады   деді. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет