ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
КӨПСАЛАЛЫ ГУМАНИТАРЛЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ
КОЛЛЕДЖІ
«
ТІЛДЕР, ƏГП ЖƏНЕ ҚҰҚЫҚ» КАФЕДРАСЫ
0306012 «Қазақ тілі жəне əдебиеті» мамандығына
арналған
Психология пəнінен
дəрістер
жинағы
Қарағанды-2011
«Тілдер,ƏГП жəне Құқық» кафедрасы мəжілісінде
қарастырылған
Кафедра меңгерушісі Оразғалиева Г.З.____________
Хаттама № _____«_____»_______2011 жыл
ОӨЖ-де қарастырылды
Төрайымы
Баженова Е.В._____________
Хаттама № _____«_____»_______2011 жыл
Құрастырған: Оразғалиева Г.З., Дəулен Ж.А.
Пікір жазғандар:
Иманбеков М.И. – п.ғ.к., профессор
Мақсұтова Г.Х. -Көпсалалы Гуманитарлы-
Техникалық
Университет Колледжі, «Тілдер,ƏГП жəне Құқық»
кафедрасының меңгерушісі
Оразғалиева Г.З., Дəулен Ж.А.
Психология пəнінен дəрістер жинағы. Қарағанды
Көпсалалы Гуманитарлы-Техникалық Университет
Колледжі, 2011
Колледж оқушыларының 0306012 «Қазақ тілі
жəне əдебиеті» мамандығына арналған Психология
пəнінен дəрістер жинағы
Алғы сөз
Бұл оқулық колледж оқушыларына арналған,
психология
пəні
бойынша
жаңа
бағдарлама
талаптарына сай жазылған.
Педагогика ғылымының қазіргі міндеттерінің бірі-
болашақ мұғалімдерге педагогикалық процестің
ғылыми теориялық негіздерін ашу, бастауыш жəне
негізгі мектеп оқушыларына білім беру мен
тəрбиелеуге қажетті білім, іскерлік, дағдыларымен
қаруландыру болып табылады.
Оқулық 4 бөлімнен тұрады:
-
Педагогиканың жалпы негіздері.
-
Тəрбие теориясы.
-
Дидактика. Оқыту теориясы.
-
Мектептану.
Педагогика
қажетті
жағдай
мен
оқу-тəрбие
жұмысының байланысын ашып көрсетеді. Қажетті
нəтижеге қол жеткізе білу жолдарын үйретеді,
қиындықтан шығуға жол сілтейді.
Педагогика-күрделі ғылым. Ол педагогикалық
қатынас, педагогикалық үрдістің себептерін ашады.
Балалық
өмірдегі
қалыптарды
таныммен
байланыстырып, дағдының дұрыс қалыптасуына
теориялық бағдар береді. Педагогика əр түрлі
жағдаяттардың
себептерін
түсіндіреді.
Жақсы
теориялық білімі бар педагог бала тəрбиесіне бейім
келеді.
Оқулық
мектеп
жұмысын
білімдарлықпен,
шығармашылықпен
ұйымдастырудың
жəне
басқарудың,
мектеп
басшыларына,
сынып
жетекшілеріне , мұғалімдерге, ата-аналарға əрбір
мəселені терең түсініп, ойға тоқып, ғылыми
əдістемелік негізде, үлкен шеберлікпен іске асыруда
көмектесетін басты құралдарының бірі.
I – бөлім. Психология ғылымының жалпы
мəселелері
1-дəріс
Психология
пəні, оның зерттеу əдістері.
Жоспар:
1.Психология туралы жалпы түсінік.
2.Психологиялық құбылыстардың жіктелуі.
3.Психология ғылымының салалары мен тармақтары.
4.Психологияның зерттеу əдістері.
1. Психология туралы жалпы түсінік. Əрбір ғылымның
өзіне тəн зерттеу объектісі болады. Психология ғылымы
зерттейтін объектіні (пəнді) бірден түсіну қиын, əрі ол —
күрделі мəселе. Өйткені, психикалык құбылыстар зерттеуші
адамның дүниетанымдық көзқарасына байланысты.
Психологияның зерттейтін объектісі тіршілік пен өмірдің
басқа құбылыстарынан ерекше. Заттар мен құбылыстар
туралы адамнын елесі, қабылдауы, тілегі сол заттардың
өзінен ерекше болып жасалады. Сөйтіп, бірте-бірте олар
адамның психикасы болып аталады. Оған психикалық
əрекеттер, қасиеттер, процестер, күйлер (көңілге
байланысты) тағы басқалар жатады. Мұндай процестер көзге
көрінбейді. Сонымен бірге олар сыртқы дүниедегі заттар мен
құбылыстардан да ерекшеленеді. Бұл құбылыстар адамныц
ішкі жан дүниесіне тəн.
Психология, психика деген түсініктер гректің «псю-
хэ» — жан деген сөзінен шығады. «Логия» — ілім. Бұл
ғылымның өзіндік таңбасы «У» (псю деп аталатын грек
əрпі). Сонымен, психология — жан туралы ілім. Ол
құбылыстарды жүйелі түрде топтастырып, болмыс пен
фактілерді салыстыра отырып зерттейді. Қабылдау, ес,
ойлау, ерік, сезім деп аталатын тағы басқа психикалық
процестер адамныц ішкі дүниесі мен бейнелеу қасиетінің,
күллі жан дүниесінің тіршілігі немесе оның сыры деп
аталады. Осы орайда, біз психологияның жантану
жайындағы ғылым екеніне көз жеткіземіз. Психологияның
осындай анықтамасына қосымша ретінде оның үш түрлі
ерекшелігі бар. Бірінші ерекшелігі — психология адамтану
жайындағы ғылымдар арасында жетекші орынға ие.
Мұндай ерекшелік казіргі кезде қарқынды дамып отырған
ғылыми пəннің өресі мен алдына койған мақсат-мүддесімен
байланысты. Екіншісі — адамның психологиялық дара
өзгешеліктерін,
психикалық
процестердің
анықтығын
айқындау үшін XIX ғасырдың орта кезінен бергі тəжірибелік
зерттеулердің кеңінен қолданылуы. Осы ретте, психология
эксперименттік ғылым деп те аталады. Үшіншісі —
психологияны өзге сабақтас ғылыми пəндерден ерекшелеп
тұратын жайт — бұл пəннің дербестігі. Пəннің дербестігі
адам жан дүниесінің сырларын зерттеуде ең алдымен оның
зандылықтарын жете білуді, əрбір адамның жеке басына тəн
ерекшеліктері мен сыр-сипаттарын даралап іздестіруді қажет
етеді. Əрбір адам — өзінше бір дара дүние. Оның жан
сарайына үңіліп, жүрек сырына терең бойлау, ондағы кұпия
жайттарды ұғыну — пəн дербестігінің бір қыры.
Адамдар күнделікті өзара қарым-қатынас нəтижесінде
бірін-бірі бақылап, бір-бірінің мінез-құлқын, істеген ісін,
қылығын, еңбек-əрекетін біледі, ішкі сырларын аңғарады.
Олардың сыртқы құбылыстарға бейімделуін, түрлі əсерлерге
тітіркеніп, реакциялануын байқайды. Сөйтіп, бір-бірінің
мінез-құлық ерекшеліктерінің өзіндік сипаттарын түсінеді.
Адам психикасының сан кырлы сырларын ғылыми тұрғыдан
зерттеп, олардың арасындағы айырма сипаттарын, бір-біріне
тигізер
ықпалын,
қасиет-сапаларын,
жай-күйін
өмір
тəжірибесіне
сүйене
отырып
ажыратады.
Мұндай
ерекшеліктер
ұрпақтан-ұрпаққа
тіл,
халықтың
өнер
туындылары, жасаған заттық бұйымдары арқылы мұра
ретінде беріліп отырады. Халық аузындағы «Сан рет
естігеннен бір рет көрген артық», «Көре-көре көсем болады,
сөйлей-сөйлей шешен болады», «Көз жеткізбегенді, сөз
жеткізеді» деген мақал-мəтелдердің бəрі де адамның əрқилы
психикалық процестері мен жан жүйесінің қызметі, сыры
жайында айтылған.
Адамның
өмірден
көріп-білгені,
естігені,
өз
тəжірибесінен жинақтағаны ғылымға дейінгі психологиялық
білімін, түсінігін молайтады. Мұндай түсініктер адамдардың
табиғатпен катынасында, айналасындағы нəрселерді танып,
пайымдап, бағдарлай білуінде ерекше маңызды. Дегенмен,
бастапқы түсініктер жүйесіз, əрі тайыз болғандықтан, оларға
сүйене отырып, адамдар арасында белгілі жүйеде тəлім-
тəрбие, емдеу, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу жеткіліксіз
еді. Өйткені, олар адамның психикасы мен жан дүниесі
туралы тұрақты əрі дəйекті ғылыми мəліметтер бере
алмайды. Ал ғылыми білім, заттар мен кұбылыстар
жайындағы ақикатты танып білу, олардың сыр-сипатын
түсіну мəселелерін, себеп-салдар принциптерін ашып көрсету
нəтижесінде ғана жүзеге аспақ.
2. Психологиялық құбылыстардың жіктелуі.
Психикалық процестер мен психикалық қасиеттер.
Психиканың дамуын бейнелеу теориясы тұрғысынан түсіну.
Жалпы психология — психика дамуының жалпы
зандылықтарын,
оны
зерттеу
əдістерін,
теориялық
принциптерін жəне оның ғылыми ұғымдарының қалыптасу
жүйесін зерттейді. Басқаша айтқанда, бұл ғылым теориялық
жəне эксперименттік психология деп те аталады. Жалпы
психология — адамның танымы мен практикалық іс-
əрекеттерін, түйсіну мен қабылдауын, ес пен қиялын, ойлау
мен сөйлеуін, ерік-жігері мен сезім күйлерін, адамның өзін-
өзі
меңгеруінің
жалпы
зандылықтарын
қарастырады.
Адамның
жеке
басындағы
өзіндік
психологиялық
ерекшеліктері болып саналатын мінезі мен темпераментін,
мінездегі жетекші ниет-тілектерді, қабілеті мен өнерді таңдай
білуін т. б. ерекшеліктерін зерттейді.
Жалпы психология ғылымын зерттеу нəтижелері бұл
пəннің барлық салалары мен тармақтарын дамытып
отырудың іргетасы болып есептеледі. Сондықтан бұл пəнді
оқып меңгеруде мынадай негізгі үш мəселені бөліп
қарастырамыз: а) психикалық процестер, ə) психикалық
кейіп, б) психикалық қасиеттер немесе адамның дара
психологиялық ерекшеліктері.
а) Психикалық процестерге, əдетте, адамның таным
процестерін жатқызады. Олар — түйсіну, қабылдау
(тітіркендіргіштердің сезім мүшелеріне тікелей əсері), ес,
қайта жаңғырту процесі, қиял мен ойлау. Сөйтіп, сыртқы
дүние шындығын тану, еріктік процестер (қажеттіліктің
пайда болуы, ниет пен тілек), эмоциялық процестер.
ə) Психологиялық кейіп көңіл-күй мен аффекттерді,
зейін (шоғырлануы мен шашырауы) жəне ерік (сенімділік пен
сенімсіздік, күмəндану) сияқты т. б. жайттарды бейнелейді.
б) Психикалық қасиеттер əрбір адамның жеке басына
тəн психологиялық өзгешеліктер болып табылатын
темперамент, мінез, қабілет арқылы дараланады. Қоғамдық-
əлеуметтік жағдайда өмір сүретін адамдардың бүкіл
болмысы мен жан дүниесінің сыры олардың даралық
қасиеттері болып табылатын темперамент көрінісінен,
мінез-құлық ерекшеліктерінен жəне қабілет бейімділігінен
айқын байқалып тұрады. Материалистік ілім психикалық
процестер мен ерекшеліктерді органикалық дүниенің белгілі
бір даму сатысында пайда болған қасиеті деп санап, оларды
бейнелеудің
жоғары
формасы
ретінде
түсіндіреді.
Психиканы айналадағы объективтік шындықтың біздің
жоғары сатыда жетілген жүйке жүйемізде бейнеленуі деп
таниды.
Жануарлар
дүниесімен салыстырғанда,
адам,
дүниені бейнелеудің ең жоғары сатысы — санаға ие болады.
Сана—тек адамға ғана тəн қасиет. Адамның болмысты
бейнелеудің ең жоғары сатысы — сана дəрежесіне көтерілуі,
бір жағынан алғанда, оның жақсы жетілген жүйке жүйесінің
қызметіне байланысты болса, екінші жағынан, адамның
қоғамдағы қызметі мен еңбек тəжірибесіне байланысты.
Психика, сана — материяның ең жоғары түрде дамыған
жемісі жəне əрекеті. Адамның объективтік дүниені бейнелеп
танып білуі сезімнен тікелей абстрактылы ойға қарай дамиды,
ал ойлаудың нəтижелері өмір тəжірибесі мен қоғамдық іс-
əрекет арқылы тексеріледі. Осының нəтижесінде анықталған
ақиқат болмыс пен окиғаның бейнелері біздің ақыл-ойымыз
бен санамызға əсер етіп, білім қорымыз бен танымымызды
жетілдіреді. Сөйтіп, адамның дүниетанымы тікелей сезімдік
танып білуден абстрактылы ойға, одан əрі қоғамдық
тəжірибеге ұштасып жатады. Адамның таным əрекетінің бұл
жолы материалистік бейнелеу теориясы деп аталады. Ал
психика мен психологиялық қасиеттердің бəрі — адамның
осы дүниетанымының санада із калдырып, белгілі фактіге
айналуы. Психиканы жəне оның жоғары түрде дамыған
сатысы — сананы, адамның дара ерекшеліктерін зерттеу
мəселелері — психология ғылымының басты міндеттерінің
бірі.
3. Психология ғылымының салалары мен тармақтары.
Қазіргі кезде психология ғылымы — көптеген салалар
мен тармақтарға бөлініп, ілгері дамып отырған өрісі кең
ғылыми пəн. Бұл салалар мен тармақтар дамуы мен
қалыптасуы жағынан адамның түрлі тəжірибелік іс-
əрекеттерін қамтитын əр қилы сатыда тұр. Оларды
топтастырып, жік-жікке ажырату жіктеу (классификация) деп
аталады. Енді осы мəселенің сырын ашуға кірісейік. Біз
психиканың дамуын жіктегенде, ең бірінші, осы пəннің
зерттейтін объектісін, екінші, адамның іс-əрекет түрлерін
негіз етіп аламыз. Үшінші, адамның өзін даму мен іс-əрекет
иесі деп санап, оның əлеуметтік ортаға қатынасын алып
қарастырамыз.
Адамның нақты іс-əрекеттеріне сүйене отырып, оның
психикасының дамуын төмендегіше жіктейміз.
I. Тəлім-тəрбие (педагогикалық) психологиясы. Бұл
пəннің зерттейтіні — адамды оқыту мен тəрбиелеу ісіндегі
психологиялық заңдылықтар. Ол оқушылардың ақыл-ойы
мен ойлау жүйесін, дағдыларын қалыптастырудың, олардың
тиісті оқу материалдарын меңгеруі мен ұстаз-шəкірт
арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттеудің түйінді
мəселелерін қарастырады. Сөйтіп, окушылар ұжымындағы
өзара қатынастармен, олардың психологиялық даралық
ерекшеліктерімен
санасып
отырудың
мүмкіндіктерін
іздестіреді. Оқу-тəрбие жұмыстарын жəне балалардың,
психологиялық ерекшеліктерін қарастырып, бірқалыпты даму
заңдылықтарынан
ауытқыған
балалармен
тəлім-тəрбие
жұмысын жүргізу əдіс-тəсілдерінің психологиясын зерттейді.
Сондай-ақ,
ересек
адамдармен
жұмыс
істеудің
ерекшеліктерімен жəне оларды қалай оқыту мəселелерімен де
шұғылданады.
Тəлім-тəрбие психологиясының мынадай тармақтары
бар: а) оқыту психологиясы — дидактиканың психологиялық
негіздерін, оқыту мен білім берудің жекелеген əдістеме
мəселелерін, бағдарлап оқыту мен балалардың ақыл-ойын
қалыптастыру сияқты өзге де мəселелермен шұғылданады. ə)
тəрбие психологиясы — гуманистік жəне əлеуметтік тəрбие
мəселелерінің психологиясын зерттеп, оқушылар ұжымының,
еңбекпен түзету педагогикасының психологиялық негіздеріне
қатысты мəселелерді іздестіреді. Бұлардан басқа, мұғалімдер
психологиясы кемтар балаларды (ересектерді де) оқытып
тəрбиелеу мəселелерін қамтиды.
II. Жас кезеңдерінің психологиясы — əр қилы
психикалық процестердің табиғи негізі мен үнемі дамып
отыратын
азаматтық
қасиеттерін,
психологиялық
сапаларын зерттейтін бұл сала мынадай тармақтардан
құралады: балалар психологиясы, жеткіншектер
психологиясы,
жастар
психологиясы,
ересектер
психологиясы, қарт адамдар психологиясы. Бұл сала окыту
мен ақыл-ойдың дамуын жəне олардың өзара байланысы мен
іргелі мəселелерін зерттеп, оқыту ісіндегі адамның ақыл-
ойын, сана-сезімін жетілдірудің тиімді жолдарын нендей
əдістер арқылы өрістетуге болады деген мəселелерді
іздестіреді.
III. Арнаулы психология. Бұл адам дамуының
бірқалыпты
даму
жолынан
ауытқуын,
ми
ауруына
ұшырағандардың психикалық күйзелістері мен осы
саладағы əр аурулардың себептерін қарастырады. Арнаулы
психологияның
мына
тармақтары,
атап
айтса,
олигофренопсихология — ми зақымы ауруымен туған адам
психологиясының дамуын, сурдопсихология-— саңырау не
керең болып туған балалар психикасын, тифлопсихология —
нашар көретіндер мен соқырлардың психологиялық дамуын
зерттейді. Ал туа пайда болған ауру адамдар психологиясын
зерттейтін тармақ патопсихология деп аталады. Бұл сөз грек
тілінде «патос»— зардап шегу, ауру деген мағынаны
білдіреді. Патопсихология - медицина ғылымы мен оқу-
тəрбие істерін зерттейтін пəн-педагогика мен жан дүниесінің
сырын қарастыратын психология ғылымының түйіскен
торабына жатады.
IV. Еңбек психологиясы — адамның іс-əрекет
түрлерінің психологиясын, еңбекті ғылыми негізге сүйене
отырып ұйымдастыру мəселелерін қарастырады.
Еңбек психологиясының мақсаты — əр түрлі еңбектегі
мамандық
ерекшеліктерін,
еңбек
дағдыларының
қалыптасуын, өндірістік-кəсіптік жағдайдың адамға тигізетін
əсерін, құрал-аспаптардың құрылысы мен орналасуын, хабар
жүйелерінің, қажетті заттарын қарастыру. Бұл салалардың
əрқайсысының өзіндік ерекшеліктерімен бірге бірімен-бірі
байланысты болып келетін мынадай тармақтары бар:
инженерлік психология — бұл, негізінен, автоматталған
жүйелерді басқару мен əр түрлі операторлардың жұмысын
зерттейді. Инженерлік психологияда ең өзекті мəселе
эргономика деп аталады. Бүл термин гректің «ергон» —
жұмыс жəне «номос» — заң деген екі сөзінің бірігуі
нəтижесінде пайда болған. Бұл орайда, өндіріс пен адам
арасында қатынас орнатудың, түйінді мəселелері болып
саналатын еңбек əрекетіндегі адамның өнімді ісі, оның
психологиялық ерекшеліктері, жүйке жүйесінің қызметі мен
еңбек гигиенасы, адамның өнім өндірудегі жетекші рөлі,
техникалық құрал-жабдықтар эстетикасы жəне автоматтанған
тетіктер теориясына қатысты мəселелер қарастырылып,
олардың сыр-сипаты зерттеледі. Эргономика, негізінен, «адам
— машина — орта (еңбектену) жағдайын» қарастыра
отырып, олардың неғұрлым өнімді болуы мен нəтижелерін
жүйелі түрде үйлестіруді басты міндет етіп кояды.
Авиациялық психология - ұшқыштарды оқыту мен ұшу
кезінде орындалатын істердің жай-жапсарын, жалпы, адам
психикасының əуе кеңістігіне бейімделудегі ерекшеліктерін
зерттеп, жоғары дəрежеде ысылған мамандар мен кадрларды
даярлап шығару мақсаттарын көздейді.
Еңбек психологиясында арнайы зерттелуге тиісті
күрделі тармақтар да бар. Олар ауыл шаруашылығына
(шопандар мен малшылар, диқандар мен егіншілер т. б.)
қатысты болып келеді.
V.
Ғарышкерлік
психология
—
адамның
салмақсыздык пен əлем кеңістігінің айдынында бағдарсыз
жағдайда
жұмыс
істеу
сəтіндегі
аса
қиыншылық
жағдайлардағы психологиясын, оның шектен тыс əсерден
кейінгі кейпін, көңіл-күйі мен төзімділік көрсету шараларын
зерттейді.
VI. Медициналық психология дəрігерлердің қызметі
мен аурулардың мінез-құлқын зерттейді. Бұл сала бірнеше
тармаққа бөлінеді, əрбір тармақтың адам психикасын
зерттеуге
қатысты
мақсат-міндеттері
бар:
а)
Нейропсихология психикалық құбылыстар мен жоғары жүйке
құрылысының физиологиясын жəне олардың өзара
қатынасын
зерттейді;
ə)
Психофармакология
дəрі-
дəрмектердің адам психикасына əсері мен күшін
қарастырады; б) Психотерапия — ауру адамға психикалық
əдіс-айла
жəне
емдік
тəсілдер
қолдану
мəселелерін
қарастырады; в) Психопрофилактика жəне гигиена
адамның денсаулығы мен оны нығайтуға арналған
шараларды жүзеге асыру жүйесін, оның əдіс-тəсілдерін
айқындаумен шұғылданады.
VII. Əскери психологияның ең басты міндеті —
азаматты ел-жұрты мен Отанын қорғайтын қалқан болуға
психологиялық тұрғыдан даярлау. Мұнда жауынгердің мінез-
құлқы мен отаншылдық қасиетін тəрбиелеп қалыптастыру
жағдайлары, бастықтар мен бағынушылар арасындағы
қарым-қатынастар, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу,
дұшпанға деген өшпенділік сезімдерінің оянып, оған қарсы
барлау істерін ұйымдастыру жəне соғыс техникасын меңгеру
мен басқару əдістері зерттеледі.
VIII. Əлеуметтік психология адам мен қоғам
арасындағы қатынас мəселелерімен айналысады. Бұл
сала адамдардың белгілі бір негізде ұйымдасқан топтары мен
кездейсоқ топтары арасындағы өзара қарым-қатынастағы
психологиялық құбылыстардың сырын зерттейді. Қазіргі
кезде əлеуметтік психология шеңберінде мынадай үш түрлі
мəселе қамтылады:
а) Үлкен, ірі топтардағы психологиялық-əлеуметтік
жағдайлар. Бұл проблеманың құрамына жалпы бұқаралық
байланыстар: радио, теледидар, баспасөз т. б. кіреді. Əр түрлі
топқа жататын адамдарға осы құралдар арқылы алуан түрлі
хабарлар, көпшілікке тəн талғамдар, əдет-ғұрыптар мен
дəстүрлер, иланулар мен сенімдер, қоғамдық көңіл-күйлер
жайлы əсер етудің психологиялық астарлары жеткізіледі.
Бұған таптық психологияға қатысты мəселелер, этностық
жəне ұлттық психология сипаттары, дін психологиясының
өзекті мəселелерін зерттеу де жатады.
ə) Кіші (шағын) топтардағы психологиялық-əлеуметтік
жағдайлар.
Оңашаланып
тұйықталған
топтардағы
адамдардың бірігуі, олардың өзара қарым-қатынастарының
сыры мен хал-жағдайы, топ ішіндегі жетекшінің алатын
орны,
əр
түрлі
топтық
типтер
болып
саналатын
ассоциациялар, корпорациялар, ұжымдар, ресми жəне
бейресми топтар арасындағы қатынастар, сол топтардың
шеңбері, олардың бірігуінің себептері мен мақсат-мүдделері,
шоғырлану деңгейі зерттеледі. Бұл мəселеге отбасындағы
ата-ана мен баланың өзара қарым-қатынасы, үлкендерді
сыйлау сияқты мəселелер де енеді.
б) Қоғамдағы адамның қасиеті мен əлеуметтік-
психологиялық орны. Азамат — əлеуметтік психологияның
зерттеу объектісі. Осы ретте олардың жоғарыда аталған
топтарда қандай рөл атқаратыны жəне соларға бейімделу
ерекшеліктері де зерттеледі. Сондай-ақ, коғамдағы азаматтың
өзін-өзі бағалай білуін, оның ұстамдылығы мен бағыт-
бағдарын, табандылығы мен көнбістігін, ұжымшылдығы мен
менмендігін, тұрақтылығы мен болжампаздығын зерттеуге
мəн беріледі. Əрине, бұл аталған үш топқа қатысты күрделі
мəселелер əлеуметтік психологияда біріне-бірі қарама-қайшы
не бір қатарға қойылмайды. Азамат пен қоғамның тұтастығы
тұрғысынан бұл мəселелер барлық қарым-қатынастардың
жиынтығы деп қарастырылады жəне адамның азаматтық
бейнесі мен оның ішкі мəнін ашып көрсетеді. Əлеуметтік
психологияның тармақтары: этностық психология, ұлт
психологиясы, таптар психологиясы жəне дін психологиясы
əлеуметтік өмір тынысын жан-жақты қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |