Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
Дата11.02.2023
өлшемі242,15 Kb.
#67142


Қазақстан Республикасының білім жəне 
ғылым министрлігі
əл – Фараби атындағы Ұлттық Университеті
Факультеті : «Философия жəне саясаттану»
Кафедрасы : «Əлеуметтану жəне əлеуметтік 
жұмыс »
МӨЖ
 
Тақырыбы: «Ғылым ұғымын саралау» 
Орындаған: Досмағамет А.Д. 


Ғылым философиясы – философияның ғылымды адам іс-əрекетінің 
ерекше аясы əрі ұдайы дамудағы таным жүйесі ретінде қарастыратын бір 
саласы.Ғылыми танымды гносеология жəне методология тұрғыдан зерттеу 
тарихы əріден басталғанымен, Ғылыми философия 20 ғ-да ғана дербес пəн 
ретінде қалыптаса бастады. Ең алғаш бұл термин О.Конт, Э.Литтре, Г.Спенсер, 
т.б. ғалымдар еңбектерінде қолданылды. Олар ғылым тілін филос. тұрғыдан 
зерттеу əрекеттері тек формальды (матем.) логиканың шеңберінде жүзеге асуға 
тиіс, ал ғыл.-теор. ұғымдарды эмпирикалық таным, тəжірибе сынағы арқылы 
негіздеуге болады деп тұжырымдады. Бұл тұжырым бойынша, ғылым – 
адамның ең жоғары ісі, ал ғылым философиясының бір ғана міндеті – тұтастай 
ғылымды, оның пəндік салаларын логикалық-методол. тұрғыдан қамтамасыз 
ету. Бертін келе бұл тұжырымдаманың сыңаржақтылығына көзі жеткен 
ғалымдар ғылым философиясының зерттеу нысандарына елеулі өзгерістер 
енгізді. Енді ол ғылымның құрылымымен қатар тарихын зерттеуге ден қойып, 
бұрыннан белгілі проблемалармен қатар жаңа пəндік мəселелерді, олардың 
қалыптасу үрдісін қарастыра бастады. 
Ғылымның теориялық сатысының белгілі бір шамада тəжірибеге тəуелсіз 
екендігін мойындап, жаңа ғыл. білімнің табиғатында тəжірибесынақ арқылы 
дəлелдеу мүмкін емес дүниетанымдық көзқарастардың, методол. 
принциптердің болатынына көз жеткізді. Бірақ ғылымның даму заңдылығын, 
оның қызметтік міндеттерін дұрыс түсіндіре алатын методол. ұстын – диалект. 
көзқарас қана. Сананың техникаландырылу деңгейінің артып, компьютерлік 
дүмпудің өркениет өресіне тікелей əсер етуі, сол арқылы ғылым функциясының 
кеңейіп, қоғамның өзге салаларымен, алуан текті мəдениет тұрпаттарымен 
байланысының күшеюі ғылым философиясының алдына күрделі мəселелер 
қойып отыр. Сондықтан ғылым философиясы ғылыми танымның логикалық-
гносеология проблемаларымен қатар ғылымның əлеумметтік-философия жəне 
этика-этника мəселелерін зерттеуге тиіс. Ғылым философиясы мен 
методологиясының қазақстандық мектебі (негізін қалаушы Ж.Əбділдин мен 
Ə.Нысанбаев) отыз жыл бойы осы бағытта ғылыми-зерттеу жұмыстарын 
жүргізуде. Расселдің пікірінше: «Ғылым адамы (мен түгелдей бəрін атап 
тұрғаным жоқ, яғни ғылым адамдарының көбі ғалым емес,- мен ғылым адамы 
туралы, оның қандай болуы туралы айтып тұрмын) – бұл ықыласты, абайлы, 
бірізгілікті, ол тек өз тəжірибесіндегі қорытындыларға сүйенеді жəне түгел 
жалпылауға дайын емес, ол теорияны тамаша, симметриялы жəне синтетикалық 
сипатта болғандығына қарап қабылдамайды; ол оңы бөлшектеп жəне қосымша 
зерттейді». 
Рассел ғылым туралы түсінік бере отырып, ғылым — ол ең алдымен, көптеген 
бөлек мəліметтерді байланыстыратын, жалпы заңдылықтарды табуға 
ұмтылатын жалпы заң. Ғылым ақиқатты іздестіретін өнермен тең, бірақ ол 
өнерде жоқ практикалық манызға ие. Осыған орай ғылыми білімдердің 
қорғансыздық ерекше формасы пайда болады, яғни ғылым, өз жемісінің қалай 
қолданатының шешпейді. Ғылым адамдарға əдепті емес, мақсатқа жету жолын 


нұсқайды. Ал мақсат пен оған жету тілектері арасындағы қалау өмір түріндегі 
əдеп болып келеді. «Ғылым» деген термин бүгінгі күні ғылыми əдіспен 
алынатын білім жиынтығы. Ғылыми таным теориямен ғана жіктеліп қоймайды, 
ол ақиқатты іздестіру жолы. Ғылым адамның іс-əрекеті болғандықтан 
əдістермен сипатталады. Шыңдықты практикалық жəне теориялық игерудің 
тəсілдер мен операциялар жиынтығын «əдіс» деген ұғыммен белгіленеді. 
Осындай тəсілдер мен операциялар зерттеушінің қылықтарын басқаратың 
міндетті норма, ереже қасиеті деп аталған. Зерттеу нормасын кеңінен Т.Кун 
былай түсіндіреді. Ол ғылымның екі жағдайы бар бірі төнкеріс фазасы, екіншісі 
«қалыпты ғылым». «Қалыпты ғылым» бірсыпыра бұрынғы ғылыми 
жетістіктерге мықты сүйенетің зерттеу. «Қалыпты ғылым» деген терминмен 
«парадигма» деген термин байланысты. Парадигма – жаппай қабылданған 
эталон, заң, теория, оны практикалық қолдануы, əдіс, жабдық т.б. кіретін 
ғылыми зерттеу үлгісі. Бұл — ескі парадигманы жойып, оның орнына жаңасын 
еңгізетін ғылыми қоғамда қабылданған ғылыми іс-əрекеттің ережесі жəне 
стандарты. 
Парагдиманың болуы ғылымның немесе бөлек ғылыми пəндердің жетілу 
белгісіне жатады. Ғылыми психологияда парадигманың қалыптасуы В.Вундтың 
еңбектері мен оның ғылыми мектептерінде бейнеленеді. 
Ғылым адамға өз өмірін сақтап калу үшін қажетті білім негізінде пайда болды. 
Адам шөптерді қоректену жəне дəрі-дəрмек ретінде пайдалануды үйреніп, 
жануарлардың мінезін бақылап, оларды қолға үйретті, рудамен тəжірибе жасап, 
əртүрлі металдарды балқытып шығаруды үйренді. Табиғатпен алуан түрлі 
тəжірибе жасау барысында адам өзінің өмірін ыңғайлы етуге бағытталған 
көптеген əдіс-айланы ойлап тапты. Қазіргі замандағы біз ыңғайлылық, 
денсаулық жəне ойын — сауық үшін былай қарағанда өзінен өзі болуы керек 
сияқты көрінетін заттар мен құбылыстар ғылымның арқасында пайда болған. 
Қазіргі заманда ғылым түсінігінде, адамзат баласының жүріп өткен жолдары 
көрсетіледі жəне адамның қалыптасуының құралдары мен əдістері болып 
табылған, ғылымның тарихи – мəдени құбылыс ретінде пайдалануының 
нысандары көрініс тапқан. 
Егерде бар болмыс туралы ғылым саласы ғылым дəрежесіне ұмтылса, онда 
міндетті түрде мынадай сипаттар болу қажет: 
өз объектісі болу тиісті 
өз пəні болу тиісті 
өз заңы, заңдылықтары, принциптері, əдістері, əдістемесі 
өз категориялық аппараты: ұғым, категория, термин т.б. 
Ғылым-адам қызметінің шеңбері, оның нəтижесі болып ақиқат критериясына 
сай болмыс туралы жана білім жатады. Ғылыми білімнің тəжірибелігі, 
пайдалылығы, тиімділігі болып оның ақиқаттығы жатады. Ғалым, ғылыми 
қызметкер-өз əрекетін «ақиқат-жалған» критериясына жетекшіленіп өз 
қызметін құратын маман. 
Бұдан басқа, «ғылым» деп ғылыми əдіспен бүгінгі күні алынған білім 
жиынтығын айтамыз. 


Ғылыми қызметтің нəтижесі болып текст, құрылымды кесте, графикалық 
тəуелдік, формула т.б. түрінде көрсетілетін болмысты жазу, процесс пен 
құбылыстардың болжауын түсіндіру жатады. Бірақ ғылыми таным теориямен 
аяқталмайды. Барлық ғылыми нəтижелерді шартты сатылап реттеуге болады: 
«эмпирикалық-теориялық білім» немесе «дара дерек-эмпирикалық жалпылау-
модель-заңдылық-заң-теория». 
Қазіргі заманның ғылымы қоғам мен адамды қоршаған ортаны өзгертудің жəне 
оны танып-білудің аса қуатты құралына айналды. Оған көз жеткізу үшін ұялы 
телефондар мен интернет, автомобильдер мен көшедегі тығырықтар, бай 
өмірдің насихатты, жұмыссыздық пен көшелердегі қайыршылықты еске түсіру 
жеткілікті. Бұның барлығы капитализм деп аталатын қоғамдық формацияның 
өзіне тəн белгілері. Осы формацияның жəне капиталистік қатынастардың негізі 
ретінде техникалық мəдениет пен қоршаған орта ресурстарын экстенсивті 
пайдалану болып табылады. Қоғамдық қатынастардың бұл түрі 
жаратылыстанушылық жəне техникалық ғылымдардың қоғамның басты 
өндіруші күштері ретінде қарастырылып, пайдалануының негізінде дамып, 
пайда болған. 
Басқа сөзбен айтқанда, ғылымның дамуының əлеуметтік қозғаушы күші болып 
жаңа табиғи ресурстар мен машиналарды қажет еткен капиталистік өндіріс 
болып табылды. Осы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қоғамның өндіргіш 
күші ретінде ғылым қажет болды. Сталиндік типтегі социалистік жүйенің 
құлауы жаңа капиталистік қатынастардың бүкіл əлемге тарауына əкеліп соқты. 
Сол себепті қазіргі сəтте капиталистік техникалық мəдениет өзіне тəн қарама-
қайшылықтарына қарамастан қазіргі заманның əлемдік қауымдастығының 
идеалы жəне бас иетін құдайы тəрізді болуда. Сондықтан барлық мемлекеттер 
аса қуатты капиталистік елдер секілді пайда табудың жолына түсіп отыр. 

1. Ғылым объектісі


2. ғылым пəні
ғылым
3. ғылымның заңы, 
заңдылығы, принципі, 
əдісі, əдістемесі
4. Категориялық 
аппарат: ұғым, 
категория, терминдер 
т.б.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет