Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет1/9
Дата22.12.2016
өлшемі8,01 Mb.
#230
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
Қ.И.СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
 
 
Е.М.Ахметов 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ГЕОФИЗИКАЛЫҚ  ӘДІСТЕРІНЕ КІРІСПЕ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
АЛМАТЫ 
2015 


 
ОЭЖ  550.8(075) 
       Қ.И.Сәтбаев атындағы Казақ ұлттық техникалық        университетінің 
Ғылыми кеңесі баспаға ұсынған     
 
Пікір жазғандар: М.М.Рахымбаев, техника ғылымдарының докторы; 
                       Т.Е.  Нысанбаев, геология-минералогия ғылымдарының  
кандидаты 
 
 
 
 
 
Ахметов Е.М. 
 
Геофизика әдістеріне кіріспе (Оқу құралы)  - Алматы, КазҰТУ баспасы, 2013    
 
       Ұсынылып  отырған  оқу  құралы  геофизика  ғылымының  шығу  жолы,  оның 
жер  туралы  ғылымында  алатын  орны,  геофизиканың  ізденіс  нысаны  және 
шешетін мәселелері туралы баяндалады. 
       Геофизикалық әдістерінің теориялық негіздері, өрістерді өлшеу аспабтары,  
далалық  жұмыс  жасау  принциптері,  өрістерді  өңдеу,  талдау  мен  талқылау 
әдістері,  алынған  өрістер  нәтижелерін  графиктер  немесе  изосызықтар 
карталарымен  бейнелеу  амалдары  келтірілген.  Әр  бөлімнің  аяғында  білімді 
тексеру  және  пысықтауға  арналған  бақылау  сұрақтары  берілген.  Оқулық 
соңында кітапта кездесетін терминдерге түсініктеме, глоссарий берілген.  
Кітап 
жаратылыс 
тану 
ғылымдар 
мамандарына, 
студенттер 
мен 
магистранттарына арналған.  
 
 


 
 
КІРІСПЕ 
        Кұрметті оқырман!  «Гефизика» атты мамандықты таңдағаныңызда, Сіз, 
келешегі бар кәсіпті таңдадыңыз деп есептеймін. ХХ ғасырда көптеген жаңа да 
жылдам  дамыған  ақпараттану,  био-,нано- 
технологиямен  байланысты 
мамандықтар  пайда  болғанымен  геофизика  атты  кәсіп,  өз  маңыздылығын 
жоғалтқан жоқ. Мұндай пікірді нақтылау  үшін бірнеше дәлел келтірейік. 
        Біріншіден, геофизиканың ғылым ретінде іздеу нысаны біздің планетамыз 
Жер,  дәлірек  айтсақ  жер  қыртысы  (литосфера).  Литосфера  бетінде  барлық 
адамзат  өмір  сүреді  және  осында  адамзатқа  қажетті  энергия  көздері,  қазба 
байлықтар  орналасқан  және  адам,  геофизикалық    әдістерімен  жер  асты,  жер 
үсті және ауа кеңістігін игерумен айналысады. 
       Екіншіден,  геофизика  өте  жылдам  дамып  келе  жатқан  ғылым.  Бұл  ғылым 
көптеген  физикалық  құбылыстарды  зерттеу  барысында  адамзатқа  ғылыми 
шығармашылыққа  жол  ашады.  Кәсіпқой  геофизик  –  физика,  математика, 
геология,  тау  кен,  есептеу  және  компьютерлік  технология,  экология  т.б. 
ғылымдарды терең білу қажет. 
       Үшіншіден, геофизика – тек  кәсіп емес, бұл маманның тұрмыс дәстүрі деп 
айтсақта болады  себебі, бұл мамандықты таңдаған адам өмірінде көрмеген елді 
және  жерді  көреді,    қызықты  адамдармен  танысып  қызметтес  болады  және 
сирек кездесетін табиғи құбылыстарды өз көзімен  көреді және оны зерттейді. 
       Қорыта  келгенде,  геофизикалық  зерттеулер  қымбат  және  жоғары 
технологиялық іс әрекетіне жатады және бұл зерттеулерсіз отын- энергетикасы 
және тау-кен кешенін дамыту мүмкін емес. 
       Кәзіргі  кезеңде  де  ғалымдардың  Жер  физикасына  деген  қызығушулық 
бәсеңдер  емес.  Барлау  геофизикасының  «Күміс»  және  «Алтын»  ғасыры  ХХ 
ғасырға сәйкес келеді. Яғни, осы кезде  СССР, Америка, Франция және Канада 
ғалымдарының  күшіменен  Жерді  физикалық  тұрғыдан  зерттеу  негізі  қаланды. 
Күрделі  аппаратуралар  және  геофизикалық  деректерді  өңдейтін,  сараптама 


 
жасайтын  программалар  жасалды.  Жерді  ғаламдық  тұрғыдан  зерттеуде 
сейсмобарлау,  гравибарлау,  магнитбарлау,  электрбарлау  және  ядролық 
геофизика әдістері зор үлесін қосты.   
       XXI  ғасыр  геофизикаға  жаңа  белестер  анықтап  берді.  Жер  қыртысында 
жаңа  физикалық  құбылыстардың  пайда  болуы,  есептеу  микропроцессорлы 
техникасының  жедел  дамуы,  аса  қуатты  компьютрлердің  шығуы  және 
деректерді  өлшеумен  өңдеу  аралығын  қыскартатын  каналдардың  пайда  болуы, 
бұл,    деректерді  жылдам  өңдеу  және  ғылыми  сараптау  мүмкіндігі  ұлғайтты. 
Кәзіргі  кезеңдегі  геофизиканың  технологиялық  мүмкіндігі  жоғарлады,  ал  бұл 
геофизиканың  шешетін  есептерін  кұрделі  етті    -  мұны  алдыңғы  онжылдықта  
шешу құрметті оқырман Сіздердің қолдарыңызда. 
       Кітап  үш  бөлімнен  тұрады.  Әр  бөлім  оқырманға  геофизика  мамандығына 
біртіндеп «енуге» мүмкіншілік береді. 
       Бірінші 
бөлімде 
жалпы 
және 
қолданбалы 
геофизиканың 
немен 
айналысатыны  туралы  айтылады.  Мұнда  жалпы  түсінік,  анықтамалар  мен 
терминдер  беріледі.  Заманға  сай  Жер  туралы  түсінік,  онда  өтіп  жатқан 
геологиялық  және  геофизикалық  процесстер    және  сол  процесті  туғызытын 
күштер туралы баяндайды.  
       Екінші  бөлімде  Жер  ғылымының  бір  саласы  петрофизика  туралы  және  
оның геофизика саласындағы маңыздылығы туралы айтылады. Кысқаша түрде  
тау  жыныстарының  физикалық  касиеттері,  өлшем  бірліктері,  өлшеу 
приборлары туралы қысқаша шолу беріледі. 
       Үшінші  бөлімде  Жердің  физикалық    өрістері  туралы  және  оларды  өлшеу, 
өлшеу  приборлары,    өңдеу  әдістері  туралы  баяндалады.  Бұл  бөлім  өрістерді 
талдау,  сараптама  жасау  және  геофизикалық  өрісті  геологиялық  тұрғыдан 
талдаудың түсінігі беріледі. 
       Кітаптың  авторы,  оқырман,    әсіресе  жас  оқырман  кітапта  баяндалатын 
геофизикалық әдістерді терең түсініп, алған білімді  өз өмірінде қолдана алады 
және ары қарай дамытады  деп  сенім артады.    


 
БІРІНШІ БӨЛІМ     
1. ГЕОФИЗИКА ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА 
1.1.  Геофизиканың шығу тегі 
       Адамзаттың өткен өміріне қараса, адам  ерте заманнан  Жер туралы туралы 
деректерді  жинай  және  сараптай  білген.    Қоршаған  ортаның  ерекшеліктерін 
және  онда  болып  жатқан  процестерді  байқай  отырып,  мысалы  жыл  маусымы, 
теңіздің көтерілуімен қайту периодтығы, Күн мен Айдың   және де басқа аспан 
денелерінің  қозғалысын  көре  отырып    ертедегі  адамдар,  өздерінің    іс 
әрекеттерін, 
табиғатта 
өмір 
сүру 
мәселерін 
жоғарыдағы 
келтірілген 
құбылыстарға  қарай  үйлестіре  білген.  Адамның  қоршаған  ортаны  жете  тану, 
осы уақытқа дейінгі қоғамды ілгері жылжытатын кұш есебінде қарауға болады. 
 
1.1 сурет. Адамзаттың жерге деген көзөарасының өзгеруі 
 
         Бұдан  екі  жарым  мың  жыл  бұрын  адамдар  қошаған  ортадағы  болып 
жатқан құбылыстарды түсіну үшін философия ғылымы жеткілікті деп санаған. 
Бірақта,  қоғамның  дамуы  және  алға  жылжыуна  байланысты  жаңа  білімге 
қажеттілік  туындады,  олар,    математика,  физика  және  тағы  басқалар.  Адам 
қоршаған ортаны терең білген сайын жаңа білім салалары пайда бола бастады. 
Сондықтан,  техникалық  прогрестің  жылдам  дамуына  байланысты  Жер  туралы 
ғылымда  дами  түсті,  география,  атрономия,  биология,  топырақтану  т.б. 
ғылымдар құрамында геофизикада пайда болды. 


 
         Көне  заман  адамдары  төрт  түрлі  табиғат  күші  – 
жер,  су,  ауа  және  от  Жерді  танудың  негізі  ретінде 
қаралып,  оларды  зерттеу  барысында  Жер  ғылымы 
дамып ақыр соңында, кәзіргі геофизика пайда болады. 
Бүгін,  біз  жердің  қатты  қабатын    және  оған  қоса 
жердің  ішкі  серпінді-тұтқырлық    және  пластикалық 
қабаттары, 
гидросфера 
физикасы, 
мухит 
және 
атмосфера физикасы туралы ғылыми талдаулар жасай аламыз
  
Сонымен, Геофизика көне ғылымдар қатарына жатады. 
               Жер  туралы  ғылымның  негізгі  жетістігі  –  адамзатқа  табиғи  зор  
байлықтар және қорларды ашып берді.  Демек, бұл ғылым өндірістің қозғаушы 
күші ретінде қаралып,  ғылыми – техниканың дамуына елеулі әсерін тигізді.  
        Мысалы  XVIII  ғасырдағы  өндірістік  революция  адамзатты  майдагерлік 
кәсіпшіліктен индустриалды өндіріске көшуге мәжбүр етті, ал бұл адамдардың 
табиғатқа  деген  көз  қарасын  өзгертті.  Бұл  революция,    адамзатқа  әртүрлі 
минералдар және де басқа табиғаттар қоры кең мөлшерде  қажет (көмір, темір, 
түсті  металдар)  болды,  ал  мұны  өндіру    қоғамды  ілгері  дамуына  өз    әсерін 
тигізді.  XIX  аяғында  XX  ғасырдың  басында  адамзаттың  табиғи  қорларды 
пайдалануы  өсе  түсті.  Дамыған  капиталистік  елдер    әлсіз  елдерді  басып  алу, 
олардың  минералды  қорларын  емін  еркін  пайдалану  үшін,  отарлау  саясатын 
жұргізді. 
         Кәзіргі  кезде  өндіріс  пен  транспорттың  дамуына  минералдық  корлар 
ішінде  мұнай  мен  газ  алға  шықты.  Мұнайгаз  арқасында  энергетика  саласы 
дамыды,  жаңа  синтетикалық  заттар  жасалды  және    құнды  қасиеттері  бар  жаңа 
материалдар пайда болды. 
         Адамдар  өзінің  шаруашылық  қызмет  саласында  өзеннің  гидравликалық 
күшін, теңіз суының көтерілуін және кайтуын, атомдық энергияны, жердің ішкі 


 
жылу  энергиясын  және  мухит  астында  жатқан  қазба  байлықтарды  игеруге 
әрекет жасап жатыр. 
         Сондықтан,  геофизиканың  жетістіктері  кәзіргі  технократтық  өркенниетті 
қоғамның дамушы күшіне айналды.  
Демек, жаратылыс  ғылымның ішіндегі ең маңыздысы – геофизика. 
 
1.2.  Дүниежүзілік экономиканың дамуына геофизиканың сіңірген еңбегі 
                  Геофизиканың  маңыздылығы  неде?  Оның  негізгі  шығаратын  өнімі 
қандай?  Кен  байлықтар  ма?  Жоқ.  Пайдалы  қазбаларды  өндіру  күрделі  де 
ғылымды қажет ететін өндіріс. 
         Ал геофизика болса, бұл ақпаратты   өндіреді. Мысалы, қандай физикалық 
процесстер  жердің  пайда  болуына  және  оның  дамуына  әсер  еттетін  ақпар, 
Жердің  ішкі  құрылысының  жахандық  және  жергілікті  масштабтағы  ақпарлар. 
Миллиардттаған  немесе  триллиондаған  байт  құрайтын  ақпарлар  -  міне 
геофизиканың  шығаратын  өнімі.  Өндірілген  геофизикалық  ақпарлар  тек  қана 
ғылыми  немесе  өндірістік  жетістіктер  ғана  емес.  Кәзіргі  нарықтық  экономика 
кезеңінде  бұл,  жоғарғы  қосымша  бағасы  бар    коммерциалық  тауар.  Мұнай-газ 
өндірісінде  геофизикалық  зертеулер  нәтижелері  арқылы  өндіріс  процессін 
тиімді  ету,  оның  материалдық  және  техникалық  шығындарын  азайту. 
Геофизиктер бұрын белгісіз болған мұнай қабатын анықтап,  бұрғылау нүктесін 
(координаты)  және  қандай  тереңдікке  бұрғылау  керектігін  көрсетеді.  Айта 
өтейік, ұңғыманы бір километрге бұрғылау $1 миллион шамасында тұрады.  
        Мұнай  мен  газ  кәзіргі  кезде  адамзаттың  негізгі  энергия  көзі  болып 
саналады.  Мұнай  мен  газды  өндіру  көптеген  мемелекеттердің  экономикалық 
негізін  қалайды.  Ал  мемлекет  болса,  өз  экономикасын  бір  қалыпта  ұстап  тұру 
үшін  жер  астында  жатқан  көмірсутекті  шикізаттын  әрдайым  растап  отыру 
керек. Бұдан басқа жаңа рудалық қазба байлықтарды іздеу, барлау жұмыстарын 
да  бәсеңдетпеу  керек.  Демек,  геофизикалық  ақпарат  мемлекеттің  қандай 
көлемде  қорға  ие,  оның  сапасы  және  өндірудің  күрделілігі,  осының  барлығы 


 
стратегиялық  және  мемлекеттің  маңыздылығының  деңгейін  көрсетеді.  Яғни, 
геофизика мемлекеттің экономикада және  саясаттағы  қуатты құралы.  
        Дүние  жүзілік  экономика  жаңа  ғасырға  аяқ  басты.  Білім  мен  ғылымды 
қажет  ететін  өндіріс,  жоғарғы  технология  және  инновация  қарқындылықты 
қажет  ететін  ғасыр.  Геофизика  ғылымының  жетістіктері    космостық,  ядролық 
физика және ақпараттық технология жетістіктермен пара пар. Мұндай жоғарғы 
дәрежелері  қуатты  технологиясы  бар    мемлекеттер  озық  мемлекеттер  қатарын 
құрайды.    Бұл  мемлекеттер  бәсекелес  мемекеттер  ішінде  көшбасшы  мемлекет 
қатарына кіреді, жаһандық экономика және саясатты анықтайды. 
         Іздеу,  барлау  және  кен  орнын  дайындау  кезінде  алынған  геофизикалық 
ақпарат  бейматериалды  активтер  қатарына  кіреді.  Бұл  актив    білім,  ғылымды 
қажет  ететін  өндіріс,  жоғарғы  технология  және  үзіліссіз  инновация  негізінде  
құрылады.   
       Кейінгі кезге дейін текқана Ресей, АҚШ, Франция  және Канада геофизика 
ғылымында  және  аспаб  жасауда  көш  басшы  мемлекеттер  қатарына  кіретін  еді, 
ал  кәзір  бұлардың  қатарына  геофизикалық  техника,    технология  саласындағы 
жетістіктерімен Қытай да кіріп отыр. 
Геофизика  –  инновациялық  экономика  саласында  жетекші  қызмет 
атқарады. 
 
1.3.  Геофизика және оның жер туралы алатын орны 
1.3.1. Жер туралы ғылымдар 
        XVIII  ғасырдан  бастап  ғылыммен  айналысатын  зерттеушілер  кәсіби 
ғалымдарға  айналды.  Олар  ғылымның  жекеленген    салаларында  зерттеу 
жұмыстарын  жүргізе  бастады.  Ғылыми  зерттеу  жұмысында  еңбекті  бөлу 
шаралары  пайда  болады,  ал  бұл  ғылымның  дамуына  өз  әсерін  тигізді.  Кәзіргі 
кездегі Жер ғылымы көптеген тармақтарға бөлінеді.     

10 
 
        БІЗДІҢ 
ПЛАНЕТАМЫЗ 
ЖЕРДІ, 
ОНЫҢ 
ЭВОЛЮЦИЯСЫН, 
ТЕРМОДИНАМИКАЛЫҚ 
ЖАҒДАЙЫН, 
ХИМИЯЛЫҚ 
ЖӘНЕ 
МИНЕРАЛДЫҚ  ҚҰРАМЫН  ЖӘНЕ  ОНДА  ОРНАЛАСҚАН      ЖӘНДІКТЕРДІ 
ЗЕРТТЕЙТІН    КӨЛЕМДІ  КЕШЕНДІ  ҒЫЛЫМДЫ  –  ЖЕР  ҒЫЛЫМДАРЫ  
ДЕП АЙТАДЫ. 
         Жер  ғылымына  қатынасы  бар  әр  ғылым  –  география,  геодезия,  геология, 
геофизика,  геохимия,  геоинформатика,  тау  кен  ғылымдарының    өзіндік  тарихи 
даму жолы қалыптасты, зерттеу тәсілдері арқылы ғылыми қорлар жинақталды. 
        Ежелгі  Грекияның  философтары  өздерінің  жаратылыс  тану  еңбектерінде 
кәзіргі кезеңде қолданатын Жер ғылымдарының матрицасын жасап кетті. 
        Мысалы,  география  (көне  грек.  γή  -  «жер»  және  γρά ω  -  «жазамын, 
суреттеймін») геосфераның және геожүйенің (литосфера, топырақ жамылғысы, 
гидросферасы, атмосфера және биосфера) кеңістікте және уақыт  
аралығында  орналасу  заңдылығын,  олардың  қарым  қатынысын  зерттейтін 
кешенді ғылым.  
        Жердің  пішінін  мен  көлемін,  жер  бетін  картада    бейнелеу  және  планда 
орналастыруды  зерттейтін  ғылымды  геодезия  (δαϊζω-  бөлемін)  деп  айтады. 
Геодезия  –  дербес  индустрия  саласы.  Жердің  пішіні  мен  мөлшерін, 
қабылданған  координаталар  жүйесіндегі  нүктелер  орнын  анықтаудың  әдістері 
мен  тәсілдерін  зерттейтін,  жер  бетіндегі  өлшеулермен  айналысатын  Жер 
туралы  ғылымдардың  бір  саласы.  Геодезия  ғылымы  астрономия  және 
гравиметриямен тығыз байланысты.  
        Жердің  құрамы,  құрылысы,  даму  тарихы  Жер  оны  құрайтын  тау 
жыныстары  және  оның  қойнауында  және  бетінде  болып  жатқан  процесстерді 
зерттейтін  көп  тармақты  ғылымды  геология  (көне  грек.  γή  -  «жер»    λόγος  - 
«сөз»).  Кен  байлықты  іздеу  және  барлау  геологияның  негізгі  мақсаты  болып 
есептеледі. 

11 
 
        Геохимия  (көне  мысыр-египет  иероглифы  «хем»  мысыр-египт)  ғылымы 
дегеннен  шыққан  дерек  бар.  Бұл  ғылым  жер  бетінде  және  оның  әр  түрлі 
тереңдік    қойнауында  болып  жатқан  тереңдік  процесстердің  (вулканизм)  тау 
жыныстарының химиялық құрамының қалыптасуына, кен байлықтардың пайда 
болуына және химиялық үгілу процесіне әсерін зерттейді. 
       Геоинформатика  (лат.  informare  –  «пішінін  беру,  баяндау»)  –  табиғи 
нысандар  қасиеттері  мен  деректерін  сақтау,  өңдеу  және  геоақпараттық 
жүйелерді құру, жобалау процесімен айналысатын кәзіргі заманның ғылымы.   
       Жер  қойнаунда  жатқан  қазба  байлықтарды  игеру  және  өңдеумен 
айналысатын кешенді  ғылымды – тау-кен ғылымы деп айтады.  
       Әрине,  тағы  да  геофизика  (көне  грек. 
ύσις  -  «табиғат»)  ең  маңызды 
және ең қажетті жер туралы ғылымның бір саласы. 
 
1.3.2.  Геофизика 
     Геофизика  қоршаған ортаны физикалық тұрғыдан зерттеу принциптері мен 
жеткен жетістіктерінде  қалыптасқан  және Жерде жүріп жатқан процесстердің, 
табиғи құбылыстардың мәнін анықтауға бағытталған.   
      ЖЕРДІҢ  ҚҰРЫЛУЫН,  ОНЫҢ  ЗАТТЫҚ  ҚҰРАМЫН,  ҚҰРЫЛЫСЫН, 
ҚАСИЕТІН,  ДАМУЫН  ЖӘНЕ  ЖЕРДЕ  ЖҮРІП  ЖАТҚАН  ТАБИҒИ, 
ТЕХНОГЕНДІ  ПРОЦЕССТЕРДІ  ФИЗИКАЛЫҚ  ӘДІСТЕРМЕН  ЗЕРТТЕЙТІН 
КЕШЕНДІ ҒЫЛЫМДЫ ГЕОФИЗИКА ДЕП АЙТАДЫ.  
      Геофизиканың зерттеу нысанны: 
  Жалпы Жер және оның геосферасы (литосфера, атмосфера, гидросфера); 
  Геологиялық  процесстер  (литосфералық  плиталарының  жылжуы,  жер 
сілкініс т.б.); 
  Геологиялық орта (тау жыныстары, т.б.); 
  Геологиялық нысандар (құрылымдар, қазба байлықтар). 

12 
 
    Физикалық  зерттеу  әдістері  физикалық  өлшемдердің  шамасымен  тығыз 
байланысты,  себебі,  олар    зерттеу    нысандары  мен  процесстердің  қасиеттерін 
сипаттайды.  Зерттеу  процесі  уақыт  аралығына  созылған,  ал  ізденіс  нысандары 
біршама  кеңістікте  таралған.  Сондықтан,  нысандар  мен  процесстерді  нақты 
зерттеу    үшін  физикалық  шамалар  жиынтығын  өлшеу  қажет,  ал  бұл  шамалар 
физикалық өрісті құрайды.  
     Физикалық  өріс  деп  кеңістікте  таралған,  нақты  физикалық  шамамен 
сипатталатын  (тұрақты  немесе  ауыспалы)  көптеген  нүктелер  жиынтығын 
айтады.  
     Физикалық  өрістер  екі  түрге  бөлінеді:  скалярлық  және  векторлық  болып. 
Скалярлық  өрістер  тек  бірақ  шамамен  сипатталады  –  кеңістікте  өзгермелі 
амплитудамен.      Ал  векторлық  өріс  амплитудамен  және  кеңістікте  өзгермелі 
векторлық бағытпен сипатталады. 
      Кеңістікте  таралған  физикалық  өрістердің  әрқайсысы  өлшем  бірлікке  ие

Егер кеңістікте  
 жүйесі берілсе, онда өрістерді жіктеуге 
болады: 
1-  өлшемдік,  көптеген  шамасы  бар  f(x)  функциясы  тек  бір  параметрге   
байланысты (бір сызық немесе профиль бойымен өлшенген шама); 
2-  өлшемдік, көптеген шамасы бар f(x,y) функциясы тек екі параметрге 
 
байланысты (беткей, жазықтық бойымен өлшенген шама); 
3-  өлшемдік,  көптеген  шамасы  бар  f(x,y,z)  функциясы  тек  үш  параметрге 
 байланысты (көлемдік); 
4-  өлшемдік,  f(x,y,z,t),  төрт  параметрге  байланысты  x,y,z  және  уақыт  t 
байланысты. Біршама уақыт аралығындағы көлемдік өлшем. 
     Физикалық өрістер болады: 
 уақыт  арасында  кеңістікте  таралған    физикалық  шаманың  модулі  мен  
бағыты  бірдей  болса  біртекті  өріс,  ал  өрістің  модулі  мен  бағыты  бір 
нүктеден екінші нүктеге өзгеріп отырса біртексіз дейді; 

13 
 
 кез  келген  бағытта  өріс  біркелкі  болса  изотропты,  ал  тек  кейбір  жеке 
бағытта ғана біркелкі болса анизотропты
  уақыт  аралығында  физикалық  шаманың  мағынасы  өзгермесе  тұрақты
ал өзгерсе тұрақсыз;  
 белгілі  уақыт  аралығында  (период-мезгіл)  немесе      өрістің  шамаса 
қайталанып тұрса периодты, қайталанбаса апериодты;  
 уақыт  аралығында  немесе  кеңістікте  өрістің  мөлшері  синус  немесе 
косинус заңымен өзгерсе гармоникалық дейді; 
 өрістің мәнінің кенеттен өзгеруін импульсті өріс дейді. 
 
Геофизикалық өрістер құрамына жатады: 
  Жердің  табиғи  өрістері  (гравитациялық,  геомагниттік,  геоэлектрикалық, 
сейсмикалық, геотермиялық, ядролы-геофизикалық); 
  Техногендік  жасанды  (жарылыстық,  жарылыссыз,  электрогенераторлар, 
ионизациялық сәулелелендіру) физикалық өрістер. 
        Ал  енді  геофизика  нені  зерттейді  дегенге  келсек,  ол  геологиялық 
нысандардан  пайда  болған  әртүрлі  геофизикалық  өрістердің  параметрлерін 
зерттейді.  Геофизиканы  геологиямен  салыстырсақ,  геологияның  зерттеу 
аймағы  -  минералдар,  жыныстар,  қабаттар,  құрылымдар,  кен  байлықтар  және 
басқа геологиялық құбылыстар. 
       Демек  геофизика,  геофизикалық  өрістердің  уақыт  аралығында  өзгеруін, 
оның  кеңістікте  таралуының  біркелкі  еместігін,  құрылымын,  табиғатын  және 
оның  қалыпты  өрістен  ауытқу  шамасын  зерттейді.  Ең  бастысы,  бақылаған 
өрістер мен Жердің құрылысының байланысын анықтауға, геологиялық ортаны 
құрайтын    тау  жыныстарының  құрамының  біркелкі    еместігіне,  Жердегі  өтіп 
жатқан  процесстердің  сипаттамасына,  Күн  мен  Айдың  әсеріне,  ғарыштық 

14 
 
сәулелерге, техногендік белсенділікке және биосфераның әсеріне ерекше көңіл 
бөлу қажет. 
      Геофизиканың  басты  мақсаты  –  ізденіс  нысандары  туралы,  яғни,  Жерде 
жүріп  жатқан  тектоникалық  қозғалыстар,  оның  ішкі  құрылысы  және  кен 
орындарының  кеңістік  координаттары  туралы  толық  және  шынайы  мәлімет 
беру.  
      Көптеген  ғылыми  пәндермен  байланысы  бар  геофизиканы,  шешетін 
мәселелеріне  байланысты  екі  үлкен  топқа  бөлуге  болады  (1.3  сурет).  Ондай 
ғылыми бағыттар: 
  Жалпы  геофизика.  Жерді  және  басқа  планеталарды  фундаменталды 
тұрғыдан зерттеу; 
  Қолданбалы  геофизика.  Адамзаттың  түрлі  бағыттағы  іс  әрекетін 
зерттеуге бағытталған ғылым.      

15 
 
 
 
                  1.3 сурет. Геофизика және онымен байланысты ғылымдар 
     Сонымен, геофизиканы жан жақты қарастыра келіп үш маңызды көзқарасты 
ерекшелеуге болады, яғни, геофизика бұл: 
  өзіндік пән (Жалпы геофизикаға байланысты); 
  Геолог 
мамандпрына 
деректер, 
мәліметтер 
дайындайтын 
кәсіп 
(қолданбалы геофизика); 
  физиканың  теориясын  дәлелдейтін  алып  лаборатория  (физиканың  бір 
бөлігі ретінде).  
      Жер  ғылымдардың  ішінде  геофизика  жердің  тереңдік  құрылымын  және 
құрылысын  зерттейтін  жалғыз  ғылым.  Бұл  зерттеудің  ерекшелігі,  жердің 

16 
 
физикалық  қасиеттер  терминінде  зертттеп  оны  соңыра  геологиялық 
деректермен толықтырады. 
      Әрине,  геофизика  Жерді  кәзіргі  кезде  болып  жатқан  процесстерді 
сипаттайды.  Геофизиканың  көмегімен  өткен  шақты  зерттеуде  қолдануға 
болады. Ондай  зерттеулер радиметриялық даталау (жыныстың немесе руданың 
пайда болу уақытын анықтау) және палеомагниттік зерттеулер.  
      Геофизиканың  ғылыми  принциптері  келешекті  де  болжауға  мүмкіншілік 
береді.  Мысалы,  жерде  жүріп  жатқан  кейбір  процесстерді  әртүрлі  уақыт 
арасында  бақылау  жүргізіп,  өлшенгең  физикалық  өрістің  қаншама  өзгеріске 
үшырағанына    байланысты  геодинамикалық  процесстерді  анықтауға  және 
зерттеуге  болада.  Қорыта  келе,  геофизика,  ізденіс    нысаны  туралы  алғашқы 
мәліметтерді 
пайдаланып, 
өтіп 
жатқан 
процесстердің 
дәл 
физико-
математикалық моделін тұрғызуға болады және Жерді зерттеудің негізгі «кілті» 
болып есептеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет