Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым


Атмосфераның ластануы мен ластаушы көздер



бет12/51
Дата15.10.2022
өлшемі0,7 Mb.
#43212
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   51
Байланысты:
Курс лекции ЭиТӘҚ негіздері

Атмосфераның ластануы мен ластаушы көздер
Өндiрiстiң қарқындап дамуына жəне отын түрлерiн кең масштабта жағуға байланысты атмосферадағы бос оттектiң қоры азайып, ал көмiрқышқыл газының мөлшерi жоғарылауда. Нəтижесiнде табиғаттағы көмiртектiң айналымы бұзылды деуге болады. Академик А.П. Виноградов зерттеулер нəтижесiнде көмiрқышқыл газының концентрациясы жыл сайын 0,2% ға ұлғайып отырғанын анықтады. Адамзат қоғамында адам ба-ласы отты ең алғаш рет қолданған күннен бастап осы күнге дейiн түрлi жану процестерiнде 273 млрд. тонна оттегi жұмсаған болса, соның 246 млрд. тоннасы, яғни (90% ға жуығы) соңғы жарты ғасырда ғана жұмсалған. Көмiртек айналымының бұзылуы мен атмосферада көмiрқышқыл газының концентра-циясының жоғарылауы Жердегi барлық химиялық тепетеңдiкке үлкен əсер етедi.
Атмосфера табиғи жəне жасанды (антропогендiк) жолмен ластанады.
Табиғи ластану. Атмосферада үнемi белгiлi мөлшерде шаң болады. Шаң табиғатта жүретiн табиғи процестер нəтижесiнде түзiледi.
Шаңның үш түрi болады: минералдық (органикалық емес), органикалық жəне космостық. Тау жыныстарының үгiтiлуi мен бұзылуы, вулкандар атқылауы, орман, дала, торфтардың өртенуi, теңiз беттерiнен судың булануы минералдық шаңның түзiлуiне себеп болады. Органикалық шаң ауада аэропланктондар — бактериялар, саңырауқұлақтардың споралары мен өсiмдiктердiң тозаңдары, т.б. түрiнде жəне өсiмдiктер мен жануарлардың ыдырау, ашу, шiру өнiмдерi түрiнде болады. Космостық шаң жанған метеориттердiң қалдықтарынан түзiледi. Табиғи ластанудың бiр түрi космостық шаң атмосферадағы жанған метеориттер қалдықтарынан түзiледi, 1 жыл iшiнде оның мөлшерi 2-5 млн тоннаға дейiн жетедi. Табиғи шаң жер атмосферасының негiзгi құрам бөлiгi болып табылады. Табиғи шаң бөлшектерi органикалық немесе бейорганикалық болуы мүмкiн, олардың радиусы шамамен 10-3—10-4 см болады жəне топырақ пен тау жыныстарының үгiтiлуi, вулкан атқылауы, орман, дала, торфтардың өртенуi немесе су беттерiнен булану нəтижесiнде түзiлуi мүмкiн. Атмосфераның төменгi қабатта-рындағы шаң сусыз шөл далалардан пайда болады немесе аэропланктондар — бактерия, өсiмдiк споралары, саңырауқұлақтар, өсiмдiктер мен жануарлардың қалдықтарының шiру, ыдырау өнiмдерiнен түзiледi.
Мұхит үстiндегi ауа атмосферасында магний, натрий, кальций тұздарының майда кристаллдары болады, олар су шашырандылары ауада құрғап қалғанда түзiледi. Əдетте табиғи жолмен ластану биогеоценоздар мен онда тiршiлiк ететiн организмдер үшiн аса көп зиян келтiрмейдi.
Жасанды ластану. Атмосфераны ластаушылардың ең негiзгiлерi транспорт түрлерi, əсiресе автомобильдердiң жанармайларының жану өнiмдерi болып табылады. Француз ғалымы Ж. Детридiң есептеулерi бойынша, автомобильдерден бөлiнген газдардың құрамында көмiрқышқыл газы — 9%, көмiртек ок-сидi -4%, көмiрсутектер — 0,5%, оттек — 4%, сутек -2%, альдегидтер — 0,004, азот оксидтерi — 0,06%, күкiрт оксидтерi — 0,006% барлығы 200 ге жақын компоненттер бар екенiн анықтады. Қоршаған ортаға көмiртек, күкiрт жəне азот оксидтерiмен бiрге бензиннiң құрамына кiретiн канцерогендi заттар, мысалы 3,4-бензопирен мен қорғасын өте зиянды əсер етедi.
Атмосфераға транспорттардан бөлiнген газдардың құра-мында 25-27% қорғасын болатыны анықталған. Жəне оның 40% диаметрi 5 мкм ге дейiн болатындықтан ауада ұзақ уақыт сақталып, онымен бiрге адам организмiне түсетiндiгi белгiлi болды.
Ауа бассейнiн күкiрттi газбен жəне шаңмен ластаушы жылу электр станциялары. Қуаты орташа жылу электр станциясы 1 сағатта 80 т көмiр жағып, атмосфераға шамамен 5 т күкiрттi ангидрид жəне 16-17 т күл бөледi. Атмосфералық ауаның тазалығына үлкен əсер ететiн жағылатын отынның сапасы, жағу əдiстерi, газтазартқыш қондырғылар мен қалдық бөлетiн трубалардың биiктiгi. ЖЭС газға көшiру зиянды қалдықтар мөлшерiн бiршама азайтады.
Зиянды газдарды авиациялық транспорт та бөледi. Ж.Детридiң есептеулерi бойынша, реактивтi самолеттер ұшу кезiнде 1 сағатта 0,7 кг/м3 альдегидтер, 6,5 кг көмiртек оксидi, 1,7 кг көмiрсутектер, 4,3 кг азот оксидтерi, 6,3 кг/м3 қатты бөлшектер бөледi екен
Атмосфераның антропогендi ластану жолдары жылу энергетикасы, мұнай, газ өңдеу өнеркəсiптерi, транспорт, термоядролық қаруларды сынау, т.б. арқылы жүредi. Бұлардың əрқайсысы құрамы ондаған мың компоненттерден тұратын түрлi қоспаларды атмосфераға бөлiп шығарады. Ауа кеңiстiгiн лас-тайтын қосылыстар көмiртек оксидтерi, күкiрт пен азот қосылыстары, көмiрсутектер мен өндiрiстiк шаң тозаң. 1 жыл iшi нде атмосфераға 200 млн тонна көмiртек оксидi (СО), 20 млрд тонна көмiрқышқыл газы , 150 млн тонна күкiрт оксидi, 53 млн тонна азот оксидтерi , 50 млн тонна түрлi көмiрсутектер бөлiнедi.
Ауаның ластануы адамның денсаулығына, экожүйелердiң қалыпты жұмыс iстеуiне, т.с.с. көптеген организмдерге зиянды əсерiн тигiзедi.
Атмосфераның радиоактивті заттармен ластануы
Радиациялық əсерлердiң шығу көздерi баршаға мəлiм, қара-пайым космостық сəулелерден бастап, экологиялық катастро-фалар болып табылатын ядролық қаруларды сынау, атом яд-ролық станциялардағы авариялар, т.с.с. Көптеген елдерде ядролық қаруды сынау жұмыстарының жүргiзiлуiне байла-нысты ядролық өндiрiстiң, атом-электр станцияларының да-муына байланысты атмосферада жасанды радиоактивтiлiк көздерi пайда болды.
Радиоактивтi элементтердi өндiру мен атом қондырғыла-рын, двигательдерiн iске қосу жұмыстары кезiнде атмосфераға өте қауiптi радиоактивтi заттар бөлiнуi мүмкiн. Радиоактивтi заттар атмосферада тозаң, не аэрозоль түрiнде болады, олар-дың азғантай дозасының өзi адамның нерв системасы, жыныс бездерi, асқорыту, тыныс алу органдары, қалқанша без бен гипофиз қызметiне зиянды əсер етедi.
Атмосфера радиоактивтi заттармен əсiресе, атом жəне су-тектi бомбалардың жарылуы кезi нде ластанады. Атом жары-лысы кезiнде түзiлген изотоптардың жартылай ыдырау кезең-дерi түрлiше. Əсiресе, стронций-90 (жартылай ыдырау кезеңi 25 жыл) мен цезий-137 (жартылай ыдырау кезеңi 33 жыл) өте қауiптi.
Атмосфераның шумен ластануы
Деңгейi шамамен 90-120 децибел болатын шулар адамның жүйке жүйесiне əсер етiп, есту органдарының қызметiн нашар-латып, тiптi кейбiр жағдайларда жүйке — психикалық ауру-лардың пайда болуына себеп болады. Бұнымен қатар гиперто-ния, асқазанның жарасы, организмнiң эндокриндiк системасы-ның бұзылуы сияқты аурулардың пайда болуына, нерв клетка-ларының дегенерациялануына əкеп соғады. Үздiксiз қатты шу əсерiнен перифериялық қан тамырлары тарылып, бұлшық еттер мен миға қанның келiп жетуi қиындайды. Деңгейi 130 де-цибелден асатын шу акустикалық травмалар туғызады.
Осыған байланысты шудың əсерiн төмендету үшiн бiраз шаралар жүзеге асырылады. Мысалы, үлкен қалаларда жасыл өсiмдiктер шудың деңгейiн бiршама төмендетедi. Олар түскен шу энергиясының 20% жұтады. Бүнымен бiрге шуды сiңiрушi конструкцияларды, экрандар орнату сияқты шаралар да атмо-сфераның шумен ластануынан қорғайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет