Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым



бет28/51
Дата15.10.2022
өлшемі0,7 Mb.
#43212
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   51
Байланысты:
Курс лекции ЭиТӘҚ негіздері

Жер сілкінген кезде
Жер сілкінісі кезінде жер неғұрлым қысқа мерзім ішінде-небәрі бірнеше секунд, ал тіпті күшті болған жағдайда бір минут қана сілкінеді. Сілкіністің үрейіңізді алуы мүмкін, бірақ сабырлылық сақтаңыз және өзгелерді де сабыр сақтауға шақырыңыз. Жер сілкінісінен қорғаныс шараларының мүмкін болатын түрлерінің ішіндегі ең жақсысы-үрейге берілмеу, айқай салып абыржымау, әрлі-берлі жүгіре бермеу. Егер сіз сабыр сақтап, терең ойластырып, әрекет жасасаңыз, сақтанудың мүмкіндіктерін арттыра түсесіз. Жердің немес ғимараттың тербетіле бастағанын сезген бойда-ақ шұғыл түрде әрекет етіңіз. Егер сіз көшеде болсаңыз, сол тұрған орыныңызда қалыңыз, ал егер үйдін ішінде болсаңыз, одан шыға жөнелуге асықпаңыз. Қайғылы жағдайлардың көпшілігі адамдардың үйге кіруге, ал басқаларының үйден шығуға асығып ерсілі-қарсылы даурығуы кезінде болады. Кейде адамдар жоғарғы қабаттағы пәтерлердің терезесінен секіріп кетуге дейін барады. Үйдін ішінен жүгіріп шықпаңыз,өйткені үйдің құлап түсіп жатқан бөлшектері мен үзілген сымдар мейлінше қауіпті. Өте-мөте ерекше жағдайларда ғана бір қабатты үйлерден және көп қабатты үйлердің бірінші қабатынан шығып кетуге болады.
Егер сіз үйдің ішінде болсаңыз, мейлінше тез қауіпсіз орынға-ішкі есіктің қуысына, тіреу бағанасының жанына немесе бөлменің терезе мен балканнан қашықтау бұрышына тұра қалыңыз. Электр жарығы өшіп қалғаннан қорықпаңыз. Ыдыс-аяқтың сынуы, қабырғалардың сытырлап жарылуы, заттардың тас-тұрс етіп құлап түсуі сияқты жағдайда үрейленбеуге әзір болыңыз. Қараңғыда шырақ, сірінке, тұтатқыш жаға көрмеңіз. Өйткені газ шығып жатқан жағдайда өрт болып кетуі мүмкін.
Егер сіз көшеде келе жатсаңыз, ғимараттар мен электр желілерінен аулақтау ашық алаңға қашып шығуға тырысыңыз. Олай ету мүмкін болмаған жағдайда ең таяудағы ғимараттың есігінің қуысына тұра қалыңыз. Мұның өзі сізді жоғарыдан құлап түсетін заттардың соққысынан сақтайды. Құлағалы тұрған балкондардан, карниздерден, парапеттерден, салбырап тұрған сымдардан аулақ болуға тырсыңыз.
Егер сіз автомобильде келе жатсаңыз ашық алаңға тоқтай қалыңыз. Жердің сілкінісі өткенше автомольден шықпаңыз. Жаңа дүмбулерді сезе қалсаңыз, оған танданбаңыз. Алғашқы күшті дүмпуден кейін уақытша тыныштық болуы мүмкін. Мұндай дүмпулер бірнеше сағат немес бірнеше тәулік бойы қайталануы да мүмкін. Олар бұған дейінгі алғашқы басты дүмпуден мейлінше қатты зардап шеккен құрылыстардың одан әрі қирауын немесе бүлінуін болдыруы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет