Радиациядан қоғайтын паналау ғимараттары
Радиациядан қорғайтын паналау ғимараттары дегеніміз- адамдарды радиоаутивті шаңдардан, сәулелерден, жарық шығарудан, сондай-ақ тамшы күйіндегі улағыш заттардан қорғауды қамтамасыз ете алатын ғимараттар.Радиациядан қорғайтын орындарды әлсіз бүліну аймағына орналастырғанда оның конструкциялары 20кПа қысымға шыдайтындай дәрежеде болу қажет.
Тереңдетілген бөлмелер жетіспеген жағдайда радиацияға қарсы арнаулы орындар салынады. Ол үшін қолдағы бар құрлыс материалдарын қолданады.
РҚО сиымдылығы әдетте 10-50адамға, кей жағдайларда 100-500 адамға есептелінеді.
Сиымдылығы 50 адамға дейін болса , ауа ауысу табиғи желдеткіш арқылы жүзеге асырылады.
Радиациядан қорғайтын паналау орындары етіп жер асты өткелдерін, подвалдарды, қоймалар мен жеміс сақтағыштарды, жер астындағы тереңдетілген және жартылай тереңдетілген үйдің төменгі қабаттарын жабдықтауға болады.
РҚО радиациялық сәуледен қорғайтын қабілеті әлсірету коэфициентімен анықталады. Радиациядан қорғайтын баспаналарды салғанда және басқа да ғимараттарды жабдықтағанда олардың радиацияға қарсы әлсіреті коэфициенті (К) есепке алынады.
Радиацияны әлсірету коэфициенті құрлыс метериалдарының қалыңдығы мен тығыздығына байланысты.
Әр түрлі материалдардың гама сәулелерін әлсіретуін сипаттау үшін жартылай әлсірету қабатының жарты мөлшері, яғни гамма сәулелерінің өтімділігін екі есеге дейін әлсірете алатындай материал қабатының қалыңдығын пайдаланады.
Кесте4 Кейбір құрлыс материалдарының радиоактивті гамма сәулелерді жартылау әлсірету қабаты
-
Құрлыс материалдарының атауы
|
Тығыздығы,г/см3
|
Жартылай қабат,см
|
Ағаш
|
0,7
|
19
|
Шыны
|
1,4
|
9,3
|
Топырақ
|
1,8
|
7,2
|
Кірпіш
|
1,6
|
8,4
|
Бетон
|
2,3
|
5,6
|
Темір бетон
|
2,5
|
5,4
|
Болат, темір
|
7,8
|
1,8
|
Қорғасын
|
11,3
|
1,3
|
Берілген материалдың кез келген қабатының гамма сәулелерін әлсірету коэффициентін анықтау үшін
формуласын пайдалануға болады.
Мұндағы, h – материалдың қалыңдығы, см
d – жартылай әлсірету қабатының жуандығы, см
Радиацияға қарсы ғимараттарды гамма сәулелерін әлсірету коэффициентіне байланысты төрт топқа бөлуге болады.
1 К1 = 25-50 2. К2 = 50-100 3. К3 = 100-200 4. К4 ≥ 1000
Ғимараттарды радиацияға қарсы етіп икемдегенде, оларды әр түрлі материалдармен жапқан кезде, әрқайсысының әлсірету коэффициентін анықтап, сосон алынған мәндерді қайтадан көбейтеді.
Мысал. Қалыңдығы 40см ағаштан жабылған және 50см топырақ салынған паналау орнының әлсірету коэффициентін анықтау керек.
Ағаш үшін жартылай әлсірету коэффициенті 19см, топырық үшін 8,4см.
К1 = K2 =
К = K1* K2 K = 4*64 = 256
Коэффициент көп болған сайын паналайтын орын соғұрлым тұрақты болады.
Радиациядан қорғайтын паналау орындары негізінен кіші-гірім қалаларда , қала типтес кеттерде, ауылды жердің бәрінде құрылады.Радиациядан паналау орындарына ыңғайластыратын бөлмелер жетіспеген жағдайда жергілікті құрлыс материалдарын пайдалана отырып, радиацияға қарсы арнайы паналау орындары құрылып жоспарланады, ал қажет болған жағдайда салынуы тиіс. Азаматтың қорғаныстың ұсыныстары мен радиацияға қарсы паналау орындарынын жобалау құрылыс нормалары мен ережелерінде нұскауларда баяндалған. Арнайы құрылған РҚО әдетте өте берік етіп жасалынады. Олар 200 әлсірету коэффициентімен, 20кПа қысымға мөлшерленген, сондықтан радиоактивті сәуле шығару мен соғу толқынынан және екінші қайтара зақымдану күштерінен қорғай алады.Орындардың мұндай түрлерін қала сыртындағы аймақтарда медициналық пункттер, байланыс нүктелерін, қосалқы басқару орындарын орналастыру үшін пайдалануы мүмкін.
РҚО бейбіт және соғыс кезінде пайдаланатын талаптарға сәйкес желдеткішпен, жылумен, сумен жабдықтау жүйелерімен , канализациямен және жарықпен жабдықталуы тиіс.
Сиымдылығы 50 адамға дейін болатын паналау орындарында табиғи желдеткіш қолданады.. Бөлме ауа кіретін және ауа шығатын қорабтар арқылы жәлдетіледі. Ауа кіретін қорабқа әр түрлі материалдардан шаңға қарсы сүзгіш орнатады. Желдету процесін тездету үшін ауа шығаратын қорап ауа кіреті (соратын) қораптан 1,5-2м жоғары тұру керек.
Бір қабатты үйлерде ауа шығаратын саңылау ретінде түтін шығатын жерлерді пайдаланады.
Кез келген пайдалануға жарайтын бөлмелерді РҚОлайықтау үшін мынадацй жұмыс түрлерін іске асыру қажет:
-қорғағыштық қасиетін арттыру
-герметизациялау(саңылаусыз етіп бекіту)
-қарапайым желдеткіш орнату
Бөлменің қорғағыш қасиетін арттыру үшін терезенің және басқа да артық ойықтарды бітейді. Жер бетіне шығып тұрған жерлеріне топырақб үйіп төбесін де топырақпен жабады.
Бөлмені герметизациялау үшін бөлме ішіндегі қабырғалармен төбелердегі, есіктердегі, терезелердегі, су және жылу құбырлары енгізілген жерлердегі тесіктерді, саңылауларды мықтап бекітеді. Есіктерді қалың материалдармен(киіз, линолиум, рубероид) қаптап, шетіне білік қыстырады, есік тығыз жабыл
Кірпіштен немесе саманнан салынған үйдің дір бөлмесін лайықтау.
1 Терезенің ойығын бітейді (кірпішпен немесе ішіне топырақ салынған қаптармен) Терезенің ойығының жоғарғы жағынан кішкене ойық қалдырады.Ауа кіретін саңылау орнатады. Саңылауға материалдан жасалған сүзгіш орнатылады. Ауа шығатын саңылау ретінде түтін шығатын жерді пайдаланады.
2. Қабырғаны сыртқы жағынан топырақпен үйеді.
3. Төбесін бөлменің ішінен бекітіп үстіне 30-40см етіп топырақпен жабады.
4. Есікті қалың материалдармен қаптап, білік орнатып тығыздап жабады.
Достарыңызбен бөлісу: |