Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым


Тақырып 14 Шаруашылық объектілерінің тұрақтылығы



бет46/51
Дата15.10.2022
өлшемі0,7 Mb.
#43212
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Тақырып 14 Шаруашылық объектілерінің тұрақтылығы
Объектінің (шаруащылық объектілерінің) төтенше жағдайларда жұмыс істеу тұрақтылығы дегеніміз – олардың аварийялар мен катастрофалардың алдын-алуға, төтенше жағдайлардың зақымдаушы факторларына қарсы тұруға, зақымданған элементтерін қысқа уақыт ішінде қайта қалпына келтіру қаблеттілігі.
Шаруашылық объектілерінің тұрақтылығын арттыру дегеніміз – тұрғындардың денсаулығына, өміріне төнетін қауіптіліктерді, материалдық құндылықтардың шығындарын азайтатын комплексті шаралар.
Шаруашылық объектілерінің тұрақтылығын арттыру күні бұрын орындалатын ұйымдастыру, инженерлік-техникалық және арнаулы шаралар арқылы кешенді түрде жүзеге асырылады.
Тұрақтылықты арттыратын шараларды анықтау үшін тұрақтылыққа әсер ететін факторларға талдау жасау қажет. Ол үшін объектілерді төтенше жағдайларға әкелетін барлық мүмкін болатын жағдайларды қарастыру қажет. Бұл жағдайлардщы аумақтық аудандық және объектілік масштабта қарастырған дұрыс болады.


Объектілердің жұмыс істеу тұрақтылығына әсер ететін факторлар.
* орналасу аймағы - аймақтың ең мүмкін болатын қауіпті стихиялық апаттар, метеорологиялық ерекшеліктері ескеріледі.
* Әлеуметтік-экономиеалық жағдайлар – экономиканың жай-күйі, тұрғындардың еңбекпен қамтылуы, адамдардың тұрмыс деңгейі.
* Объектілердің орналасқан жері – жергілікті жерлердің жер бедері, құрлыстардың сипаты, көлік коммуникацияларымен қамтылуы, қауіпті потенциалды объектілердің бар-жоғы.
* Ішкі факторлар – жұмыс істейтіндердің саны, олардың компетенциясы, тәртібі, объектінің сипаты, өндіретін өнімдер, қолданылатын технологиялар, энергиямен қамтамасыз ету, басқару жүйесі, материалдақ-техникалық қамтамасыз ету т.б.
Осы факторларға талдау жасай отырып, мүмкін болатын төтенше жағдайларды және олардың объектінің тіршілігіне әсерлерін анықтап, тұрақтылыққа баға беруге негіз жасайды.
Бейбіт жағдайда шаруашылық объектілерінің тұрақтылығын зерттеу.
Шаруашылық объектіленінің жұмыс тұрақтылығын зерттеудің мқсаты олардың әлсіз элементтерін анықтап, алынған мәліметтер бойынша тұрақтылықты арттыратын ұйымдық, инженерлік-техникалық, арнаулы шараларды қарастыру болып табылады. Бұл жұмысты ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарын қатыстыра отырып, өнеркәсіп басшысы ұйымдастырады. Зерттеу үш этаппен жүргізіледі:
1. Ұйымдастыру этапы – қажетті күштер мен құралдардың, зерттелетін жұмыстардың көлемі анықталады. Ғылыми-зерттеу топтары құрылады. Бұл жұмыстарды ұйымдастыру үшін – құжаттар – басшының бұйрығы, зерттеу жұмыстарының жоспары, зерттеу топтарынына тапсырмалар жасалынған құжаттар болу керек.
2. Екінші этапта тікелей тұрақтылыққа баға беру – жекеленген элементтерге, жүйеге, бүкіл объектіге баға беру жұмысы жүргізіледі.
3. Үшінші этапта зерттеу нәтижелері біріктіріліп, тұрақтылықты арттыратын шаралар жасалынып жоспарланады.
Біріктірілген жоспар - негізі құжат болып табылады.. Ол екі бөлімнен тұрады:
-бірінші бөліміне бейбіт жағдайда орындалатын шаралар енгізіледі;
-екінші бөліміне соғыс жағдайына қатысты шаралар енгізіледі.
Жоспардың екі бөлігінің әрқайсысы бір-бірімен байланысқан жекеленген құжат болып табылады.
Тұрақтылықты арттыру шаралары төмендегі бағыттар бойынша жүргізіледі:
-объектінің өзінде немесе оның жақын маңында ТЖ шығу мүмкіндігі;
-ғимараттар мен құрлыстардың физикалық тұрақтылығы;
-технологиялық және станокты жабдықтардың тұрақтылығы,
-технологиялық процестердің тұрақтылығы;
-персоналдарды қорғау сеңімділігі;
-басқару жүйесінің тұрақтылығы;
-материалдық-техникалық қамтамасыз ету және өндірістік байланыстар сенімділігі;
-объектінің бүлінген өндірісін қалпына келтіруге қабілеттілігі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет