Тіршілік қауіпсіздіін сақтау курсының мақсаты .
- болашақ мамандарды Т.Ж. жөнінде қажетті теориялық бөлімдермен қамтамасыз ету
- өмір тұрақтылығын сақтау үшін қауіпсіз және зиянсыз жағдайларды жасау.
- күтпенген жағдайларды болжам жасау:
- халық шаруашылығындағы объектілерде, авария, катастрофия және қазіргі замандағы зақымдану құралдарын қолдану кезінде пайда болған зардаптарды жою жағдайында тұрғындарды, өнеркәсіп адамдарын қорғау үшін дұрыс шешім қабылдау және прогноз (болжам) жасау.
Тапсырмалры:
Зақымдану аумағында тұрғындарды қорғау
Халық шаруашылығындағы оъектілердің тұрақтылығын арттыру
Құтқару және авария кезек күттірмейтін кезінде қалпына келтіру жұмастарын жүргізу
Тұрғындардың тіршілік қауіпсіздігін сақтау дегеніміз – стихиялық апаттар, авариялар мен катастрофалардың алдын алу, болжам жасау және жою жөніндегі ғылыми білімдер және мемлекеттік тұрғыдан жасалатын практикалық шаралар системасы
Азаматтық қорғаныс - бейбіт және соғыс кезінде, жаппай құрту құралдарынан, авария және катастрофа кезінде зақымдану аймақтарында, құтқару және кезек күттірмейтін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін халықты және халық шаруашылығын қорғау мақсатында жүргізілетін жалпы мемлекеттік қорғаныс шараларының құрамды бөлігі.
Төтенше жағдайлар жөнінде негізгі түсініктер:
Төтенше жағдайлар – аппаттардың, қауіпті табиғи құбылыстардың, катастрофалардың, күтпеген немесе басқа да аппаттардың нәтижесінде туындаған және адамдардың қаза болуына әкеліп соғатын немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, өмір-тіршілік әрекетіне, қоршаған табиғи ортаға және шаруашылық объектілерге нұсқан келтіретін немесе келтіруі мүмкін, айтарлықтай дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзатын немесе бұзылуы мүмкін белгілі бір аймақтағы жағдайлар.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар – дүлей зілзала (жер сілкінісі,сел, көшкін, су тасқыны және басқалары), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын тудыратын ТЖ.
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар - өнеркәсіп, көлік авариялары және дасқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиобелсенді және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрлыстарындағы авария туғызатын ТЖ
Төтенше жағдайлар аймағы – төтенше жағдай туындаған белгілі бір аумақ
Төтенше жағдайларды жою – төтенше жағдай пайда болған кезде жүргізілетін және адамдардың өмірін сақтап, денсаулығын қорғауға, залал мен материалдық шығындар көлемін азайтуға, сондай-ақ төтенше жағдайлар аймағының одан әрі таралмауына бағытталған құтқару, авариялық-қалпына келтіру жұмыстарымен басқа да кезек күттірмейтін жұмыстар.
Төтенше жағдайлардың алдын алу – алдын-ала жүргізілетін және төтенше жағдайлардың пайда болу қатерін мүмкін болғанша азайтуға, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, залал мен материалдық шығын мөлшерін кемітуге бағытталған шаралар кешені.
Авария – машинаның, станоктың, қондырғының, энергиямен қамтамасыз ету жүйелерінің, жабдықтың, транспорт көлігінің, ғимараттың істен шығып , бұзылуы.
Апат (катастрофа) – адам шығындары бар, қайғылы нәтижелі үлкен авария.
Достарыңызбен бөлісу: |