Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым



бет17/51
Дата15.10.2022
өлшемі0,7 Mb.
#43212
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   51
Байланысты:
Курс лекции ЭиТӘҚ негіздері

Жылдам эрозия — табиғи өсiмдiктер дүниесi жойылып бiт-кен, топырақтың табиғи ерекшелiктерi ескерусiз пайдаланыл-ған территорияларда байқалып, бұл эрозия өте тез жүредi.
Кең таралған эрозиялардың түрлерi: жазықтық, сызықтық, дефляция, ирригациялық, өндiрiстiк (техногендiк), абразия, жайылымдық.
Жазықтық эрозия — тау беткейлерiндегi жоғары гори-зонттағы топырақтардың жаңбыр, ерiген қар суларымен шайы-луы.
Сызықтық эрозия — тау беткейлерi топырақтарының жаңбыр, ерiген қар суларының əсерiнен терең жыралар мен жылғалар түзiп шайылуы.
Жел эрозиясы, не дефляция — топырақтың жоғарғы құрғақ, құнарлы қабатының бөлшектерiнiң желмен ұшуы.
Ирригациялық эрозия — суармалы егiн шаруашылығымен айналысатын аудандарда байқалып, топыраққа көп мөлшердегi су массасының берiлуiне байланысты болады. Бұл су топы-раққа сiңiп үлгiрмейдi де, топырақ бетiмен ағады. Су жiберi-летiн егiстiк жер аз ғана болса да тегiс болмаса топырақтың қарашiрiгi сумен бiрге төменге қарай жуылып, ағып кетедi. Ирригациялық эрозия кезiнде бiр уақытта эрозия да, топырақ-тың сортаңдануы да жүредi.
Өндiрiстiк эрозия — пайдалы қазбаларды өндiру кезiнде, əсiресе, ашық əдiспен өндiруде, тұрғын үй, өндiрiс орындары-ның құрылысын, жолдар, газ жəне мұнай трубопроводтарын салу кезiнде байқалады.
Абразия кезiнде (өзендер, басқа да су көздерiнiң жағалаула-рының құлауы) жыртылатын жəне мал жайылатын жерлердiң ауданы кемидi.
Шамадан тыс көп мал жаю кезiнде жайылымдық эрозия байқалады.
Механикалық эрозия ауылшаруашылық техникалардың ауыр түрлерiн топырақтың өздiгiнен қалпына келу қабiлетiн ескермей пайдаланған жағдайларда қалыптасады. Бұл кезде топырақтың структурасы бұзылады, физикалық қасиеттерi на-шарлап, топырақ түзiлу процесiнiң негiзгi агентi — биология-лық белсендiлiгi əлсiрейдi.
Эрозияға қарсы күрес шараларының ең негiзгiлерiнiң бiрi — шаруашылық-ұйымдастыру жұмыстары. Агротехникалық шараларда беткейлерде жердi көлденең-деп жырту, ал өте биiк беткейлерде су ұстағыш микрорельеф-тер жасау керек. Жауын-шашын суларын жинау үшiн жырту қабатын тереңдету арқылы да қол жеткiзуге болады.
Агротехникалық шараларға сол сияқты топырақты аударып емес, тек қана қопсыту, эрозияға ұшыраған жерлерде желге төзiмдi қабаттарды жасау да жатады. Дефляцияға ұшыраған топырақтарда көп жылдық шөптердi өсiру арқылы ауыспалы егiстi қолдану өте тиiмдi болып саналады.
Эрозияға қарсы күрес шараларының iшiнде орман-ме-лиорация жұмыстарын жүргiзу де үлкен роль атқарады. Топы-рақты құрғақшылық пен ыстық желдерден эрозиядан сақтауда ормандар егудiң өте қолайлы екендiгiн көрнектi ғалымдар А.Т.Болотов, В.В.Докучаев, Н.М.Сибирцев, т.с.с. үнемi атап көрсеткен.
Эрозиямен күресу жолдары:
Айтарлықтай үлкен территорияларда өсiмдiктер жабы-нын жоюға əкелетiн табиғи экожүйелерге тигiзетiн əсердi шек-теу. Бұл əсiресе орманды пайдалануға қатысты.
Жайылымдарда эрозиялық процестер көбiнесе шектен тыс мал жаюмен байланысты. Үлкен территорияларда шөпте-сiн өсiмдiктер жабынының зақымдануы кезiнде, əсiресе топы-рағы жеңiл жерлерде су жəне жел эрозиясы болуы мүмкiн. Тау-лы аудандарда шөптесiн өсiмдiктердiң болмашы зақымдануы-ның өзiнде (мысалы, жалғыз аяқ жол) су эрозиясының пайда болу ошағы орын алады. Мұндай қолайсыз құбылыстарды болдырмаудың енгiзгi жолы мал жаю ережелерiн сақтау мен рекреациялық қысымды төмендету болып саналады.
3. Егiстiк жерлердi қорғау шаралары:
ауыспалы егiстердi дұрыс пайдалану;
топырақты бекiтетiн тамырлары бар шөптер қоспасымен алмастыру;
жиектiк жырту (рельефтiң горизонттарымен);
өңдеуден бұрын бұзылатын құмды жəне құмдақ топырақтарды шығару;
шағын егiс танаптарын табиғи ландшафттармен кезектес-тiру;
танап қорғайтын орман белдеулерiн жасау;
топырақтың құрылымын түзуге мүмкiндiк туғызатын ор-ганикалық тыңайтқыштарды пайдалану;
— топыраққа əсер ететiн қысымды кемiтетiн техниканы
пайдалану.
Суармалы егiстердiң дүние жүзiндегi ауданы шамамен 250 млн га жуық. Ирригациялық эрозиямен қатар суармалы топы-рақтар екiншi реттiк сортаңдануға ұшырайды. Оның мəнi — та-наптағы топырақ суды сiңiрiп, содан соң булану мен өсiмдiк-терге транспирацияға қажеттi судан артық су келiп түседi. Бұл су бiртiндеп жер астылық грунт суларына дейiн жетiп, оның деңгейiнiң көтерiлуiне себеп болады. Мөлшерсiз, ретсiз суару кезiнде қысқа уақыт аралығында (бiрнеше жыл) жақындап, интенсивтi түрде булана бастайды. Суда ерiген тұздар топырақ бетiнде жиналады. Мұндай тұздану екінші реттік деп аталады. Суғарудың жоғары деңгейiнде жəне каналдардағы судың топыраққа сiңiп кетуi арқылы грунт суларының мөлшерi көбейедi. Суғару каналдарынан судың фильтрациялануынан жəне дұрыс суармаудан топырақта тұздардың мөлшерiнiң кө-беюi екінші реттік тұздану деп аталады. Ал бiрiншi реттiк тұздану ретiнде адамның əсерiнсiз пайда болатын табиғи тұз-дану процесiн атайды. Екiншi реттiк тұздану тек құрғақ аудан-дарға тəн. Солтүстiк аймақтарда шектен тыс суару топырақтың батпақтануына əкелiп соқтырады.
Топырақтың тұздануы деп натрий, кальций, магний тұзда-рының топырақта өсiмдiктердiң өсуi мен дамуына зиянды əсер ететiн концентрацияда жинақталуын айтады. Бұл құбылыс əсi-ресе, Египет, Ирак, Индия мен Пакистан, т.б. құрғақшылық климатты аймақтарда белең алып отыр. Жыл сайын Жер шарында тұзданудан 200-300 мың га суармалы жер қатардан шы-ғады. Бүкiл əлемде қазiргi таңда 20-25 млн га жер тұзданып, өнiм беру қабiлетiнен айрылған. Бұл жағдай, əсiресе Орта Азия мен Закавказье елдерiнiң топырақтарында көбiрек байқалып отыр.
Тiптi тұзданудың аз ғана деңгейiнде мақтаның өнiмi 20-30%, жүгерi — 40-50%, бидай — 50-60% қысқарады. Тұздану орташа жүрген аймақтарда мақтаның өнiмi екi есе төмендесе, ал бидай тiптi өспейдi.

Топырақты тұздану мен батпақтанудан қорғау


Топырақтың тұздануына себеп болатын факторлар түрлiше. Олардың бiрi — құрғаған теңiздерден пайда болған тұздың жел арқылы таралуы. Суда ерiген тұздар атмосфералық жауын-шашын арқылы да таралады. Галофит-өсiмдiктер тұзды ортаға жақсы бейiмделiп, топырақтан тұзды сiңiруге қабiлеттi, соның нəтижесiнде топырақтың жоғары қабаттарының одан əрi тұз-дануына себеп болады. Галофиттер тiршiлiгiн тоқтатқан соң жəне олардың жапырақтары түсiп, олар минералданып, суда еритiн тұздардың мөлшерi көбейiп, топырақтың одан сайын тұздануына мүмкiншiлiк жасайды. Галофит — өсiмдiктердiң əсерiнен суда еритiн тұздардың топырақта жинақталуы 1 га жерде 500 кг дейiн жететiн жағдайлар байқалған.
Көбiнесе топырақтың тұздануы грунт суларының құра-мында болатын тұздар есебiнен жүретiндiгi жиi байқалады. Егер олар тереңде болмаса, капилляр арқылы булану нəтиже-сiнде топырақтың жоғарғы қабатында тұздар жинақталады. Климат неғүрлым құрғақ жəне топырақтың механикалық құрамы ауыр болса, соғұрлым бұл процесс қарқынды жүредi.
Екiншi реттiк тұзданудың алдын алу шараларының бiрi те-реңдiгi 1-1,8 м етiп террриторияда дренаждар жасау. Сол сияқ-ты жаңбырлатып суғару ирригациялық эрозияға қарсы күрес шараларының бiрi. Тұзды топырақтарды натрийдiң тұздарын гипстеу арқылы тазартады.
Суарудың жетiлдiрiлген технологияларын қолданумен қатар, жер асты суларының деңгейiнiң көтерiлуiне байланысты грунт суларын сорып алу арқылы жəне топырақты шаю арқылы да тұзданумен күресуге болады. Бiрақ бұл кезде де мiндеттi түрде грунт суларын алып кету керек. Кейбiр жағдайда химиялық əдiс те жақсы нəтиже бередi. Мысалы, топырақ бетiнде жиналған зиянды тұздарды нейтралдау үшiн гипстеу жүргiзiледi. Бiрақ бұл əдiс қымбат жəне қоршаған ортаның тазалығы үшiн тиiмсiздеу.
Жер ресурстарына үлкен зиян келтiретiн үшiншi бiр фактор — жердiң азуы. Оның орын алу себептерi — өнiммен бiрге қоректiк заттардың топырақтан əкетiлуi. Гумустың жойылуы, су режимiнiң жəне басқа да қасиеттерiнiң топырақтың азуының нəтижесiнде, құнарлылығы жойылып, шөлге айналады.
Өнiммен бiрге əкетiлетiн қоректiк заттарды топыраққа қайтарудың ең тиiмдi əдiсi органикалық тыңайтқыштарды (көң, компост, жəне т.б.) қолдану, шөп себу, пар жүйесi арқы-лы топырақты тынықтыру. Топырақтың азуы ең алдымен орга-никалық заттардың, оның iшi нде негiзгiсi қарашiрiктiң кемуi-мен байланысты.
Топырақ құнарлылығының жойылуы топырақты интенсивтi өңдеуге, ауыр ауылшаруашылық техникаларды қолдану нəти-жесiнде топырақтың тығыздануы, ластануға, ең алдымен қыш-қыл жаңбырлар мен минералдық тыңайтқыштарды тиiмсiз пай-далануға байланысты туындап отыр.

Топырақтың ластануы.


Топырақтың ластануы тек қана адам-ның индустриялық қызметтерiнен емес, сонымен бiрге ауыл-шаруашылық өндiрiстiң ңəтижесiнде де жүредi.
Топырақты (сол сияқты ауа мен суды да) едəуiр ластаушы көздер мал шаруашылығы комплекстерi.
Сонымен қатар көп жағдайда жанар-жағар майларды сақтау мен тасымалдау дұрыс, талапқа сай орындалмайды. Олар топы-раққа түскенде топырақтың биологиялық белсендiлiгiн нашар-латады. Сол сияқты минералдық тыңайтқыштарды жолдардың, не егiстiктердiң жиегiнде ашық тастауға болмайды.
Мұнай өндiру жəне барлау жұмыстары топырақтың түрлi жуғыш заттармен ластануына себеп болады. Нəтижесiнде мұнай төгiлiп, топырақтың бетiнде битумды заттардың түзiлу-iне əкеп соғады. Бұрғылау жұмыстары кезiндегi қолданылатын жуғыш заттар (каустикалық сода, натрий хлоридi, дизель майы, битум) топырақтың тұздануына себеп болады. Əдетте, бұндай жерлерде өсiмдiктер өспейдi.
Көптеген жерлер тұрмыстық жəне өндiрiстiк қалдықтар жиналған қалдық үйiндiлерiмен ластанады. Бұл үйiндiлерде тұрғын үйлер, мекемелерден шыққан қалдықтар, əртүрлi син-тетикалық материалдардан жасалған тұрмысқа қажеттi заттардың қалдықтары, моншалар мен кiр жуатын орындардан шық-қан ағызынды сулар, жаңбыр мен қар сулары, т.б толып жатқан қалдықтардың барлығы топырақты қатты ластайды.
Топырақ бұлардан басқа пестицидтердi дұрыс пайдаланба-ған жағдайда да бiршама ластанады. Олардың химиялық тұ-рақты түрлерi топырақта жинақталып, топырақ биотасының қырылып қалуына себеп болады. Ал пестицидтердiң топырақта жинақталуы жəне ондағы организмдердiң жойылуы топырақ түзiлу процестерiне əсер етiп, оның құнарлылығын төмендетедi.
Топырақта бұлардан басқа гельминттi инвазиялар, патогендi микроорганизмдермен ластаушылар фекалды массалар, өндi-рiстiк қалдықтар, топырақтан шайылған су, не жануарлардың өлiктерi, т.б. болуы мүмкiн. Топырақтың гельминттермен өте қатты ластануы тұрғын үйлер маңындағы огородтарда жиi байқалған.

Жердi рекультивациялау


Адамның шаруашылық iс-əрекеттерiнiң нəтижесiнде өсiмдiктерi жойылған, гидрологиялық режимi мен рельефi өзгерген, топырақ жабыны бұзылып, ластанған жерлер бұзыл-ған жерлер деп аталады.
Осындай жерлердi қайтадан шаруашылық мақсаттарға пай-далану үшiн оларды қалпына келтiру қажет. Бұзылған жерлердi қайта қалпына келтiру процестерi рекультивация деп аталады.
Бұзылған жерлердi қайта қалпына келтiру жұмыстары тау-кен, инженерлiк-құрылыс, мелиоративтiк, орман шаруашылық-тық, ауылшаруашылықтық iс-шаралар комплексiн құрайды.
Жердi рекультивациялаудың екi негiзгi этапы бар : тау-техникалық жəне биологиялық. Тау-техникалық рекультива-циялаудың мақсаты — территорияны жөндеуге дайындау. Ал биологиялық рекультивациялауда топырақ құнарлылығын қал-пына келтiруге бағытталған жұмыстар жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет