Ұсынылатын әдебиеттер:
ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» Заңы, 20 қараша 1998 жыл № 304
Байдаулетов М., Байдаулетов С.М. Аудит. Алматы: Қазақ университеті, 2004
Әжібаева З.Н., Байболатова Н.Ә., Джумагалиева Ж.Г. Аудит. Алматы: Экономика, 2006
Тапсырма №1
Аталмыш ақша қаражаты туралы есепті баланспен теңестіру
Аб + Ат – Ак = Аа, (1)
мұндағы Аб — ақша қаражаттың есепті кезеңнің басындағы қалдығы; Ат — есепті кезең ішінде ақша қаражаттың түсуі; Ак — есепті кезең ішінде ақша қаражаттың кетуі; Аа — есепті кезең соңындағы ақша қаражаттың қалдығы.
Кез келген кəсіпорын табысты жұмыс істеу үшін ақша қаражаттың қозғалысын талдауға тиіс. Талдау ақша қаражат ағынының өзгеруіне ықпал ететін ақша қаражаттың түсуі мен жұмсалу бағыттарының объективтік, дəл жəне уақытылы сипаттамасын беретін ақша қаражат параметрінің қажетті көлемін, объективтік жəне субъективтік, сыртқы жəне ішкі факторларының көлемін, құрамын, құрылымын алу мақсатында жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |