Өндіріс факторларының нарықтары дегеніміз сұраныс пен ұсынысты жасайтын еңбек, капитал және жер сияқты ресурстарға жалақы, пайыз және рента түріндегі бағалардың қалыптасуы орын алатын нарықтар.
Өндіріс факторлары нарығының тауарлар мен қызметтер нарығынан айырмашылығы
Фирмалар мен тұтынушылар рөлдерінің
ауысуы
Фирмалар
Тұтынушылар
Сатып алушылар
Сатушылар
Өндіріс факторларына сұраныс пен ұсыныс
Өндіріс факторларына сұраныс туынды сұраныс деп аталады,
яғни фирмалардың ресурстарға деген сұранысы солардың
көмегімен өндірілетін дайын игіліктерге деген сұранысқа
тәуелді болып табылады.
Ал, өндіріс факторларының ұсынысы дегеніміз үй шаруашылықтарының белгілі бір уақытта өз мүмкіндіктерін, атап айтсақ, еңбекті, капиталды және жерді бәсекенің әртүрлі жағдайларында белгілі бір бағамен сата алуға деген дайындықтары.
Факторлық табыстар– бұл ресурстар иелерінің олардың сәйкес түрлеріне байланысты белгілі бір уақытта сол өндірістік ресурстарын нарықта сатуынан түсетін ақшалай түсімдері.
Факторлардың әрбір тобына факторлық табыстың өзіндік формасы
сәйкес келеді:
Еңбек нарығы
Еңбек нарығы – жұмыс күші сияқты ерекше экономикалық ресурсты сату және сатып алумен байланысты экономикалық қатынастар жиынтығы. Еңбекке деген сұраныс– бәсекенің әртүрлі жағдайларында фирмалардың немесе мемлекеттің еңбек қызметінің белгілі бір түрлерін белгілі бір бағамен сатып алуын сипаттайтын қажеттіліктер.
Еңбек ұсынысы– бұл үй шаруашылықтарының және жалдамалы жұмысшылардың жалақының белгілі деңгейіне өздерінің еңбек қызметтерін нарықта сата алуға дайындықтары