2. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
Бақылау түрі Тапсырманың мақсаты
мен мазмұны
Ұсыныла-
тын
әдебиеттер
Орынд
ау
ұзақты
ғы
Бақылау
түрі
Тапсыр
у
мерзімі
1
2
3
4
5
6
Зертханалық
жұмыс
№ 1
Файлдармен жұмыс
(архив құру,
программалық жолсерік)
Файлдармен жұмыс
істеуді үйрену, ол үшін
FAR manager (Far)
пакетін қолдану және
оны дербес
компьютермен жұмыс
кезінде қолдану.
4
Зертханал
ық
жұмыстан
есеп беру
2 апта
Зертханалық
жұмыс
№ 2
Мәтіндік
процессорлармен
қазіргі замандағы
жұмыс.Документтердің,
стилдің үлгісін жасау.
Графикалық
нысандармен жұмыс.
Формулалар редакторы.
4
Зертханал
ық
жұмыстан
есеп беру
4 апта
Зертханалық
жұмыс
№ 3
Таблицалық
процессормен Excel
2000 жұмыс істеу.
Диаграмма мен есептеу
кестесін құру.
Қорытынды және
жинақтық кестелерді
құру.Электрондық
кестелер базалық
мәліметтер.
4
Зертханал
ық
жұмыстан
есеп беру
6 апта
Зертханалық
жұмыс
№ 4
INTERNET желісі мен
жергілікті желістікпен
жұмыс.
E-mail арқылы мәлімет
жөнелту және қабылдау.
6
Зертханал
ық
жұмыстан
есеп беру
8 апта
Зертханалық
жұмыс
№ 5
Microsoft Access-те
мәліметтердің негізін
жобалау
(проспектілеу).
Microsoft Access-те
6
Зертханал
ық
жұмыстан
есеп беру
11 апта
мәліметтер негізін
меңгеру мен оларды
құру.
Зертханалық
жұмыс
№ 6
Corel Draw
графикалық редактор
орталығында
функционалдық және
технологиялық
жұмыстарды зерттеу.
Corel Draw графикалық
редактор орталығында
функционалдық және
дағдылық жұмысты
меңгеру.
6
Зертханал
ық
жұмыстан
есеп беру
15 апта
3. Дәріс конспектісі
1-тақырып. Негізгі түсініктер: мәліметтер мен ақпарат. Ақпаратты өңдеу
амалы мен әдісі.Санау жүйесі мен символдарды өңдеу амалдары.
Дәрістің жоспары.
1.
Ақпарат пен мәліметтер туралы жалпы түсінік.
2.
Ақпаратты өңдеудің амалы мен әдістері.
3.
Санау жүйесі мен символдарды өңдеу амалдары.
1. Негізгі түсініктер: мәліметтер мен ақпараттар
Күнделікті өмірде ақпарат дегеніміз біздің сезім мүшелерімізге бізді
қоршаған табиғат пен қоғам өмірінен денеміздің алатын мағлұматтары.
Қоршаған табиғатты бақылау,басқа адамдармен қарым-қатынас жасау,газет-
кітаптарды оқу ,теледидарды көру арқылы
біздер ақпараттар аламыз.Биологтар ақпаратқа мәліметтерді адам сезім
мүшелері мен ақыл-ойы арқылы емес,туған күні мен өлгенге дейінгі әр
организмде болатын мәліметтер арқылы алады дейді. Бұл генетикалық код,
соның салдарынан балалар ата-аналарына өте ұқсас болып туады.
Информатика – білімінде,ақпарат алуды,сақтауды,жіберуді және
өңдеуді, беру әдістері мен құралдарын зерттеуді ЭЕМ (электрондық
есептеуіш машинасы) арқылы,төмендегіше анықтайды.
Ақпарат – бұл мәліметтердің жиынтығы,олар табиғатта,қоғамда сол
сияқты адамдардың жүйесінде болатын жағдайлар. Яғни ақпарат
жинау,сақтау,жіберу,өңдеу және беру әдістерін қолдану. Осы мақсатта
өңделген
ақпараттарды
техникалық
түрде
(ақпарат
жинау,
сақтау,жіберу,өңдеу және беру әдістері) қолданылады.
Информатиканың түбірі басқа ғылым саласы – кибернетикамен
байланысты. «Кибернетикалық» түсінік,алғашқы рет ХІХ ғасырдың
басында,француз физигі Ампердің өмірде басқару өнерін зерттейтін ғылым
болу керек деген болжамынан басталады. Өмірде жоқ бұл ғылымды Ампер
грек сөзі кибернетикос (шебер басқару) сөзінің түбірінен – кибернетика деп
атады.
Көне Грецияда бұл лауазым екі дөңгелекті арбамен өте шебер
басқаратын адамдарға берілетін.Кейінірек кибернетикос сөзін римдіктер
қолдана бастады – сөйтіп – латын тілінде губернатор деген сөз пайда болды
(ол провинцияны (өлкені) басқарушы,дегенді білдіретін болды.
1948
жылы американың математигі Ноберт Винер «кибернетика»
термин сөзін қайта жандандырды да, оның тіршілік табиғатта және
техникалық жүйелерді басқаратын ғылым ретінде айқындады.
Адамзат мыңдаған жылдар бойы өзінің өмір сүрген шағында өте зор
ақпарат жинады. Ал адамның миы осынша ақпаратты жадында сақтауға
мүмкіншілігі жоқ, сондықтан кейбір ақпараттар өзгертіліп берілетін жағдайға
жетті. Сондықтан,оларды сақтау үшін адамдар табиғат құралдарын
пайдаланды: олар жартастар мен үңгірлердегі суреттер. Ақпаратты
алу,сақтау
әрқашан
дамуда
болды,соның
салдарынан:
пергамент,папирус,береста,қағаз,фотопленка,магниттік
және
оптикалық
сақтау құралдары пайда болды.
Ақпараттық ағымдар тау тасқынындай қарқынмен өсуде. Әсіресе бұл
өндіріске,басқаруға және ғылымға байланысты. Ақпаратты өңдеудің пайда
болуына байланысты ол ақпараттық ресурстар деген ұғымды тудырды.
Информациялық ресурстар - өндірісте,техникада,қоғамды басқару
ақпараттары арнайы ұйымдастырылған және өңдеулер ЭЕМ -(электрондық
есептеуіш машинасы)-де орындалады.
Информациялық ресурстар – елдік аумақта – халықтық ақпараттық
ресурстар болып есептеледі.
Елдің
ақпараттық
ресурстары
оның
ғылыми-техникалық
ресурстарымен, ғылыми потенциалмен,экономикалық және стратегиялық
қуаттылығы болып есептеледі. Осы тұрғыдан қоғамды ақпараттау деп
қарауға болады.
Қоғамды информатизациялау – күнделікті өлшем комплекстерін жүзеге
асырудың арқасында толық және дер кезінде нақты ақпаратты
пайдалану,осы саланы дамытудағы информациялық технологияның дамуына
байланысты болады.
Ақпаратты ұсынудың нысаны мен түрлері
Ақпаратты әртүрлі тәсілдермен жіктеуге болады және әртүрлі
ғылымдар бұл тәсілдерді әртүрлі жіктейді. Әрбір ғылым өз жүйесін енгізеді.
Информатикада ақпаратты ұсынудың екі тәсілі бар:
-
ұқсастық (аналогиялық) – (үздіксіз, толассыз) – дене қызуы;
-
мелодия – скрипкадан шыққан үн, қыл тартылған таяқшаны
шектен алғанға шейін, автомобил қозғалысы;
-
сенімсіздік (дискреттік) (үзілмелі) – жыл мезгілдері, Морзе
азбукасындағы нүкте мен тире.
Бізді қоршаған ортадан алынатын көптеген (жойқын) ақпараттады әр
түрлі нышан бойынша топтастыруға болады.
Ақпарат түрлері
Ақпараттың түр тармақтары
Көпшілік Саяси-қоғамдық
Арнаулы Ғылыми-көпшілік
Ғылыми-техникалық
Дербес (жеке) Экономикалық басқару жүйелері
Берілген кесте бойынша ақпараттың бөліну және адамдардың енгізу мен
қолдану түрлері мен түр тармақтары қоғамдық белгілеуі бойынша:
-
қарапайым – жансыз табиғаттың процестерін көрсетті;
-
биологиялық - өсімдіктер мен жануарлардың процестерін көрсету;
-
әлеуметтік – адамзат қоғамының процестерін көрсету болып
бөлінеді.
Ақпаратты беру мен қабылдау түрлері бойынша:
-
көру арқылы – көрінген образдар мен символдар арқылы;
-
есту – дыбыс арқылы;
-
сезім – түйсік (сезім) арқылы;
-
иіс мүшесі – иіс пен дәм арқылы;
-
машина – есептегіш машинаның беруі мен қабылдауы арқылы
болып бөлінеді.
Адам құрылымы ақпаратты сезім мүшелері арқылы қабылдап, сол
ақпаратты жадында сақтап, өңдейді. Адамдардың ойлауы арқылы жасалған
көп құралдар да осындай қарапайым ақпараттар арқылы жұмыс істейді,
мысалы, теледидар, телефон, пластинка ойнайтын проигрывательдер.
Цифрлық құралдарға дербес компьютерлер, ақпарат арқылы жұмыс
істейтін, цифрлық (сандық) (дискреттік) нысандар қолданылады.
Қоғамдық белгілері арқылы адамдардың ақпаратты жинау мен өңдеу
төмендегіше бөлінеді:
-
көпшіліктік (саяси-қоғамдық, ғылыми-көпшілік т.б.);
-
әлеуметтік (ғылыми, техникалық, экономикалық, басқару т.б.)
-
дербес (жеке).
Ақпараттар белгілі ақпараттық системаларда айналып жүреді, яғни
нысандардың бір-бірімен ақпарат арқылы қатынасы (мысалы: а) жұмыскер;
ә) кәсіпорын; б) билет сататын жүйе)
Компьютердің осы жүйеде атқаратын маңызы өте зор. Олар барлық
операцияны орындайды.
Ақпараттың қасиеттері
Ақпараттар өзіне тән белгілі қасиеттерді иемденеді:
-
пайдалысы (біршама деректі ақпарат жүйесіне байланысты);
-
толықтығы (тарихшының арманы - өткен ғасырлардан ақпарат
алуы, алайда тарихи ақпараттар ешқашанда толық болмайды.
Себебі толықтық тарихи дәуірдің бізден алыстаған сайын оның
толықтығы азая бастайды);
-
анықтық (дұрыстық) – ол кішірейе, азая береді, себебі толықтық
азаяды;
-
жаңашылдық – уақыт өткен сайын ақпарат ескіре бастайды,
мысалы газет ақпараттары, сондықтан газет шығарушылар
жұмысы өте жылдамдықпен орындалуы қажет;
-
бағалылығы – ең пайдалы ақпарат - өте қажет, толық, дұрыс
және жаңа болуы керек.
2-тақырып. Компьютерлердің топтау бағдарламасын қамтамасыз
ету .Файл және файлдық құрылымдар Операциялық жүйе түсініктері.
Дәріс жоспары:
1.
Компьютерлердің топтау бағдарламасын қамтамасыз ету.
2.
Файлдық ұйымның мәліметтері.
3.
Операциялық жүйелердің функциясы мен міндеттері.
2.1. Компьютерлердің топтау бағдарламасын қамтамасыз ету
Компьютерде жұмыс істеу бағдарламасын үш топқа бөлуге болады:
-
қолданбалы бағдарлама, ол тікелей жұмыс жасаушының
жұмыстарын қамтамасыз етеді, мәтінді редакторлау, суреттерді
безендіру, деректер қорын басқару жүйелері, автоматтық жобалау
жүйелері, ойындар т.б. жұмыстар атқарады;
-
жүйелік бағдарламалар, информациямен ыңғайлы жұмыс жасау
үшін қосымша жұмыстар атқарады, мысалы ақпараттарды өшіріп,
сақтап және көшірмесін дайындау, компьютердің жұмысын
тексереді, ол туралы анықтама береді т.б. сол сияқты жұмыстар
атқарады;
-
аспаптық бағдарламалар (бағдарлау жүйесі) ол компьютер үшін
жаңа бағдарламалар жасауды қамтамасыз етеді.
2.2. Файлдық ұйымның мәліметтері
Ақпараттар көп уақыт ішкі каталогтарда файл түрінде сақталады.
Сақталу кезінде белгілі бір ұйымда сақталады, яғни ол жиынтық
ережелермен, ішкі құрылымдарда ерекше орналастырылады, оған шығу, оны
сыртқы орталықтан қол сұғушылардан сақтау. Жиынтық құралдар
мәліметтерге кіруді қамтамасыз ететін жүйе – файлдық жүйе деп аталады.
Файл деп – бұл дискідегі не басқа ақпарат тасымалдаушыдағы аталған
аумақ, оның жеке-жеке аттары болады. Файлдарда бағдарламалар мәтіндері,
құжаттар кодталған графикалық бейнелеулер сақталады. Файлдың ұзындығы
(аумағы) – байтпен өлшенеді.
Файлға ат қою (файлдың аты) сол файлдағы ақпараттың жиынтығын
білдіруі керек, ол оны тез ажырата алуға мүмкіндік беретін негізгі сақтау
бірлігі болып табылады. Аттардың көптігі тегінде файлдағы сақталатын
мәліметтердің көптігін білдіреді.
Файлдың тіркеуіш – көрсеткішпен құрылысы мен каталогтар тізбегі –
файлдың ерекшелігі деп талады. Файлдың толық ерекшелігі (барлық келтіру
аттары мен каталогтар тізбектері) оның тұрған жерлерін каталогтар
құрылымынан табуға көмектеседі.
Файл дискісінің құрылымы
Операциялық жүйелер қолданушыларды файлдық каталогтарды
орналастыру файлдардан, оларға қажетті ақпаратқа кіруін өздері басқарады.
Файлды іздеу кезінде. Оның ерекшелігін көрсету-ақ жетеді (файлға
жүгіну және оның аты).
Операциялық жүйелер алдымен файл-каталогқа кіріп, одан файл
дискісіндегі керекті деректерді тауып, оның орнын анықтайды, содан соң
керекті әрекеттерді орындайды.
Дискіде жазылған мәліметтерге кіру үшін операциялық жүйелер өзінде
сақталатын FAT (File Alloation Table), түбір каталогі (root) және оның
тармақтары. Екпінді сектор (салу жазбасы), файлдарды орналастырушы
кестелер, файлдарды орналастырушы кестелер, түбір каталогы, диск
жадындағы бос орындар, олар мәліметтер аумағы, файлдық диск жүйелері
болып есептеледі.
Оның бәрі операциялық жүйемен дискіні инициализациялау процесі
кезінде қолданылады.
Қатты дискілер алдын ала бөліп қойған бірнеше бөлімдермен
сипатталады. Сондықтан қатты дискінің алғашқы тармағында бөлімдер саны
туралы ақпарат, олардың орналасу тәртібі және аумағы туралы айтылады.
Қатты дискінің бөлімдерін жеке айналмалы диск деп қарастыру керек. Оның
әрқайсысының жеке-жеке өз аттары болады. (С, D, Е) және файлдық жүйенің
элементтері, жұмсақ дискідегідей болады.
Файлдарды орналастыру кестесі
Компьютердің жұмыс істеу барысында дискідегі мәтіндер өзгеріп
отырады: жаңа файлдар қосылады, керегі жоқтар жойылады, файлдардың
көлемі өзгереді, т.с.с.
Бұл операцияларды жүзеге асыру үшін дискідегі файлдардың ара
қашықтықтарын бөлуді қадағалап отыру керек. Әрбір файлдың FAT-та
элементтердің тізбектелуі болады, оның әрқайсысы белгіленген ұзындықты
(кластер), файлдың дискідегі алатын бөлігі болып есептеледі. Каталогте,
файлдың атымен аталған жерде, тізбектің басталуың көрсететін көрсеткіш
бар. Файлды жою кезінде FAT элементтері мен оларға жіберілген мәліметтер
аймағы тазаланып (бос орын екенін көрсетеді) және олар басқа файлдарды
қолдануға болатын мүмкіндік алады.
Осындай жұмыстардың арқасында тікелей файлдағы мәліметтерге
шығуға болады. Жетімсіздік болып есептелетін нәрсе көп жұмыс арқасында
файлдың көлемін жою, жазу және өзгерту арқасында дискінің үзіліске
ұшырауы болып табылады.
Осының арқасында файлдағы кеңістік алқаптары «үзілген» болып
есептеледі. Ал осы үзілген дискідегі жерлер оған шығу мерзімін ұлғайтады.
3-тақырып. Жоспарлауға кіріспе. Есептердің алгоритмдік негіздері
(түрлері, қасиеттері, ұсыну әдістері). Алгоритмдік құрылымдар
Программалаудың оқыту тілі. Программалық тілдердің жалпылық
негіздері.
Дәріс жоспары:
1.
Программалау тілдері және оның топтары.
2.
Программалау технологиясының негізгі түсініктері.
3.
Алгоритм және оның қасиеті.
3.1. Программалау тілдері және оның топтары
Бірінші компьютерлерге бағдарламаларды машина тілімен жазуға тура
келді, яғни код түрінде, себебі оны тікелей компьютер қабылдайтын еді. Бұл
өте ауыр, аз өнімді, еңбекті көп керек ететін жұмыс еді, және осы
ауыртпалықтар арқасында қате жіберу мүмкіндіктері зор еді. 50-ші
жылдардың басында бағдарламалау процесін жеңілдету үшін жаңа өңдеу
жүйесі ойлап табылды, ол бағдарламалауды машина тілінде емес,
машинаның командасын мнемоникалық әдістермен, нүкте аттарымен
бағдарлау енгізілді. Бұл тіл, бағдарлама жазу үшін қолданылатын автокод,
немесе ассемблер тілі деп аталады. Ассемблерге бағдарламасы машинаның
командасына өте тез аударылады, ол арнайы бағдарлама арқылы жасалады,
ал ол да ассемблер деп аталады.
Ассемблер бағдарламасы қазіргі уақытта да, тез және аз көлемді алатын
бағдарлама жазу, көп еңбекті қажет етеді. Ол үшін бағдарламаны сол
компьютердің өзіне тән команда жүйесін біліп қана қоймай, сол шешілетін
есептің қиындығын, сол машинаның командасына осы есепті шешудің
әрекеттерін аудару болып табылады.
Сондықтан, ассемблердің пайда болуынан бастап, көпшілік
зерттеушілер, бағдарлама жасауды жеңілдету мақсатында, компьютерлерді
адамдарға жеңіл және ыңғайлы бағдарлама тілін «үйретті».
Жоғары сападағы бағдарлама тілі не бағдарламаға айналады, ол
машинаның командасынан тұрады (ол арнайы бағдарламадан тұрады, оны
транслятор немесе компилятор), немесе өзінше түсіндіріп, интерпретатор –
бағдарлама арқылы жүргізіледі.
Жоғары тілдің деңгейі бағдарлама жазуды біршама жеңілдетті, себебі
олар шешілетін мәселелерді ыңғайлы түрде шешетін болды, ол белгілі
компьютердің ерекшелігіне байланысты болмайды.
Жоғары тілді бағдарлама болып бірінші ФОРТРАН, 1950 жылдардың
ортасында пайда болды. Бұл тіл, ең алдымен математикалық есептеулерді
жүзеге асыруға арналды.
1950 жылдардың аяғында бағдарлама тілі АЛГОЛ пайда болды, ол
алгоритмдік тіл болды. Оның арқасында ПАСКАЛЬ бағдарлама тілі пайда
болды, ол бағдарламаны оқытудың негізгі тілі болып есептелді.
1960 жылы COBOL бағдарлама тілі пайда болды, ел басқару жүйесі мен
бизнес саласында көпшілік мәліметтерді өңдеуге арналды.
1960 жылдың ортасында БЕЙСИК бағдарлама тілі пайда болды, ол
жеңіл бағдарламаларды жасауға арналды.
Қазіргі бағдарламаларды жасауға өз үлесін қосқан СИ тілі (бірінші
шығуы – 1972 жылы) ол өңдеушілер ортасында бағдарлама жүйесін
қамтамасыз етуде өте белгілі (операциялық жүйені қосқанда) өте белгілі тіл
болды.
Си жоғары тіл және машина-бағдарлау тілінің қосындысы ретінде,
бағдарлаушыларды барлық машиналар ресурстарында жұмыс істеуге
мүмкіндік берді, ал ондай мүмкіндік Бейсик пен Паскаль тілдерінде жоқ еді.
Ең алғашқы үлкен және кіші ЭЕМ машиналарына жасалған бағдарлама
тілдері, кейін жеке компьютерлерге қолданылатынын айтқан жөн. Жеке
компьютерлерге «персоналки» Паскаль, Бейсик, Си, Лого ғана емес, Лисп,
Пролог – жасанды ақыл тілдеріне де қолданатын болды.
Бағдарламаны қамтамасыз ету, көп жылдар бойы операциялық және
процедуралық Фортран, Бейсик, Паскаль, Ада, Си тілдер негізінде жасалып
келді. Сондықтан, бүгінгі соларға тән және соларға ұқсас тілдер (Модула,
Форт т.б.) қолданбалы бағдарлама жүйесін жасауда басым болды. Солай
болса тұрса да бағдарлама тілдері даму барысында бағдарламаны жасаудың
кең тараған түрлерін басынан өткерді.
Классикалық операциялық немесе процедуралық бағдарламалар
бағдарламашылардан мәселені қалай шешудің толық сипаттамасын талап
етеді, яғни алгоритмнің және оның анықтамасын арнайы сипаттауы керек.
Бұл топтағы тілдердің түсінігі – оператор мен мәліметтер.
Процедуралық бағдарлама кезінде операторлар бір топқа бір топқа
бірігеді – ол процедура. Құрылымдық бағдарлама толық алғанда осы
бағдарламадан тыс шықпайды, ол тек осы бағдарламаның тек қана пайдалы
жақтарын бағдарлау технологиясына кіргізеді.
Нысан – ориентир тілі көптеген бір-біріне бағынбайтын нысандардан
тұрады. Әр нысан жеке компьютер сияқты, оларды «қара жәшік» ретінде
қолданып, оның ішкі құрылысы мен оның жұмыс істеу мүмкіншілігіне көңіл
аудармай-ақ қоюға болады.
Нысандар бағдарламасы тілінен кәсібилер арасында кең тараған ең
алдымен Си++, ал көпшілік қауымға кең тараған түрлері Delphi және Visual
Basic.
Салтанатты (ресми) тілдерді екі тармаққа бөлуге болады: логикалық
(оның өкілдері – Пролог) және функционалдық (Лисп).
Жоғарыда айтылғандарды үлкен құрылымдар топтарының тіл
бағдарламасының мынандай кестесімен беруге болады. Онда негізгі
бағдарлау методологиясы; төменгі қатарда жазбамен жазылған – топтарға
сәйкес тілдердің құрылымы.
ПРОГРАММАЛАУ
Процедуралық
Процедуралық емес
Операциялық
Құрылымдық
Нысаналық
Декларативтік
Ассемблерлер,
Паскаль,
Visual Basic,
Сурет 2. Программалау тілдерінің классификациясы
3.2. Бағдарлау технологиясының негізгі түсініктемелері
Алфавит рәміздері қай тіл бағдарламасы болмасын «құрылыс
элементтері» болып есептеледі, олар алгоритмдік мағына бермейді, алайда
олар арқылы синтаксистік жобалар тілі жасалып, ол алгоритмдік мағына
береді.
Алфавит келесі рәміздер жүйесіне сүйенеді:
-
А-дан Z-ке дейінгі латынның бас әріптері;
-
араб цифрлары 0,1,2, ... 9;
-
арифметикалық амалдар белгілері:
«+» - қосу;
«-» - алу;
«х» - көбейту;
«/» - бөлу;
«\» - бүтінді бөлу;
-
амалдардың белгі қатынастары:
«=» - тең;
«>» - көп, үлкен;
«<» - аз, кіші;
«>=» - көп немесе тең;
«<=» - аз не тең;
Фортран,
Бейсик, Си,
Модула
Си++,
Делфи
Логикалық
Функционалдық
Пролог
Лисп
«<>» - тең емес.
-
айырғыштар және басқа рәміздер:
. – нүкте;
, - үтір;
; - нүкте үтір;
: - қос нүкте.
Жоғарыда айтылған рәміздерден басқа көп кілттік сөздер қолданылады,
оларды оператор деп атайды (ағылшын сөздері).
Бағдарлау жүйесінде ең маңызды түсінік Мәліметтер болып есептеледі.
Олардың төмендегідей мәліметтер түрі болады:
-
константты
-
ауысымды (переменные)
Мәтіндік және сандық константтары болады. Екіншісі өз алдына екі
түрге бөлінеді – заттық және бүтіндік. Сандық ауысым бағдарламада нақты
сан ретінде қолданылады.
Заттық ауысым – он мыңдық немесе белгісіз және нүкте арқылы.
Нүкте бүтін не бөлшектік константтың бөлігі.
Бүтін константа – ол он мыңдық сандардың белгі не белгісіз жиынтығы.
Мәтіндік (жолдық) константа – ол әр тілдің рәміздік сәйкестігі, ол
тырнақшалар арқылы шектеледі.
Тағы да бір бағдарламалау жүйесіндегі негізгі түсінік – ол массивтер.
Массив деп – біртектес заттардың жөнге салынған әрқайсысы өз
аттарымен аталатын жекелеген индекстермен аталып, тәртіп бойынша
өзгеруі. Олардың біртектес, екі тектес, үш тектес, алпыс тектес массивтері
болады. Алайда, кең қолданылатыны бір, екі тектес массивтер. Оның
біртектес ұқсастығы математикалық конструкция да, екі тестес – ұялық
(қалып) болып есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |