Қазақстан республикасының білім жәНЕ


саласында, Қаратал қойнында; Аспандағы аңсарым; Қарашығымдағы



Pdf көрінісі
бет34/45
Дата30.10.2022
өлшемі2,15 Mb.
#46201
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   45
Байланысты:
Адилова Қабылдау стилистикасы

саласында, Қаратал қойнында; Аспандағы аңсарым; Қарашығымдағы 
қара өлең; Қайдасың, қасқа қҧлыным? Апамның астауы. 
Микротақырып. Мәтін атауы. Мәтін талдау әдістемесі бойынша 
қайталанатын сӛздер семантикалық тҧрғыдан ең маңызды деген болжамға 
сҥйенеді. Мҧндай қайталанатын сӛздер тақырыптық өріс қҧрайды да, 
парадигматикалық қатынастары арқылы қайталанып отырады. Мҧндай 
қатынастар: тек пен тҥрге (от – ҧшқын - жалын); синонимге негізделген 
мағыналық 
жақындықтарға 
(тоқтаулылық, 
талапты 
шыдамдылық); 
синонимияға (тҧрақты және контекстік – асқан жандар, батыр хандар); 
антонимдерге (Арғы жағы – көк көзді жын ұясы, Бергі жағы – Түріктің сар 
даласы). 
Кӛркем мәтіндегі сӛздің тақырыптық ӛрісіне семантикалық қатынастары 
алыс сӛздер - полисемиялы бірліктер де, тіркесімділік қабілетіне, шеткергі 
семантикалық байланыстарының жандануына қарай, ассоциация бойынша 
байланысатын сӛздер, жаңа сӛздер жатады. Осы тақырыптық ӛрістегі 
бастысӛз тірек сӛз, кілт сӛз, мағыналық ҧйытқы сӛз деп аталады.  
Мәтіннің тақырыптық бірлігі семантикалық қайталамалардан кӛрінеді. 
Қайталанатын лексикалық бірліктер лексикалық тақырыптық тізбек қҧрып, 
олар бір-бірімен иерархиялық байланысқа тҥсіп тақырыптық торша қҧрайды. 
Ол арқылы микротақырыптарды анықтауға болады. Мҧның дәлелі ретінде Қ. 
Шәкәрімҧлының «Шаруа мен ысырап» ӛлеңіндегі ысырап сӛзімен 
мағыналас бірліктерді, олардың антонимдік жҧптарын, осы семантиканың 
синтагматикалық қатынастары арқылы берілуін атауға болады.
Әдебиет жанрларының дамуы да кӛркем мәтін тілінің лексика-
фразеологиялық қабатына әсер етеді, яғни кӛркем шығарма кейіпкерлерінің 
сӛзі стилизацияға ҧшырайды, атап айтқанда ӛмір шындығын дәл суреттеу 
ҥшін, сол тҧстағы реалийлерді дҧрыс атау ҥшін және кейіпкерлерді ӛз 
заманының тілінде сӛйлету ҥшін қаламгер кӛне, сирек сӛздер мен ӛзі жасаған 
қолтума сӛздерді пайдаланады. Тарихи стилизация қажеттілігінен бірталай 
сӛзге жҧртшылықтың кӛзі ҥйренді: тауарих, кеп, талқы, қарындас жҧрт, 
шерік (Т.Ахтанов - Ант); жолбике, жидашы (салық жинаушы), дабылкеш, 
тақылдақ (соғыс қаруының аты), лек (отряд) (Д. Досжанов – Жібек жолы). 
Шығарма кейіпкерінің дҥниетанымына, психологиясына, ой-ӛрісіне 
лайық сӛздер, тіркестер таңдап алынады. Мәселен, бозымбай, ҧшпақ, 
дызақтау, бҧтқа толу, бойлы-сойлы, қақшаңдау, жырқылдау, атасы 
жарықтық, енесі пақыр, сидаңдаған қу сирақ шҥйкебас, қағаз кҥйелеу, асты 
тақтай, ҥсті тақтай, ортасы шылдырмақтай, кәпір, ит жегір (Ә. Кекілбаев – 
Қҧс қанаты, салпы етек, шҧбалаң жаулық қара кемпірдің атынан 
баяндалады); дәрігер бостан-босқа сарнайды, қойдың жауырын еттері 
еңгезердей, класта қыздар ӛріп жҥр, бала мықтап есінеп тастады (М. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


69 
Қабанбаев – Бақбақ басы толған кҥн, баланың атынан баяндалатын). Бҧл 
авторлық баяндаудағы ерекшелік. 
Кӛркем мәтін тілінде кездесетін бейнорма элементтердің ҥлкен бір тобы 
диалект сӛздер. Олардың біразы қолданылу жиілігі артып, бҧқаралық ақпарат 
қҧралдары арқылы кең таралуы нәтижесінде әдеби тіл нормасына айналады 
(Д. Исабековтің «Әпке» драмасы атауындағы әпке сӛзі, шабандоз, бағбан). 
Автор тілінде диалектизмдер кӛбіне сӛз қайталамау ҥшін қолданылады, 
алайда оның бәрі сәтті бола бермейді: дилы – кҥйлі (Т.Ә.), қотиын (Қ. Ы.), 
ыпын (Д.Д.), ләуқи, лақса, албаты, мантырау (О.Б.).
Диалектизмдердің енді бірі әлеуеті жағынан жалпыхалықтық 
қолданысқа ені мҥмкіндігі жоғары, мысалы, бодау - ӛтесін, қҧн, тӛлеу, 
қарымта; зуза – мәйітті кӛтеріп апаратын зембіл. 
Мағыналық реңкінде қандай да бір айырмашылық болса, синонимдер 
қатарын толықтыру тіл нормасына сай келмек, ал бір затты екі аймақта екі 
тҥрлі атайтын болса, яғни екі сӛз таза семантикалық дублет болса, онда 
жазушы қолданған диалектизм нормадан ауытқушылық болып есептеледі. 
Мысалы, қҧдандал, тҥнемесі, қолайты (Д. Досжанов), нәжҥйе, қападар (Т. 
Әлімқҧлов), шуап, бәкін-шҥкін, оқсын-оқсын (О. Бӛкей), ауыш, еме-жемге 
келгенде, масығу (Ж.Нәжімеденов.) сӛздерінің мағыналық ауқымы тҥрлі 
сӛздіктерде берілген дублеттерінің семантикасына сәйкес.
Нормадан тыс элементтерді қолданудың қандай да бір себебі болуы 
керек, яғни ауытқу орынды болуы тиіс:
Бр ақын бір ақыннан ақынырақ, 
ӛйткені ол жҥрекке жақынырақ. 
Ел-жҧртқа қалды десек, қалай ҧнап 
Кҥшті ақын кҥрделі де жабайырақ... (Қ. Мырзалиев) 
Қаламгер кейде жаңа сӛз жасайды және оның себебі әр тҥрлі: 
мамырстан, кҥлкі тоқ жолаушы, мҥрдехана, биойнақ (О.Б.), айкезбе (Д.Д.), 
тырыли арық (Ә.Н.), тырақы арық (Д.Д.). 
Фразеологизмдерді қолдануда да уәжді, уәжсіз ӛзгертулер бар: 
Таба болман табыспайтын қасыма,
Біраз қылау қосқанымен шашыма. 
Қанша қайғы, қанша қорлық кӛрсем де, 
Қарағам жоқ бәтеңкемнің басына (Ж. Жақыпбаев). 
Аршалы отау бояуы ӛңге, әрі ӛңге, 
Бай еді ғой жан тербетер әуенге. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет