38
Құрбан болды-ау талай ер...
Ертеңі жоқ – ақыны жоқ халықтың,
Ойланыңдар!» - деген екен дана әйел.
Кейіпкердің авторлық сипаттамасын әкім пікірі толықтырады, яғни ол өз
тұтқындарының болмыс-бітімін тап басып танығанын көрсетеді.
Әкім сөзінің әйелге арналуы оны кейіпкер ретінде даралауға мүмкіндік
береді. Автор әйел бейнесіне арнайы тоқталып, сипаттап жатпайды. Әйелдің
рухы биік, әділдікке сенімі берік, ой-ниеті таза, өзіндік пікірі, ұстанымы бар
жан екенін оның монологі танытады, яғни әйел сөзі жоғарыдағы екі дүниеге
баға, екі көзқарасқа талдау ретінде түсініледі. Әйел сөзіндегі метафора,
теңеулер, лексикалық қайталамалар, сентенция түрлі ассоциацияларға негіз
болып, оқырманның фондық біліміне орай сан алуан параллельдер туғызады.
Ойымызды нақтылай түсетін болсақ, заман – дауылға теңелген,
дауыл сөзі
дәстүрлі поэтикалық қолданыста үлкен өзгерістің белгісі болса, ақын
контексінде әділетсіз, ойсыз, рахымсыз қоғамның бейнесі ретінде байқалады
және бұл мағынаны
«құшағында» сөзі одан сайын күшейте түскен. Әйел
сенімі дерексіз зат есімдер, коннотативті сипаты айқын сын есімдермен
берілген:
әділ күші, дәуір, жар, бауыр.
«Жар» сөзін өлеңнің қатар тұрған екі жолында қайталап қолдану арқылы
қаламгер оған стильдік жүк үстеген, яғни бұл ішкі ырғақ, дыбыс әуезділігі,
буын саны сияқты жанрлық қажеттіліктерді өтейді. Осы орайда әйел сөзінің
көпке қарата айтылуы да жалпылауға қызмет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: