дейін өмірде бір рет, бір де бір, сәл ғана қабақ шытындырып көрмеген
айнымас дос, бар туғаннан да жақын туған, өмір серік жан дос» [78]
болса, шын Ербол Абайға «Кӛңілім қайтты достан да, дҧшпаннан да...»
дегізген жан [79]. Тілдік тҧлғаның танымдық базасында бҧл деректердің
алғашқысы жақсы сақталған, сондықтан ақын қолданысында теңеу ӛлеңге
қосымша мән-мағына ҥстеп, дос жӛнінде жаңа ассоциациялар тудырып,
ақпаратты ҧлғайтып, экспрессияны арттырады. Оқырмандар да теңеуді
тҥсіну ҥшін Абай жолы романын еске тҥсіруге мәжбҥр.
Қиялдардай қызықтар да кӛп алда,
Сынақ туса, сілтеп жібер мені алға.
Саулығыңды сайран салып тойладым
Саған кӛйлек кӛгалда.
Мен бҧл кҥні сҧлу тӛзім сабырмын,
Ақсақтан да асып кеткен әмірмін.
Мерекенің мерекесі басы емес,
Ортасында мамырдың (Ж. Жақыпбаев).
Зерттеушінің өзі де оқырман болғандықтан, көркем шығармадағы
ақпарды беріп тұрған тілдік элементтердің эстетикалық қызметін талдау мен
сол шығарманың идеялық-семантикалық тұтастығын синтездеу арқылы
интерпретация жасайды. Көркем мәтінді қабылдаудың субъективтілігіне
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
81
байланысты бірдей екі интерпретация болуы мүмкін емес, яғни әр адам
көркем шығарманың тек өзі үшін ғана маңызды деп есептеген оқиғасын
немесе ойын ғана өзектендіреді.
Оқырманның көркем мәтінді қабылдап, түсінуі, интерпретациясының
субъективтілігі, әр алуандығы, күрделілігі, маңыздылығы соншалық, қазіргі
психолингвистикада атақты қаламгерлердің көпке белгілі шығармаларын
түрліше
топтастыру
қалыптасқан.
Ол
топтастыру
қысқартылған
(компрессивті) мәтін немесе тиянақталған ойды білдіретін түрлі көлемдегі
микромәтіндерден тұратын «Проективті әдеби тест» нәтижесіне негізделген.
Бұл микромәтіндерде көркем шығарманың басты кейіпкері, оған қатысты
негізгі оқиғалар беріліп, оларды сынаққа қатысушы оқырмандардың қалай
қабылдағаны эмоционалды-психологиялық тұрғыдан жіктеледі. Көркем
мәтіндерде оқырман қандай эмоционалды мағыналық ұйытқы сөздер
жиынтығын,
қандай
лексика-семантикалық
топтағы
сөздерді
өзектілендіретінін, яғни эксперименталды қабылдау нәтижелерін ескеріп,
психолингвистер әдеби туындыларды «көңілді», «ашық немесе жарқын»
(«светлые»), «әдемі», «қоңырқай немесе сұрқай» («темные»), «күрделі»,
«мұңды» деген негізгі топтарға біріктіреді. Мәтіндердің бұлардан басқа
«дағдылы
емес»
(психикалық
ауытқушылықты),
«интенсивті»
(әлеуметтенуге қарсылық), «шаршаңқы» (психикадағы құбылмалылық),
«мағынасыз» (депрессия, эпилепсияға бейімділік) түрлері де болуы мүмкін
деген болжам ұсынады [80:209-215]. Бұл, әрине, талассыз пікір емес, алайда
көркем мәтінді талдағанда оқырманның мәтінді қабылдауын ескеру
қажеттігін дәлелдейді.
Қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік қасиетін танытуда, негізінен, автор
стилистикасын зерттеу басым. Ал, қабылдау стилистикасына жақындау
герменевтикалық әдісті, яғни шығармадағы рухани ойдың сөз арқылы
көрінісін философ Ғ. Есімнің Абай өлеңдеріне жасаған талдауларынан
байқауға болады [81].
Біздің ойымызша, кез келген көркем шығарманы түсініп, талдау,
интерпретациялау автор стилистикасы мен қабылдау стилистикасын
ұштастыруы қажет, өйткені қабылдау стилистикасындағы ұсыну қағидатына
сай келетін стильдік тәсілдер мен көркем шығарманың вербалды құрылымы -
қаламгер жұмысының нәтижесі.
СҰРАҚТАР:
1. Мәтіндегі мағыналық ҧйытқы сӛз
2. Мәтіндегі кірме сӛздер, диалектизмдер, кӛнерген сӛздер, олардың шығарма
тақырыбына, мазмҧнына қатысы
3. Мәтіндегі омонимдік, синонимдік, антонимдік қатарлар, олардың
қолданылу сыры
4. Окказионалды және потенциалды сӛздер
5. Авторлық афоризмдер. Контекстік афоризмдер - сентенциялар
6. Метафора және оның тҥрлері
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
82
7. Концепт термині туралы
8. Метонимияның берілу жолдары
9. Теңеу және оның тҥрлері
ТАПСЫРМАЛАР:
1. Ш. Құдайбердиевтің «Шаруа мен ысырап» өлеңіндегі мағыналық ұйытқы
сөздерді анықтап, олардың ассоциациялық өрісіне кіретін бірліктерді
табыңыз.
2. Ж. Жақыпбаев өлеңдеріндегі кірме сӛздер, диалектизмдер, кӛнерген
сӛздер, терминдердің қызметін нақтылаңыз.
3. Тілші ғалымдардың концепт, концептілік қҧрылымдар, концептосфера
туралы пікірлеріне шолу жасаңыз.
4. Сентенция мен халық афоризмдерінің ортақ белгілері мен
айырмашылықтарын анықтап, қазақ кӛркем мәтіндерінен сентенциялар
жазып келіңіз.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
83
Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы
XX
ғасырдың
60-жылдарының
аяғынан
бастап
мәтін
сөзі
антропоцентристік ғылымдарда ең жиі қолданылатын терминге айналды.
Мәтін кез келген әлеуметтік, лингвомәдени кеңістікте ақпараттық,
коммуникативтік, кумулятивтік, эстетикалық, генерациялық қызмет
атқарады. Соған байланысты мәтіндер функционалды тұрғыда төрт түрге
бөлінеді: ресми, публицистикалық, ғылыми және көркем мәтіндер. Бұл
мәтіндердің әрқайсысының шартты түрде қалыптасқан тілдік, құрылымдық-
семантикалық ерекшеліктері бар.
Қазіргі ғылыми айналымда мәтін терминінің 300-дей дефинициясы
болса да, оның ғалым-зерттеушілер ұстанған бірыңғай анықтамасы жоқ. Ол
осы сөзді түрліше түсінуден, ұстанған зерттеу методологиясынан туындап
отыр. Түзілу заңдылықтары, типологиялық ерекшеліктері, вербалды-
құрылымдық айырмашылықтары мен нормалары тұрғысынан мәтіннің
қандай түрі болса да, ғалымдар қызығушылығын тудырғанмен, көркем
мәтіндер айрықша назар аудартады. Көркем мәтінді зерттеуші ғалымдар
оның
негізгі
санаттары
ретінде
концептуалдылықты,
мағыналық
байланыстылықты,
ақпараттылықты,
біртұтастықты,
бірігушілікті,
бөлшектенушілікті, континуум мен дисконтинуумды, интегративтілікті,
аяқталғандықты, интертекстуалдылықты атайды. Бұлардың кейбірі міндетті,
кейбірі факультативті болуы мүмкін және оларды формалды немесе
мазмұндық деп ара жігін ажыратып, бөлек-бөлек сипаттаудың қисыны жоқ,
себебі олар бір-бірімен тығыз бірлікте, байланыста.
Көркем мәтін - түрлі эксплицитті және имплицитті санаттар арқылы
түзілетін күрделі семантикалы коммуникативті-прагматикалық жүйе. Мәтін
санаттары бірімен бірі лексикалық, логикалық, грамматикалық, синтаксистік
байланыста келіп, мәтіннің біртұтас мағынасын қамтамасыз етіп, оның
тиянақталған бітімін танытады. Көркем мәтіндегі мазмұндық-нақты ақпар
бір тақырыптық өріске қатысты сөздермен түзіліп, мағыналық ұйытқы
сөздер парадигматикасы және синтагматикасы арқылы вербалданады. Оның
вербалды құрылымында лингвистикалық горизонтал контекспен қатар
вертикал контекст те көрінеді. Олардың өзара әрекеттесуі, диалогке түсуі
арқылы көркем мәтіннің мазмұндық-концептуалды, мазмұндық-астарлы
ақпары қалыптасады.
Көркем мәтінді талдау, түсіну, қабылдау автор интенциясына және
оқырмандардың мәтінді қабылдауына байланысты. Сондықтан көркем
мәтінді стилистикалық талдау автор және оқырман тұлғасына қатысты
қарастырылуы тиіс. Автор стилистикасын көбіне дәстүрлі стилистика
зерттесе, оқырман стилистикасын қабылдау стилистикасы деуге болады.
Қабылдау стилистикасын негіздеушілердің қатарында Л.В. Щербаны, М.
Риффатерді, Ю.С. Степановты, И.В. Арнольдті атау керек.
Оқырман үшін көркем мәтіндегі ұсыну қағидатының үлкен маңызы бар.
Бұл қағидат бойынша көркем шығармадағы негізгі, маңызды ақпарды
өзектендіретін арнайы тәсілдер болады, олар тіл жүйесінің барлық
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
84
деңгейлеріндегі бірліктермен көріне алады. Ұсыну қағидатының типтері
ретінде конвергенция, контраст, қайталама, бірігу, алдамшы сенім әсерін,
мәтіннің күшті позицияларын қарастырған жөн. Белгілі бір көркем
шығармада олардың әрқайсысы жеке-жеке де, конвергенциямен де
қолданылуы мүмкін.
Ұсыну қызметін атқаратын құралдардың бірі ретінде көркем мәтіндегі
түрлі келтірінді құрылымдарды атауға болады. Мұндай келтірінді
құрылымдар оқырман оқып отырған мәтінге басқа функционалды және
семиотикалық жүйе мәтіндерін, әлеуметтік-саяси, тарихи-мәдени деректерді
еске салатын, олармен ассоциация тудыруға мүмкіндік жасайтын бір белгіні
өзектендіретін үзінді, фрагмент түрінде енгізіледі. Олар өздері кіргізіліп
отырған мәтінде ойды дамыту, бағалау, айшықтау т.б. қызметтер атқарып,
екі мәтін семантикасын қатар алу, қарсы қою, салыстыру нәтижесінде
оқырман ойында барынша толық, жан-жақты, әсерлі ақпар қалыптастырады.
Алғашында
цитацияны
жиі
қолданатын
модернизм
және
постмодернизм бағытындағы көркем әдебиет өкілдерінің шығармалары
арқылы қарастырыла бастаған интертекстуалды байланыстар барлық
бағыттағы туындыларда кездеседі. Әлемдік мәдени үдерістің бір саласы
ретінде қазақ әдебиетінде де постмодернизмнің жекелеген элементтері
байқалғанмен, цитациямен жазу толық орныға қойған жоқ. Алайда қазақ
қаламгерлерінің
туындыларында
цитация
қағидатымен
енгізіліп,
мәтінаралық байланыстарды көрсететін келтірінді құрылымдар кездесетіні
және олардың назардан тыс қалып келе жатқаны ақиқат. Сондықтан мұндай
мәтінаралық
байланыстарды
көрсететін
құрылымдардың
тілдік
репрезентациясы, олардың көркем мәтін семантикасына ықпалы, қызметі
лингвистер тарапынан қарастырылуы заңды әрі қызықты деген ойдамыз.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
85
ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ:
1. Мәтіннің коммуникативтік ҥдеріс ретінде қарастырыла бастауы:
A) осы ғасырдың басында
B) ХХ ғасырдың 50-60 жылдары
C) ӛткен ғасырдың 20-30 жылдары
D) ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бері
E) ӛткен ғасырдың 30-40 жылдарынан бері
F) ХХ ғасырдың 70 жылдарының ортасынан бері
2. Қабылдау стилистикасының мына мәтінде қолданылған ҧсыну қағидаты:
Достарыңызбен бөлісу: |