ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Химия және химиялық технология факультеті
СӨЖ
Тақырыбы: Қала мен ауылдағы отбасының әлеуметтік мәртебесінің
Баланың әлеуметтену үрдісіне әсері
Оқытушы: Авсыдыкова Құралай
Студент: Бұхарқожа Алина
Мамандығы: Фармацевтикалық өндіріс технологиясы
Қала мен ауылдағы отбасының әлеуметтік мәртебесінің
баланың әлеуметтену үрдісіне әсері
Отбасы - белгілі бір әлеуметтік нормалар, санкциялар, мінез-құлық, ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастарды реттеушілікпен сипатталатын әлеуметтік институт болып табылады.Сонымен қатар отбасы - некеге немесе қаны бір туыстыққа негізделген, ал оның мүшелері тұрмыстың ортақтығымен, өзара жауапкершілікпен және өзара көмек көрсетумен байланысқан шағын топ. Неке отбасындағы қатынастарды қалыптастырушы болып саналады.Некенің маңызды принциптері бар. Олардың қатарына жар таңдау еркіндігі, сұйіспеншілік , өзара сыйластық жатады. Ал оның негiзгi белгiлерi:
а) некелiк немесе оның барлық мүшелерiнiң қандық туыстық байланысы;
б) бiр жердегi бiрге өмiр сүруi;
в) ортақ отбасылық бюджет (қазына).
Бұл жерде заңдық жақтары мiндеттi емес. Басқа да белгiлерi нақты емес: бiрге өмiр сүру қашанға дейiн созылады бiр апта әйтпесе бiрнеше жыл; бұкiл отбасы бюджетiнiң қанша бөлiгiне әрбiр мүше кiредi т.б. Мұндай белгiлер объективтiлеу боп көрiнер едi.Ұлгiлi отбасы-адамның бақытының маңызды, жақсы бiр бөлiгi. Қоғам сондай мықты, жақсы отбасыға назар аударады. Отбасының құрылуы, некеге тұруы заңмен реттелсе де жетекшi рол атқаратын мораль (адамгершiлiк). Мынаны атап айту керек, некенiң көптеген жақтары оған отыратын адамдардың арымен бақыланады. Ойланып, ақылменен отырған неке-сәттi, жақсы болады, ал ойланбай отырған неке-елiктiргiш болады.Неке-бұл тарихи келiсiлген, қоғамдық рұқсат етiлген және реттелген әйел мен еркек арасындағы қатынастар, олардың құқығын бiр-бiрiне мiндетiн, балаларына, өз ұрпақтарына, ата-аналарына қатынастарын орнатады. Басқаша айтсақ, неке-ол отбасының дәстұрлi құрылу құралы, оны қоғамдық бақылау қоғамның өзiн өзi сақтауы мен дамуының бiрден бiр қаруы, жолы.Адамгершiлiкпен некеге тұру реттелiп отырса, айырылысу яғни ажырасу да адамгершiлiкпен жұргiзiледi. Егер ерлi-зайыптылар арасындағы сыйластық, достық, татулық, сұйiспеншiлiк жойылса, отбасы емес, онда некенiңбұзылуы адамгершiлiк боп есептеледi.Отбасы көптеген қоғамдық ғылымдардың: әлеуметтанудың, құқықтанудың, этнографияның психологияның, демографияның зерттеу обьектісі болып саналады.Отбасы әлеуметтануы екі бағытта дамып келеді. Оның бірінші бағыты бойынша отбасының тарихы зерттеледі, екінші бағыт әлеуметтік институт ретіндегі қазіргі отбасының қалпын және шағын әлеуметтік топ ретіндегі жағдайын зерттейді .Әлеуметтану отбасының функцияларына, отбасы саласындағы келеңсіз құбылыстарға (ажырасу санының артуы, жалғыз бастылардың санының өсуі) талдау жасауға да үлкен көңіл аударады.Отбасының локалдануы - бұл тек туыстық қарым-қатынастармен шектеліп қалмай туыстардың бірлесе өмір сүретіндігін де мойындайды, сондықтан олардың тұрмысында ортақ элементтердің болуы, отбасымүшелерінің экономикалық өзара көмек көрсетуі ұнемі ұшырасып тұрады.Отбасының құрылымы - бұл оның негізгі элементтерінің тұтастығын қамтамасыз ету тәсілі болып саналады.
Әрбір адамның жетіліп дамуында отбасы маңызды рөл ойнайды. Сондықтан, қоғамның кезеңінде болмасын отбасы тәрбиесін ұйымдастыру мәселелері ең өзекті мәселе ретінде көптеген ойшылдармен ғылымдарды ойландырып келген. Зерттеуші отбасын әлеуметтік тұрғыдан зерттеу кезінде, ең алдымен, отбасындағы адамдарды тәртіп үлгілеріне, ондағы адамдардың атқаратын қызметіне, рөліне баса назар аударады. Осыған сәйкес отбасының қалыптасуы, ондағы ережелердің, жыныстық тәртіптің, болашақ ерлі-зайыптылар өздерінің туыстарымен қатынасының жиынтығы ретінде қаралады.
Бала тәрбиесіндегі отбасы рөлін әлемге әйгілі шығыс ғұламасы Әл-Фарабидің сөзімен айтатын болсақ: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келекшекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген. Осыған байланысты балаға тәрбие беруде отбасының орны бөлек. Ата-ана бала тәрбиесінде басты тұлға және еліктеп үлгі тұтатын тас қамал болып табылады. Сол себепті әке де, шеше де, балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата – аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады, бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздармен үй шаруасында жүріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Сондықтан бала алдында әке-шешенің үй ішінің үлкендердің әдептілік танытқаны жөн. Ауыл – тәрбие бесігі біз әдетте «ауыл – тәрбие бесігі» дегенді жиі айтамыз, бұл рас. Қазақтың дүниетанымында «ауыл» ұғымының берік орын алғаны да сондықтан. Бірақ қалалық мәдениеттің дамып, өркендеуімен ауылға деген көзқарас өзгеріп кетке де жасырын емес. Мысалы, ауыл десек жабайылық, артта қалушылық, бәсекеге қабілетсіздік, тағысын тағы түсініктер қатар жүретін болар. Ауылдан келген адамға деген қарым-қатынас та осы тұрғыдан қалыптасқан. Егер ойды осы арнада тарқатып, қозғар болсақ, бұл мәселені бір жақты бағалау болар еді.
Достарыңызбен бөлісу: |